operation manual

KK 24
Зерделі сурет параметрлерін
пайдалану
NonPublish
Жиі пайдаланылатын бейне
параметрлеріне ӛту үшін [Зерделі сурет]
жолақ мәзірін пайдаланыңыз.
1. Теледидар кӛріп отырғанда,
түймесін басыңыз.
2. [Зерделі сурет] параметрін, одан кейін
келесі параметрлердің біреуін таңдаңыз:
[Реттеу]: [Жеке] ішіндегі [Сурет]
мәзірлерінде орнатылған
теледидарды жеке параметрлерге
орнатады.
[Жанды]: күндіз пайдалануға қолайлы
толыққанды әрі динамикалық
параметрлер.
[Табиғи]: табиғи бейне параметрі.
[Кино]: фильм кӛруге қолайлы
параметрлер.
[Ойын]: ойын ойнауға қолайлы
параметрлер.
[Қуат үнемдеу]: қуатты жақсы
үнемдейтін параметрлер.
[Стандартты]: кӛптеген бейне
орталары мен түрлеріне сәйкес
болатындай бейне параметрлерін
реттейді. Зауыттың әдепкі
параметрлері.
[Фотосурет]: фотосуреттерді кӛруге
қолайлы параметрлер.
[Пайдаланушы орнатқан]: жеке
бейне параметрлерін ӛзгертіп,
сақтауға мүмкіндік береді.
3. Таңдауыңызды растау үшін, OK
түймесін басыңыз.
4. Шығу үшін, түймесін басыңыз.
Зерделі дыбыс параметрлерін
пайдалану
NonPublish
Жиі пайдаланылатын дыбыс
параметрлеріне ӛту үшін [Зерделі дыбыс]
жолақ мәзірін пайдаланыңыз.
1. Теледидар кӛріп отырғанда,
түймесін басыңыз.
2. [Зерделі дыбыс] параметрін, одан кейін
келесі параметрлердің біреуін таңдаңыз:
[Реттеу]: [Жеке] ішіндегі [Дыбыс]
мәзірлерінде орнатылған
теледидарды жеке параметрлерге
орнатады.
[Стандартты]: кӛптеген дыбыс
орталары мен түрлеріне сәйкес
болатындай дыбыс параметрлерін
реттейді.
[Жаңалықтар]: жаңалықтар сияқты
сӛз дыбысына сәйкес келетін дыбыс
параметрлерін қолданады.
[Кино]: фильмге сәйкес келетін
дыбыс параметрлерін қолданады.
[Ойын]: ойын ойнауға қолайлы
параметрлер.
[Драма]: драмалық фильмге сәйкес
келетін дыбыс параметрлерін
қолданады.
[Спорт]: спорттық бағдарламаларға
сәйкес келетін дыбыс параметрлерін
қолданады.
3. Таңдауыңызды растау үшін, OK
түймесін басыңыз.
4. Шығу үшін, түймесін басыңыз.
Сурет форматын ӛзгерту
NonPublish
Суреттің пішімін кӛруге ыңғайлы болатын
етіп ӛзгертіңіз.
1. түймесін басыңыз.
2. Суреттің пішімін таңдап, оны растау
үшін OK түймесін басыңыз.
Ескертпе: сурет пішімдеріне жолақ мәзірі
және [Реттеу] мәзірі арқылы ӛтуге
болады.
Тӛмендегі сурет форматтарын таңдауға
болады.
[Автотолтыру]: Экранды толтыру
үшін, суретті автоматты түрде
үлкейтеді. Сурет ӛте аз мӛлшерде
бұрмаланады, субтитрлер кӛрінеді.
Компьютер кірісіне сай емес.
[Автомасштабтау]: Бұрмалаусыз
суретті экранды мүмкіндігінше
толтыратын етіп автоматты түрде
масштабтайды. Қара жолақтар кӛрінуі
мүмкін. Компьютер кірісіне сай емес.