operation manual
KK 26
4. Теледидарды және, сыртқы қуат көзі
болған жағдайда, қатты дискіні қосыңыз.
5. Сандық теледидар арнасына ауысып
қосыңыз.
6. Пішімдеуді бастау үшін, түймесін
басыңыз.
7. Пішімдеу үрдісін аяқтау үшін, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Ескерту. Пішімдеу үрдісі біраз уақыт алуы
мүмкін. Бұл үрдіс аяқталғанша
теледидарды қоспаңыз немесе USB қатты
дискісін ажыратпаңыз.
Тікелей теледидар таратуын
кідірту
1. Сандық арнада теледидар
бағдарламасын кідірту үшін, түймесін
басыңыз.
2. Көруді жалғастыру үшін, түймесін
басыңыз.
Күй жолағы келесі уақыт көрсеткіштерін
көрсетеді:
А. Бағдарлама алғаш рет кідіртілген кезде.
B. Кідіртілген бағдарлама ағымдағы
уақытта ойнатылатын кезде.
C. Тікелей көрсетілетін бағдарлама
ағымдағы уақытта таратылған кезде.
Сақталған таратылымды көру үшін,
артқа не алға қарай іздеу мақсатында
не түймесін басыңыз.
Ойнату жылдамдығын өзгерту үшін,
не түймесін бірнеше рет
басыңыз.
Тікелей теледидардан көрсетілетін
таратылымды көру үшін, түймесін
басыңыз.
Ескертпе: Жазу орындалуы кезінде
теледидар таратуын кідірту мүмкін емес.
Егер төмендегілердің бірін орындасаңыз,
USB қатты дискісіндегі сақталған
таратылым жойылады:
USB қатты дискісін ажыратыңыз.
Телебағдарлама жазуды бастаңыз.
Smart TV қызметіне кіріңіз.
Теледидарды күту режиміне
ауыстырыңыз.
Басқа арнаға ауыстырыңыз.
Жалғанған құрылғыдан көру үшін
қайнар көзді ауыстырыңыз, мысалы,
Blu-ray диск ойнатқышы, сандық
қабылдағыш немесе USB сақтау
құрылғысы.
Телешоуларды жазу
Не істеуге болады
Теледидар интернетке қосылған болса,
телебағдарламаны USB қатты дискісіне
жазуға болады. Ағымдағы
телебағдарламаларды немесе кейінгі
телебағдарламаны жазуға болады.
Жазбаларды теледидардың электрондық
бағдарлама нұсқаулығында бастаңыз және
басқарыңыз. Теледидарды пайдалану >
Бағдарлама нұсқаулығын көру >
Интернеттен (Бет 17) бөлімін қараңыз.
Ескертпе:
Жазу тек қана интернет
бағдарламасының бағыттауышы бар
елдерде және теледидар интернетке
қосылған кезде қолдауға ие болады.
Солтүстік Еуропа елдерінде
теледидар бағдарламаларды жазу
кезінде субтитрлерге шектеулі қолдау
көрсетеді.










