operation manual
KK 28
4. Теледидарды және, сыртқы қуат көзі
болған жағдайда, қатты дискіні қосыңыз.
5. Сандық теледидар арнасына ауысып
қосыңыз.
6. Пішімдеуді бастау үшін, түймесін
басыңыз.
7. Пішімдеу үрдісін аяқтау үшін, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Ескерту. Пішімдеу үрдісі біраз уақыт алуы
мүмкін. Бұл үрдіс аяқталғанша
теледидарды қоспаңыз немесе USB қатты
дискісін ажыратпаңыз.
Жазуды бастау
Бір рет түртіп жазу
Ағымдағы көріп отырған бағдарламаны
жазу үшін, қашықтан басқару пультіндегі
түймесін пайдалануға болады:
1. Теледидарды көріп отырған кезде
түймесін басыңыз.
Жазу бірден басталады. Жазудың аяқталу
уақытын таңдауға болатын ашылмалы
терезе көрсетіледі.
2. [Жоспарлау] опциясын таңдап, аяқталу
уақытын растау үшін OK түймесін
басыңыз.
Жазуды кез келген уақытта тоқтату үшін,
түймесін басыңыз.
Ескертпе:
Жазу барысында теледидар
арналарын ауыстырып қосу мүмкін
емес.
Жазу барысында теледидар таратуын
кідірту мүмкін емес.
Телебағдарламаны жазуды жоспарлау
Бүгін немесе сегіз күннен кейін
таратылатын бағдарламаны жазуды
жоспарлауға болады.
1. түймесін басып, [Бағдарлама
нұсқаулығы] параметрін таңдаңыз.
2. Жазылатын арна мен бағдарламаны
таңдаңыз.
Бағдарламаларды айналдырып көру
үшін, Жылжу түймелері (Шарлау
түймелерін) пайдаланыңыз.
Арнаны таңдау үшін, арна нөмірін
енгізіңіз.
Күнді өзгерту үшін, беттің жоғарғы
жағында күнді таңдаңыз да, OK
түймесін басыңыз. Күнді ашылмалы
терезеден таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3. Бағдарламаны таңдап, OPTIONS
түймесін басыңыз да, [Жазу] опциясын
таңдаңыз.
4. Бағдарламаны жоспарлаған аяқталу
уақыты ішінде жазу үшін, жазу уақытын
өзгеріңіз.
5. [Жоспарлау] опциясын таңдап, OK
түймесін басыңыз. Бағдарлама жазуға
жоспарланады.
Жазулардың үстінен жазуды
жоспарласаңыз, ескерту хабары
көрсетіледі.
Жазуларды орныңызда болмаған жағдайда
жоспарласаңыз, теледидарды күту
режимінде қалдырғаныңызды және USB
қатты дискісін қосқаныңызды тексеріңіз.
Жазуды уақыт бойынша жоспарлау
Ешбір бағдарламаға байланыстырылмаған
жазуды уақыт бойынша жоспарлау үшін:
1. түймесін басыңыз, одан кейін
[Бағдарлама нұсқаулығы] таңдаңыз.
2. OPTIONS түймесін басып, [Қолмен
жазу]опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3. Диалогтық терезеде арна, күн мен
уақыт ұзақтығын орнатыңыз.
4. [Жоспарлау] таңдап, OK түймесін
басыңыз.










