operation manual
KK 27
Қазақ
Қажетті әрекеттер
Теледидар бағдарламасын жазу үшін
төмендегіні орындаңыз:
Сандық теледидар арналарын
қабылдау үшін теледидарды баптаңыз
(DVB тарату немесе оған ұқсас).
Теледидарды орнату > Арна
параметрлері > Автоматты түрде
орнату (Бет 40) бөлімін қараңыз.
Теледидардың жоғары
жылдамдықпен тарату қосылымы
арқылы интернетке қосылып
тұрғанын тексеріңіз. Теледидарды
қосу > Желі және интернет (Бет 60)
бөлімін қараңыз.
Аз дегенде 250 Гб сыйымдылығы әрі
бір секунд ішінде 30 Мб тасымалдау
жылдамдығы бар үйлесімді USB 2.0
қатты дискісін жалғаңыз.
Ескертпе. Телешоударды жазу әрі кідірту
үшін бір HDD кабелін пайдалануға болады.
Бағдарлама нұсқаулығы жазуды
қолдайтынын не қолдамайтынын тексеру
үшін:
түймесін басып, [Бағдарлама
нұсқаулығы] параметрін таңдаңыз.
Бағдарламалық нұсқаулығы бетінде [ТД
жазу] түймесін тапсаңыз, жазбаларды
орнатуға әрі басқаруға болады.
[ТД жазу] түймесін таппасаңыз,
бағдарламалық нұсқаулық деректері желі
арқылы жаңартылатындай орнатылғанын
тексеріңіз.
> [Реттеу] > [Теледидар параметрлері]
> [Басымдықтар] > [Бағдарлама
нұсқаулығы] > [Желіден] тармағын
таңдаңыз.
USB қатты дискісін орнату
Телешоударды жазу үшін, USB қатты
дискісін теледидарға жалғап, оны
пішімдеуіңіз керек.
Егер теледидар USB қатты дискісін
анықтай алмаса, оны NTFS файлдық
жүйесіне пішімдеу үшін компьютерді
пайдаланыңыз, сонан соң әрекетті
қайталаңыз.
Ескерту:
TP Vision компаниясы қатты дискіге
қолдау көрсетілмеуіне, сондай-ақ,
ондағы деректердің зақымдануына
немесе жоғалуына жауап бермейді.
Пішімдеу жалғанған қатты дискідегі
барлық деректерді жояды.
USB қатты дискі тек осы теледидар
үшін форматталды. Оны теледидарға
тұрақты қосып ұстаңыз. USB қатты
дискісіндегі мазмұнға басқа
теледидардан не компьютерден кіру
мүмкін емес.
USB портын шамадан көп
жүктемеңіз. 500 мА-ден көп қуат
тұтынатын USB қатты дискісін
жалғасаңыз, оның өзінің сыртқы қуат
көзіне қосылып тұрғанын тексеріңіз.
1. Теледидар мен USB қатты дискісінің
өшіп тұрғанын тексеріңіз.
2. Басқа USB құрылғылардың теледидарға
жалғанып тұрмағанын тексеріңіз.
3. USB қатты дискісін тікелей теледидарға
жалғаңыз, не болмаса келешекте басқа
USB құрылғыларын жалғайтын болсаңыз,
USB қатты дискісін USB хабі арқылы
жалғаңыз.
Ескертпе. USB қатты дискісін
пішімдегенде, басқа USB құрылғыларды
теледидарға жалғамаңыз.










