operation manual
KK 12
Белгіден қуатты тиімді тұтыну тобын,
қолданыстағы өнімнің қуат тұтынудың
орташа мәні мен 1 жылдық қуат
тұтынудың орташа мәнін табуға болады.
Өнімнің қуат тұтыну мәндерін, сондай-ақ,
еліңізге тиісті Philips веб-торабынан, яғни
www.philips.com/TV, табуға болады.
Анықтама және қолдау
Анықтаманы пайдалану
Экрандағы анықтама мәзіріне кіру үшін,
Сары түсті түйме түймесін басыңыз.
Анықтама мәзірі мен теледидар мәзірі
арасында ауыстырып қосу үшін, Сары түсті
түйме түймесін басыңыз.
Philips веб-торабына кіру
Қажетті нәрсені экрандағы [Нұсқаулық]
арқылы таба алмасаңыз, Philips
компаниясының тұтынушыларға
техникалық қызмет көрсету веб-торабына,
яғни www.philips.com/support, кіріңіз.
Сондай-ақ, Philips компаниясының
тұтынушыларға техникалық қызмет
көрсету веб-торабынан келесі әрекеттерді
орындауға болады:
жиі қойылатын сұрақтардың
жауаптарын табу;
осы пайдаланушы нұсқаулығының
басып шығаруға болатын PDF
нұсқасын жүктеп алу;
электрондық пошта арқылы бізге
нақты сұрақ жіберу;
Қолдау көрсететін
қызметкерлеріміздің бірімен онлайн
режимінде сөйлесу (тек кейбір
елдерде қол жетімді)
ТД форумын іздеу
Сұрағыңызға пайдаланушылардың Philips
ТД қауымдастығымен бұрын жауап
қайтарылғаны мүмкін.
www.supportforum.philips.com торабына
кіріңіз.
Philips компаниясына хабарласу
Көмек алу үшін, еліңіздегі Philips
компаниясының тұтынушыларға
техникалық қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Нөмірі осы өніммен бірге
берілген қағазда жазылған не болмаса
www.philips.com/support торабында
көрсетілген.
Philips компаниясына хабарласу алдында,
теледидардың үлгісі мен сериялық нөмірін
жазып алыңыз. Бұл мәліметтерді
теледидардың артқы жағынан немесе
оның қорабынан таба аласыз.










