operation manual

KK 10
Электр есеңгіреуі немесе ӛрт қауіпі!
Теледидарды жаңбырға немесе суға
шығармаңыз. Теледидардың жанына ваза
сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды
қоймаңыз. Егер сұйықтық теледидардың
үстіне немесе ішіне тӛгілсе, теледидарды
қуат кӛзінен бірден ажыратыңыз.
Теледидарды пайдаланбастан бұрын оны
тексеріп алу үшін Philips Тұтынушыларға
Қызмет Кӛрсету Орталығына
хабарласыңыз.
Ешқашан теледидардың желдеткіш
тесіктеріне немесе басқа ашық
жерлеріне заттар салмаңыз.
Теледидар топсаға орнатылғанда,
қуат сымына күш түсіп тұрмағанына
кӛз жеткізіңіз. Тоқ сымындағы
дәнектер байланысты нашарлатуы
және күюіне себеп болуы мүмкін.
Ешқашан теледидарды, қашықтан
басқару пультін немесе батареяларды
жалаңаш жалынның немесе басқа
қызу кӛздерінің жанына, оның ішінде
тікелей күн шуағына қоймаңыз.
Ӛрттің жайылып кетуіне жол бермеу
үшін шырағданды немесе басқа
жалынды теледидардан, қашықтан
басқару пультінен және
батареялардан барлық уақытта алыс
ұстаңыз.
Қысқа жүйе немесе ӛрт қауіпі!
Қашықтан бақылау немесе
батареяларды жаңбырға, суға немесе
тым кӛп қызулы жерлерге
шығармаңыз.
Қуат розеткасына қатты күш
салмаңыз. Бос тағылған қуат
розеткасы күюге немесе ӛртке себеп
болуы мүмкін.
Телевизорға зақым келу қауіпі!
Салмағы 25 кг (55 фунт) артық
телевизорды кӛтеру үшін екі адам
қажет.
Теледидарды тіреуіне орнатқан
кезде тек жинақтағы тіреуді
пайдаланыңыз. Теледидарға тіреуді
қауіпсіз етіп орнатыңыз. Теледидар
мен тіреудің салмағын біркелкі ұстап
тұра алатын тегіс, жазық жерге
теледидарды орналастырыңыз.
Теледидарды қабырғаға орнатқан
кезде теледидардың салмағын ұстап
тұра алатын қабырға тіреуін ғана
пайдаланыңыз. Қабырға тіреуін
теледидар мен қабырға тіреуінің
салмағын біркелкі ұстап тұра алатын
қабырғаға орнатыңыз. Koninklijke
Philips Electronics N.V. қабырғаға
дұрыс орнатылмау салдарынан
апатқа, адамның жарақаттануына
немесе зақымдануға жауапкершілік
артпайды.
Теледидарды ток кӛзіне қосардың
алдында, электр кернеуінің теледидар
артындағы мәнге сәйкес келетініне
кӛз жеткізіңіз. Егер кернеу басқа
болса, теледидарды ешқашан ток
кӛзіне қоспаңыз.
Балалардың жарақаттану қаупі бар!
Теледидардың балалар үстіне құлап,
олардың жарақаттануына жол бермеу үшін
мына сақтандыру шараларын орындаңыз:
Ешқашан теледидарды сырғанап
тұрмайтын жапқыш немесе басқа
материал жабылған жерге қоймаңыз.
Теледидардың ешқандай бӛлігі
орнатқан жердің шетінен шығып
тұрмағанына кӛз жеткізіңіз.
Ешқашан теледидарды ұзын жиһазға,
кітап шкафы сияқты қабырғаға жиһаз
бен теледидарды бекітпей немесе
қолайлы демеусіз орналастырмаңыз.
Теледидарға жету үшін жиһазға
мінуден қауіп-қатерлер болатыны
туралы балаларды хабардар етіңіз.