operation manual
KK 25
Қазақ
3 Теледидардың
қосымша
мүмкіндіктерін
пайдалану
Теледидарды кідірту
Не істеуге болады
Сандық арнаны көріп отырғанда,
қоңырауға жауап беру не үзіліс жасау үшін
бағдарламаны кідіртуге болады.
Таратылым теледидарға жалғанған USB
қатты дискісіне сақталады. Бағдарламаны
кез келген уақытта қайта ойнатуға болады.
Ескертпе.
Бағдарламаны көп дегенде 90
минутқа кідіртуге болады.
Не қажет
Сандық арналарды қабылдау үшін
теледидарды баптаңыз.
Теледидарды орнату > Арна
параметрлері > Автоматты түрде
орнату (Бет 40) бөлімін қараңыз.
Аз дегенде 32 Гб сыйысымдылығы әрі
бір секунд ішінде 30 Мб тасымалдау
жылдамдығы бар үйлесімді USB 2.0
қатты дискісін жалғаңыз.
USB қатты дискісін орнату
Теледидарды кідірту үшін, USB қатты
дискісін теледидарға жалғап, оны
пішімдеуіңіз керек.
Егер теледидар USB қатты дискісін
анықтай алмаса, оны NTFS файлдық
жүйесіне пішімдеу үшін компьютерді
пайдаланыңыз, сонан соң әрекетті
қайталаңыз.
Ескерту:
TP Vision компаниясы USB қатты
дискісіне қолдау көрсетілмеуіне,
сондай-ақ, ондағы деректердің
зақымдануына немесе жоғалуына
жауап бермейді.
Пішімдеу жалғанған USB қатты
дискісінен барлық деректерді жояды.
USB қатты дискі тек осы теледидар
үшін форматталды. Оны теледидарға
тұрақты қосып ұстаңыз. USB қатты
дискісіндегі мазмұнға басқа
теледидардан не компьютерден кіру
мүмкін емес.
USB портын шамадан көп
жүктемеңіз. 500 мА-ден көп қуат
тұтынатын USB қатты дискісін
жалғасаңыз, оның өзінің сыртқы қуат
көзіне қосылып тұрғанын тексеріңіз.
1. Теледидар мен USB қатты дискісінің
өшіп тұрғанын тексеріңіз.
2. Басқа USB құрылғылардың теледидарға
жалғанып тұрмағанын тексеріңіз.
3. USB қатты дискісін тікелей теледидарға
жалғаңыз, не болмаса келешекте басқа
USB құрылғыларын жалғайтын болсаңыз,
USB қатты дискісін USB хабі арқылы
жалғаңыз.
Ескертпе. USB қатты дискісін
пішімдегенде, басқа USB құрылғыларды
теледидарға жалғамаңыз.










