operation manual

KK 63
Қазақ
6 Ақаулықтарды
жою
Бізбен байланысыңыз
Бұл мәселе шешілмесе,
www.philips.com/support торабынан осы
теледидарға арналған жиі қойылатын
сұрақтарды қараңыз.
Мәселе шешілмесе, құрылғымен бірге
берілген кітапшада кӛрсетілгендей,
еліңіздегі Philips компаниясының
тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Philips компаниясына хабарласпас бұрын,
теледидардың моделі мен сериялық
нӛмірін жазып алыңыз. Бұл нӛмірлер
теледидар арт жағында және орауыш
үстінде басып шығарылған.
Ескерту: теледидарды ӛз бетімен
жӛндеуге болмайды. Оның салдарынан
ауыр жарақат салуы, теледидарға
жӛнделмейтін зақым келтіруі немесе
кепілдікті жарамсыз етуі мүмкін.
Теледидардың негізгі
ақаулары
Теледидар қосылмайды:
Электр бауын ток кӛзінен
ажыратыңыз. Бір минут күтіп, оны
қайта жалғаңыз.
Электр бауының дұрыс
қосылған-қосылмағанын тексеріңіз.
Теледидардың астыңғы/артқы
жағында орналасқан қуат қосқышы
қосылғанын тексеріңіз.
Теледидар қосылған кезде қашықтан
басқару пультіне немесе жанғы басқару
жүйесіне жауап бермейді
Қосылу үшін теледидарға біраз уақыт
қажет болады. Осы уақытта теледидар
қашықтан басқару пультіне немесе жанғы
басқару жүйесіне жауап бермейді. Бұл
қалыпты жағдайды білдіреді.
Теледидар күту режимінің шамы қызыл
болып жыпылықтайды:
Электр бауын ток кӛзінен ажыратыңыз.
Электр бауын қайта қосудың алдында
теледидардың салқындауын күтіңіз. Егер
қайта жыпылықтаса, Philips тұтынушыларға
техникалық қызмет кӛрсету орталығына
хабарласыңыз.
Балалардан қорғау құлпын ашатын кодты
ұмытып қалдыңыз
«8888» кодын енгізіңіз.
Теледидар мәзірі басқа тілде.
Теледидар мәзірін ұйғарған тілге
ӛзгертіңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін ТД орнату >
Тіл параметрлерін ӛзгерту > Мәзір тілі
(ақылдасу "Мәзір тілі" бет 40) бӛлімін
қараңыз.
Теледидар қосылғанда/ӛшірілгенде/күту
режиміне шыққанда, сіз теледидар
корпусынан сықырланған дыбысты
естисіз:
Ешқандай әрекет қажет етілмейді.
Теледидар салқындағанда және
жылығанда, сықырлаған дыбыс оның
кӛлемінің үлкеюін және кішіреюін
білдіреді. Бұл оның жұмысына әсер
етпейді.
Теледидар күту режимінде болғанда іске
қосылу экраны кӛрсетіліп, күту режиміне
қайтады.
Бұл қалыпты жағдайды білдіреді.
Теледидар электр кӛзінен ажыратылып
қайта қосылғанда, қосылу экраны шығады.
Күту режимінен теледидарға қосылу үшін,
қашықтан басқару құралындағы
түймесін басыңыз немесе теледидардың
бүйіріндегі кез келген пернені басыңыз.
Теледидар арналарына
қатысты мәселелер
Орнатылып қойған арналар арналар
тізімінен кӛрінбейді:
Дұрыс арналар тізімінің
таңдалған-таңдалмағанын тексеріңіз.