operation manual
KK 8 
  Найзағай алдында теледидарды қуат 
көзінен және антеннадан ажыратып 
қойыңыз. Найзағай кезінде 
теледидардың кез келген бөлігіне, 
қуат сымына немесе антенна кабеліне 
тиіспеңіз. 
Есту қабілеті зақымдану қауіпі! 
  Құлаққапты жоғары дауыс деңгейінде 
немесе ұзақ уақыт пайдаланудан 
сақтаныңыз. 
Төмен температуралар 
  Егер теледидар 5°C немесе 41°F 
мәнінен төмен температурада 
тасымалданса, теледидарды қуат 
көзіне жалғаудан бұрын, оны 
қорабынан шығарып алып, 
теледидардың температурасы бөлме 
температурасымен сәйкес келгенше 
күтіңіз. 
Экран күту 
  Теледидардың экранына зақым келу 
қаупі бар! Ешқашан экранды 
ұстамаңыз, баспаңыз, ысқыламаңыз 
немесе кез келген нысанмен 
қырмаңыз. 
  Тазалау алдында теледидардың 
шнурын ажыратыңыз. 
  Теледидар мен жақтауын жұмсақ, әрі 
дымқыл шүберекпен тазалаңыз. 
Ешқашан алкоголь, химиялық заттар 
немесе тұрмыстық тазалағыштар 
сияқты заттарды теледидарға 
пайдаланбаңыз. 
  Сызылуын және түсінің кетуін 
болдырмау үшін, мүмкідігінше су 
тамшыларымен сүртіп тұрыңыз. 
  Мүмкіндігінше негізгі суреттерді 
қолданбаңыз. Қозғалмайтын 
кескіндер дегеніміз экран бетінде 
ұзақ уақыт сақталатын кескіндер. 
Қозғалмайтын кескіндерге экрандық 
мәзірлер, қара жолақтар, уақыт 
дисплейлері және т.б. жатады. Егер 
қозғалмайтын кескіндерді пайдалану 
керек болса, экранның зақымдануын 
болдырмау үшін экран контрасты мен 
жарықтығын азайтыңыз. 
Теледидарды блоктау 
Теледидардың төменгі жағында 
Кенсингтон қауіпсіздік слоты бар. 
Теледидарды қорғау үшін, Kensington 
ұрлыққа қарсы құлпын сатып алыңыз (жеке 
сатылады). 
Ескерту 
2012 © TP Vision Netherlands B.V. Барлық 
құқықтары қорғалған. Техникалық 
сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі. 
Сауда белгілері Koninklijke Philips 
Electronics N.V компаниясының немесе 
қатысты иеленушілерінің меншігі болып 
табылады. TP Vision Netherlands B.V. кез 
келген уақытта сәйкесінше жабдықтарын 
ертерек реттеу міндетінсіз өнімдерді 
өзгерту құқығын өзінде қалдырады. 
Бұл нұсқаулықтағы материал жүйені дұрыс 
пайдалануға жеткілікті деп саналады. Егер 
өнім немесе оның жеке модульдері 
немесе тәртіптері осында көрсетілгеннен 
басқа мақсаттарға пайдаланылса, оның 
негізділігі мен қолайлылығын растауға қол 
жеткізу керек. TP Vision Netherlands B.V. 
материалдың Америка Құрама 
Штаттарының патенттерін бұзбайтынына 
кепілдік береді. Ешқандай кепілдік 
берілмейді немесе айтылмайды. 










