operation manual

Table Of Contents
мүшесінің ішіне енгізілді деп күдіктенсеңіз, шұғыл түрде
медициналық көмекке жүгініңіз.
• Егер батарея дұрыс емес түрге ауыстырылса, өрт немесе
жарылыс қаупі орын алады.
• Батареяны дұрыс емес түрімен ауыстыру (мысалы, кейбір
литий батарея түрлерінің жағдайында) қауіпсіздікті бұзуы
мүмкін.
• Батареяны отқа немесе ыстық пешке тастау немесе
батареяны механикалық түрде ұсақтау немесе кесу
жарылысқа әкелуі мүмкін.
• Батареяны өте жоғары температуралы қоршаған ортада
қалдыру жарылысқа немесе жанғыш сұйықтықтың не
газдың ағуына әкелуі мүмкін.
• Батареяның өте төмен ауа қысымына ұшырауы
жарылысқа немесе жанғыш сұйықтықтың не газдың
ағуына әкелуі мүмкін.
Қатты қызып кету қаупі бар
Теледидарды тар жерге орнатуға болмайды.
Теледидардың айналасынан ауа алмасуы үшін кем
дегенде 20 см немесе 8 дюйм бос орын қалдырыңыз.
Перде немесе басқа заттардың теледидардағы ауа алмасу
тесіктерін жауып қалмауын қадағалаңыз.
Найзағай
Найзағай болардың алдында теледидарды қуат көзі мен
антеннадан ажыратып тастаңыз.
Найзағай кезінде теледидардың ешқандай бөлігіне, ток
сымына немесе антенна сымына тиіспеңіз.
Есту қабілетін зақымдау қаупі бар
Құлақаспапты жоғары дауыс деңгейінде немесе ұзақ уақыт
пайдаланудан сақтаныңыз.
Төмен температура
Егер теледидар 5 °C немесе 41 °F мәнінен төмен
температурада тасымалданса, теледидарды қуат көзіне
жалғамастан бұрын, оны қорабынан шығарып алып,
теледидардың температурасы бөлме температурасымен
сәйкес келгенше күтіңіз.
Дымқылдық
Сирек жағдайларда температура мен ылғалдылыққа
байланысты теледидардың алдыңғы әйнегінің (кейбір
үлгілерде) ішкі жағында аздап конденсат жиналуы мүмкін.
Бұған жол бермеу үшін теледидарды күн сәулесі тік
түсетін, температурасы жоғары немесе ылғалды жерде
сақтамаңыз. Жиналған конденсат теледидар бірнеше сағат
бойы істегенде өздігінен жоғалып кетеді.
Конденсацияланған ылғал теледидарға зиян келтірмейді
немесе дұрыс жұмыс істемеуді тудырмайды.
15.2
Экран күтімі
• Ешқашан экранды ұстамаңыз, итермеңіз, ысқыламаңыз
немесе кез келген нәрсемен ұрмаңыз.
• Тазалау алдында теледидардың сымын ажыратыңыз.
• Теледидар мен жақтауды жұмсақ әрі дымқыл
шүберекпен ақырын сүртіңіз. Теледидарға спирт,
химиялық заттар немесе тұрмыстық тазартқыш заттарды
қолданушы болмаңыз.
• Пішінінің бұзылуын және түсінің оңуын болдырмау үшін,
мүмкіндігінше су тамшыларын тез сүртіп алып тұрыңыз.
• Мүмкіндігінше қозғалыссыз кескіндерді көп
тұрғызбаңыз. Қозғалыссыз кескіндер дегеніміз - экранда
көп уақыт бойы тұратын кескіндер. Қозғалыссыз
кескіндерге экран мәзірлері, қара жолақтар, уақыт
дисплейлері, т.б. жатады. Егер қозғалыссыз кескіндерді
пайдалану керек болса, экран зақымданбау үшін экран
контрасты мен жарықтығын азайтыңыз.
15.3
Пайдалану шарттары
2022 © TP Vision Europe B.V. Барлық құқықтары қорғалған.
Бұл өнімді TP Vision Europe B.V. немесе оның
аффилиирленген тұлғаларының біреуі (әрі қарай TP Vision
деп аталады) нарыққа шығарған, мұндағы TP Vision — өнім
өндіруші. TP Vision — осы кітапша бірге оралған
теледидарға қатысты кепілдік беруші. Philips және Philips
қалқан эмблемасы — Koninklijke Philips N.V.
компаниясының тіркелген сауда белгілері.
Техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Сауда белгілері Koninklijke Philips N.V компаниясының
немесе олардың тиісті иелерінің меншігі болып табылады.
TP Vision компаниясы бұрын берілген жабдықтарды
тиісінше реттеуді міндетіне алмай, өнімдерді кез келген
уақытта өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Теледидармен бірге берілген жазбаша материал және
теледидардың жадына сақталған немесе Philips
www.philips.com/TVsupport веб-сайтынан жүктелген
нұсқаулық жүйенің мақсатты пайдаланылуына сай деп
есептеледі.
Осы нұсқаулықтағы материал жүйені мақсатты
пайдалануға сай деп есептеледі. Егер өнім не оның
жекелеген модульдері немесе процедуралары осында
көрсетілгеннен басқа мақсаттарға пайдаланылса, олардың
жарамдылығы мен сәйкестігі расталуы керек. TP Vision
материалдың өзі Америка Құрама Штаттарының ешбір
патенттерін бұзбайтынына кепілдік береді. Ешбір қосымша
тікелей немесе жанама кепілдік берілмейді. TP Vision осы
құжат мазмұнындағы ешбір қателерге не осы құжаттағы
63