operation manual

KK 7
Қазақ
Қуат розеткасына қатты күш
салмаңыз. Қуат розеткасының қуат
көзіне толық қосылғанын тексеріңіз.
Бос тағылған қуат розеткасы күюге
немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Теледидар айналмалы етіп
орнатылғанда, электр шнурының
тартылып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Тоқ сымындағы дәнектер байланысты
нашарлатуы және күюіне себеп болуы
мүмкін.
Телдидарды ток көзінен ажырату
үшін теледидардың электр шнуры
ажыратылуы керек. Электр шнурын
ажыратқанда, шрундан емес, әрдайым
ашасынан тартып суырыңыз. Барлық
уақытта электр ашасына, электр
шнурына және ток көзіне оңай қол
жеткізе алатыныңызға көз жеткізіңіз.
Теледидарды зақымдау қаупі бар!
Салмағы 25 кг-нан немесе 55 фунттан
асатын теледидарды екі адам көтеріп
тасымалдауы тиіс.
Теледидарды тіреуіне орнатқан
кезде тек жинақтағы тіреуді
пайдаланыңыз. Теледидарға тіреуді
қауіпсіз етіп орнатыңыз. Теледидар
мен тіреудің салмағын біркелкі ұстап
тұра алатын тегіс, жазық жерге
теледидарды орналастырыңыз.
Теледидарды қабырғаға орнатқан
кезде теледидардың салмағын ұстап
тұра алатын қабырға тіреуін ғана
пайдаланыңыз. Қабырға тіреуін
теледидар мен қабырға тіреуінің
салмағын біркелкі ұстап тұра алатын
қабырғаға орнатыңыз. TP Vision
Netherlands B.V. қабырғаға дұрыс
орнатылмау салдарынан апатқа,
адамның жарақаттануына немесе
зақымдануға жауапкершілік артпайды.
Теледидарды сақтау қажет болса,
тіреуді теледидардан алып тастаңыз.
Тіреу орнатылған кезде теледидарды
артқы жағымен қоймаңыз.
Теледидарды ток көзіне қосардың
алдында, электр кернеуінің теледидар
артындағы мәнге сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз. Егер кернеу басқа
болса, теледидарды ешқашан ток
көзіне қоспаңыз.
Осы өнімнің бөлшектері әйнектен
жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін
және зақымданбас үшін абайлап
ұстаңыз.
Балалардың жарақаттану қаупі бар!
Теледидардың балалар үстіне құлап,
олардың жарақаттануына жол бермеу үшін
мына сақтандыру шараларын орындаңыз:
Ешқашан теледидарды сырғанап
тұрмайтын жапқыш немесе басқа
материал жабылған жерге қоймаңыз.
Теледидардың ешқандай бөлігінің
шетінен салбырап тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Ешқашан теледидарды ұзын жиһазға,
кітап шкафы сияқты қабырғаға жиһаз
бен теледидарды бекітпей немесе
қолайлы демеусіз орналастырмаңыз.
Теледидарға жету үшін жиһазға
мінуден қауіп-қатерлер болатыны
туралы балаларды хабардар етіңіз.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
Бұйымда/қашықтан басқару
құрылғысында жұтуға болатын тиынға
ұқсас батарея болуы мүмкін. Барлық
жағдайда батареяны балалардан
аулақ ұстаңыз!
Қатты қызып кету қаупі бар!
Ешқашан теледидарды тар жерге
орнатпаңыз. Әрқашанда
теледидардың желдетілуіне
айналасынан кемінде 4 дюймдей
немесе 10 сантиметрдей бос орын
қалдырыңыз. Теледидардың
желдеткіш тесіктерін перделердің
немесе басқа заттардың жауып
қалмауын қадағалаңыз.
Тоқ сымының зақымдану немесе өртену
қауіпі!
Ешқашан теледидарды немесе басқа
заттарды электр шнурының үстіне
қоймаңыз.