operation manual

Table Of Contents
Сақтау
Арнаны ағымдағы арна нөміріне немесе жаңа арна нөмірі
етіп сақтауға болады.
Сақтау параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз. Жаңа
арна нөмірі қысқаша түрде көрсетіледі.
Қол жетімді аналогтық телеарналардың барлығын
тапқанша осы қадамдарды қайталай беруге болады.
Спутник (қолжетімді болса)
Жерсеріктерді орнату туралы
4 жерсерікке дейін
Бұл теледидарға 4 жерсерікке (4 LNB) дейін орнатуға
болады. Орнатудың басында орнатқыңыз келетін
жерсеріктердің нақты санын таңдаңыз. Бұл орнатуды
жылдамдатады.
Жерсерік, Бір кабель
Антенна тарелкасын теледидарға жалғау үшін бір кабель
жүйесін пайдалануға болады. Орнатуды бастаған кезде 1
немесе 2 жерсерік үшін бір кабель жүйесін таңдауға
болады.
MDU - Multi-Dwelling-Unit
Ендірілген жерсерік қабылдағыштары Astra
жерсеріктерінде MDU үшін, ал Eutelsat жерсерігінде
Digiturk жүйесі үшін қолдау көрсетеді. Türksat жерсерігінде
MDU үшін қолдау көрсетілмейді.
Орнатуды бастау
Арналарды жаңарту
(Басты бет) > Параметрлер > Спутникті
орнату > Жерсерік іздеу > Арналарды жаңарту
Арналарды жаңартуды қолмен бастауға болады, жаңа
арналар қосылып, қолжетімсіз арналар жойылады.
Қажет болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
Арналарды қайта орнату
(Басты бет) > Параметрлер > Спутникті
орнату > Жерсерік іздеу > Арналарды қайта орнату
Спутниктер мен арналарды қайтадан қолмен іздеуге
болады.
1. Қайта орнату үшін қажетті опцияны таңдаңыз.
2. Арналарды жаңарту үшін Параметрлер опциясын
немесе Бастау опциясын таңдаңыз.
Параметрлер мәзірі
Қайта орнату үшін Reset (Қайта орнату) немесе
баптауды аяқтағаннан кейін Done (Дайын) түймесін
басыңыз.
- Байланыс түрі
Орнатқыңыз келетін жерсерік санын таңдаңыз. Теледидар
тиісті байланыс түрін автоматты түрде орнатады.
4 жерсерікке дейін - осы теледидарда 4 жерсерікке
дейін (4 LNB) орнатуға болады. Орнатудың басында
орнатқыңыз келетін жерсеріктердің нақты санын
таңдаңыз. Бұл орнатуды жылдамдатады.
Unicable - антенна тарелкасын теледидарға қосу үшін
Unicable жүйесін пайдалануға болады. Орнатуды бастаған
кезде 1 немесе 2 жерсерік үшін бір кабель жүйесін
таңдауға болады.
- LNB параметрлері
Кейбір елдерде бастапқы транспондер мен әрбір LNB
параметрлерін реттеуге болады. Қалыпты орнату сәтсіз
болған кезде, осы параметрлерді ғана пайдаланыңыз
немесе өзгертіңіз. Егер стандартты емес жерсерік жабдық
болса, стандартты параметрлерді қабылдамау үшін осы
параметрлерді пайдалануға болады. Кейбір провайдерлер
осында енгізуге болатын кейбір транспондерді немесе LNB
мәндерін беруі мүмкін.
• ТШБ қуаты - әдепкі, ТШБ қуаты Қосу мәніне қойылған.
• 22 кГц үн - әдепкі, үн Авто мәніне қойылған.
• Төмен LO жиілігі / Жоғары LO жиілігі - Жергілікті
осциллятор жиіліктері стандартты мәндерге қойылған.
Басқа мәндерді қажет ететін ерекше жабдықты
пайдаланған жағдайда ғана мәндерді реттеңіз.
Қажет болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
Жерсерік қосу немесе жерсерікті жою
(Басты бет) > Параметрлер > Спутникті
орнату > Жерсерік іздеу > Спутник қосу немесе Спутникті
алып тастау
(Басты бет) > Параметрлер > Спутникті
орнату > Жерсерік іздеу > Спутник қосу
• Ағымдағы жерсерік орнатуына қосымша жерсерікті
қосуға болады. Орнатылған жерсеріктер мен олардың
арналары сол күйінде қалады. Кейбір операторлар
жерсерік қосуға рұқсат етпейді.
• Қосымша жерсерік қосымша ретінде көрінуі керек, ол
сіздің негізгі жерсерік жазылымыңыз немесе арна бумасы
пайдаланылатын негізгі жерсерік болып табылмайды.
Әдетте, 3 жерсерік орнатылып қойғанда, 4-жерсерікті
қосар едіңіз. 4 жерсерік орнатылып қойған болса, жаңа
жерсерік қоса алу үшін алдымен біреуін жоюды
ұйғаруыңыз мүмкін.
• Қазір тек 1 немесе 2 жерсерік орнатылған болса,
ағымдағы орнату параметрлері қосымша жерсерік қосуға
рұқсат етпеуі мүмкін. Орнату параметрлерін өзгертуіңіз
керек болса, толық жерсерік орнатуын қайта орындауыңыз
керек. Параметрлерді өзгерту қажет болса, Add satellite
(Спутник қосу) параметрін пайдалану мүмкін емес.
29