operation manual
KK 22
Бетті масштабтау
Интернет бетте ұлғайту және кішірейту
үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. OPTIONS түймесін басып, одан кейін
[Бетті масштабтау] опциясын таңдаңыз.
2. Үлкейту параметрін орнату үшін,
сырғытпалы жолақты пайдаланыңыз.
3. Бөлектелген элементтерге өту және
интернет бет арқылы айналдырып көру
үшін, Жылжу түймелері (Шарлау
түймелерін) пайдаланыңыз.
Беттерді айналдырып көру
Веб-бетте жоғары және төмен айналдыру
үшін, P+ және P- түймесін басыңыз.
Бетті қайта жүктеу
Егер бет дұрыс жүктелмесе, OPTIONS,
одан кейін [Бетті қайта жүктеу]
түймелерін басыңыз.
Қауіпсіздік жайлы мәліметтерді көру
Бет туралы қауіпсіздік мәліметтерін көру
үшін, OPTIONS түймесін басып, одан
кейін [Қауіпсіздік ақпараты] опциясын
таңдаңыз.
Smart TV опциялары
Бағдарламаларға Smart TV негізгі
экранынан өзгерістер енгізу үшін
OPTIONS түймесін басып, төмендегі
элементтердің кез келгеніне кіріңіз:
[App жою]
[App құлыптау]
[App құлпын ашу]
[App жылжыту]
Smart TV жадын тазалау
Smart TV жадын толығымен тазалауға
болады, соның ішінде, таңдаулылар, ата-
аналық бақылау коды, құпия сөздер,
cookie-файлдары және журнал.
Ескерту. Бұл опция Smart TV жадын
толығымен қалпына келтіреді. Сонымен
бірге ол басқа өзара белсенді
бағдарламалардың параметрлерін жояды,
мысалы,MHEG, HbbTV және MHP.
1. түймесін басыңыз.
2. [Реттеу] > [Желі параметрлері]
түймесін таңдаңыз.
3. [Apps жадын өшіру] опциясын таңдап,
одан кейін OK түймесін басыңыз.
Бейнелерді онлайн режимінде
жалға алу
Не істеуге болады
Бұл теледидармен бейнені Smart TV
қызметінде онлайн бейнелер дүкені
бағдарламалары арқылы жалға алуға
болады. Бейнені келесі қадамдарды
орындап, жалға алуға болады:
1. Бейнелер дүкені бағдарламасын ашыңыз.
Тіркелу немесе пайдаланушы мәліметтерін
енгізу қажет болуы мүмкін.
2. Бейнені таңдаңыз.
3. Желі арқылы төлем жасаңыз.
4. Көретін бейнені жүктеңіз.
5. Бейнені көруді бастаңыз.
Қажетті әрекеттер
Теледидардың жоғары
жылдамдықпен тарату қосылымы
арқылы интернетке қосылып
тұрғанын тексеріңіз. Теледидарды
қосу > Желі және интернет (Бет 60)
бөлімін қараңыз.
Аз дегенде 4 ГБ сыйымдылығы бар
USB қатты дискісін теледидарға
жалғаңыз. Жоғары ажыратымдылығы
бар бейнелер үшін аз дегенде 8 ГБ
сақтау сыйымдылығы бар қатты
дискіні пайдаланыңыз.
Ескертпе. Бейнелер жазу, кідірту және
жалға алу үшін жалғыз сақтау құрылғыны
да пайдалануға болады. Аз дегенде 250 Гб
сыйымдылығы әрі бір секунд ішінде 30 Мб
тасымалдау жылдамдығы бар үйлесімді
USB 2.0 қатты дискісін жалғаңыз. See
Теледидардың қосымша мүмкіндіктерін
пайдалану > Телешоуларды жазу > USB
қатты дискісін салу бөлімін қараңыз.
USB қатты дискісін пішімдеу
Жалға алынған бейнелерді жүктеу
алдында USB қатты дискісін пішімдеу
керек. USB қатты дискісіндегі бар мазмұн
толығымен жойылады.










