operation manual

KK 23
Қазақ
1. Теледидарды қосыңыз.
2. USB қатты дискісін теледидардағы USB
ұяшығына жалғаңыз.
3. Қатты дискіні пішімдеуді бастау үшін
түймесін басыңыз.
4. Пішімдеген соң, USB қатты дискісін
теледидарға жалғанған күйінде
қалдырыңыз.
Бейнелер дүкеніне кіру
1. > [Smart TV] тармағын таңдап, OK
түймесін басыңыз. Сондай-ақ, қашықтан
басқару пультіндегі SMART TV түймесін
басыңыз.
2. Еліңіздегі қол жетімді бейнелер дүкені
бағдарламаларын іздеу үшін [App
галереясы] опциясына кіріңіз.
3. Дүкенді таңдау үшін Жылжу түймелері
түймесін, содан кейін растау үшін OK
түймесін басыңыз.
Бейне дүкенінің белгішесі басты бетке
қосылады.
4. Дүкенді көру үшін, оның белгішесін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
Бейнені жалға алу
Бейнені жалға алу үшін, бейнелер дүкені
бағдарламасын ашып, бейнені табыңыз.
Бейнені жалға алу, төлеу әрі жүктеу
мақсатынд экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Ескертпе. Бейнені таңдау және жалға алу
дүкенге байланысты әр түрлі болады.
Қосымша ақпарат алу үшін, бейнелер
дүкені веб-торабына кіріңіз.
Төлем
Дүкен сізден кіруді немесе есептік
жазбаңыз жоқ болған жағдайда, жаңасын
ашуды сұрайды. Кіру аты электрондық
пошта мекенжайы мен жеке PIN кодынан
тұруы тиіс. Тіркелген кезде төлем әдісін
таңдауға болады, несие картасы немесе
көбінесе қауіпсіздік коды.
Бейне жүктеу
Төлегеннен кейін, бейнені бейне жадына
жүктей аласыз. Жүктеу барысында,
теледидар бейне ойнатуға дайын екенін
ескерткенше телебағдарламаны көруді
жалғастыруға болады.
Егер жүктеуден бас тарсаңыз, бейнені
жалға беру мерзімі біткенге дейін жүктеп
алуға болады.
Бейнені көру
1. Smart TV қызметіне кіру үшін қашықтан
басқару пультіндегі SMART TV түймесін
басыңыз.
Орнатылған бейнелер дүкені негізгі
экранда көрсетіледі.
2. Бейнені жалға алған бейнелер дүкенін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
3. Кіру мәліметтеріңізбен онлайн бейнелер
дүкеніне кіріңіз.
4. Жүктелген бейнелердің тізімінен
бейнені таңдаңыз, сонан соң оны ойнату
үшін OK түймесін басыңыз.
Өзара белсенді ТД
Не істеуге болады
Өзара белсенді теледидармен сандық ТД
хабар таратушылар қамтамасыз ететін
қосымша ақпаратты немесе ойын-сауық
беттерді көруге болады. Сандық мазмұнға
тікелей жауап беру арқылы шынымен
өзара белсенділікті пайдаланып көруге
болады.
Ескерту: бұл мүмкіндік көмегімен
файлдарды теледидарға жүктей алмайсыз.
Хабар таратушылар түрлі өзара белсенді
ТД жүйелерін пайдаланады, мысалы:
HbbTV (Гибридті интернет арқылы
тарату ТД)
iTV (Өзара белсенді ТД — MHEG)
MHP (Мультимедиалық негізгі
платформа)
DTVi (Өзара белсенді сандық ТД)
Еліңізде өзара белсенді жүйенің қайсысы
қол жетімді екенін көру мақсатында
қосымша ақпарат алу үшін хабар
таратушының веб-торабына кіріңіз.
Пайдалануға болады өзара белсенді
әрекеттердің мысалы берілген:
Телебағдарламалар туралы
мәліметтер көру
Сұрақ-жауап сайысына немесе
байқауға қатысу