operation manual

KK 59
Қазақ
EasyLink мүмкіндіктері
NonPublish
Philips EasyLink қосылған уақытта келесі
мүмкіндіктер қолжетімді болады:
бір-рет тиіп ойнату
HDMI-CEC үйлесімді құрылғыдан мазмұн
ойнатылғанда теледидар күту режимінен
қосылып, тиісті кӛзге ауысады.
бір-рет тию күту калпына келтіру
Теледидарды HDMI-CEC үйлесімді
құрылғыға жалғағанда қашықтан басқару
пультіндегі түймесін басу теледидар
мен жалғанған бүкіл HDMI құрылғыларын
күту режиміне ӛткізеді.
Жүйенің дыбысын басқару
Теледидарды, мысалы, HDMI-CEC
үйлесімді үй кинотеатры жүйесіне (HTS)
жалғағанда теледидар динамиктері
автоматты түрде ӛшіп, теледидар дыбысы
HTS арқылы ойнатылады.
Жүйенің дыбыс басқаруы және теледидар
динамиктерінің басқа конфигурациялары
туралы қосымша ақпаратты Connect the
TV > Use Philips EasyLink > TV speakers
(Бет 60) («Теледидарды жалғау > Philips
EasyLink пайдалану > Теледидар
динамиктері») бӛлімінен қараңыз.
EasyLink қашықтан басқару пульті
EasyLink қашықтан басқару пульті
HDMI-CEC үйлесімді құрылғыларды
теледидардың қашықтан басқару пульті
арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
EasyLink қашықтан басқару пультін іске
қосу үшін Connect the TV > Use Philips
EasyLink > Enable or disable EasyLink
Remote Control (Бет 60) («Теледидарды
жалғау > Philips EasyLink пайдалану >
EasyLink қашықтан басқару пультін қосу
немесе ӛшіру») бӛлімін қараңыз.
Pixel Plus Link
Жалғанған Philips EasyLink құрылғылары
теледидарға жеткізбес бұрын бейне
сапасын ӛңдейді. Бұл теледидардың
суретті ӛңдеу жұмысына кедергі жасауы
мүмкін. Жалғанған Philips EasyLink
құрылғыларынан бейне сапасының ӛңдеуін
қабылдамау үшін, Pixel Plus Link мүмкіндігін
қосыңыз.
Pixel Plus Link мүмкіндігін қосу
1. түймесін басыңыз.
2. [Реттеу] > [Теледидар параметрлері] >
[EasyLink] > [Пиксел + байланыс] >
[Қосулы] параметрлерін таңдаңыз.
3. Іске қосу үшін, OK түймесін басыңыз.
Автоматты субтитр ауысуы
Автоматты субтитр ауысуы Philips EasyLink
үйлесімді үй кинотеатрлары жүйесінен
субтитрлерді теледидардағы бейне суреті
үстінен кӛрсетеді. Экранның тӛменгі
жағында бӛлек субтитр жолағын
жасамастан, бейне осылай теледидар
дисплейінің бүкіл бетіне созылады.
Автоматты субтитр ауысуын қосу
1. түймесін басыңыз.
2. [Реттеу] > [Теледидар параметрлері] >
[EasyLink] > [Авто субтитрлерді
ауыстыру] параметрлерін таңдаңыз.
3. [Қосулы] параметрін таңдап, одан кейін
қосу үшін, OK түймесін басыңыз.
«Тек дыбыс» режимі
Теледидар күту режимінде болғанда «Тек
дыбыс» режимі жалғанған Philips EasyLink
құрылғысынан дыбысты теледидар
динамиктері арқылы ойнатуға мүмкіндік
береді.
Жалғанған Philips EasyLink құрылғысынан
дыбыс сигналдарын қабылдау үшін,
түймесін басыңыз.
Егер бар болса, тек дыбыс режимі
қосылады.
Тек дыбыс режимін қосу үшін,
теледидардағы сұрауды қабылдаңыз.
Дыбыстың ойнатылуын қашықтан
басқару құралымен басқарыңыз.