operation manual

KK 21
Қазақ
Не қажет
1. Үй желісінде теледидарды интернетке
қосыңыз
2. Теледидарда Smart TV қызметтерін
реттеңіз.
3. (Міндетті емес) Компьютерде, ерекше
артықшылықтар және өнім туралы
жаңартылған мәліметтер алу үшін Philips
жүйесінде тіркеліңіз. Кез келген уақытта
тіркелуге болады.
Теледидарды Интернетке қосу
1. Үй желісінде, жоғары жылдамдықпен
істейтін машрутизаторды интернетке
қосыңыз.
2. Маршрутизаторды қосыңыз.
3. Желіні орнатыңыз. Теледидарды қосу >
Желі және интернет (Бет 60) бөлімін
қараңыз.
Smart TV қызметін іске қосу
1. түймесін басып, [Smart TV] тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
Пайдалану шарттары көрсетіледі.
2. Тіркелуді аяқтау үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Smart TV қызметіне кіру үшін қашықтан
басқару пультіндегі SMART TV түймесін
басуға болады.
Ескертпе. Smart TV қызметін алғаш рет
қосқанда, ересектер бағдарламаларын
құлыптау мақсатында ата-аналық басқару
мүмкіндігін іске қосу сұралады. Ересектер
бағдарламаларын құлыптасаңыз, Smart TV
үшін орнатылған жарнамалар мен веб-
беттер кіре алатындай өзгеріссіз қалады.
Smart TV бағдарламаларға кіру
Бағдарламаларға Smart TV негізгі бетінен
кіруге болады. Бұл беттегі белгішелер ТД
орнатылған бағдарламаларды көрсетеді.
Кіретін бағдарламаны таңдау үшін
Жылжу түймелері түймесін басып,
одан кейін растау үшін OK түймесін
басыңыз.
Негізгі экранға қосымша
бағдарламалар қосу үшін, [App
галереясы] түймесін басыңыз.
Интернеттегі веб-сайттарды
интернет бағдарламаларының
көмегімен шолыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, Smart TV
жылдам нұсқаулықты Smart TV негізгі
бетінен оқып шығыңыз.
Бағдарламалар қосу
1. [App галереясы] опциясын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2. Бағдарламалар іздеу үшін Жылжу
түймелері (Шарлау түймелерін)
пайдаланыңыз.
3. Бағдарламаны таңдап, оны негізгі
экранға қосу үшін OK түймесін басыңыз.
Кеңестер:
Басқа елдерде қол жетімді
бағдарламаларды іздеуге болады.
Smart TV негізгі бетіне оралу үшін
LIST түймесін басыңыз.
Ескертпе. Smart TV қызметтері автоматты
түрде жаңартылады. Соңғы жаңартуларды
көру үшін, [App галереясы] ішінде
[Барлығы] параметрін [Жаңа]
параметріне өзгертіңіз.
Веб-тораптарға кіру
1. Интернет бағдарламасын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2. Веб-мекенжай өрісін, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
Экранда пернетақта пайда болады.
3. Веб-мекенжайдың әрбір таңбасын енгізу
үшін, Жылжу түймелері (Шарлау
түймелерін) және OK түймесін басыңыз.
Кеңес. Веб-мекенжайды енгізу үшін, ТД
қашықтан басқару пультіндегі Санды
түймелер (Сан түймелерін) де
пайдалануға болады.