operation manual

KK 32
Блоктау мен таймерлерді
орнату
Сағат
Теледидар экранынан сағатты көрсетуге
болады. Сағат телевизия қызметтерін
көрсететін операторыңыз тарататын
уақытты көрсетеді.
Теледидар сағатын көрсету
1. Теледидарды көріп отырған кезде
OPTIONS түймесін басыңыз.
2. [Статус] опциясын таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
Сағат теледидар экранының төменгі оң
жақ бұрышында көрсетіледі.
Сағат режимін өзгерту
Сағат режимін автоматты не қолмен
режиміне өзгертуге болады. Әдепкіде ол
UTC уақытына автоматты түрде
синхрондайтын автоматты режимге
орнатылған. Егер теледидарыңыз UTC
берген деректерін қабылдай алмаса, сағат
режимін [Қолмен] күйіне өзгертіңіз.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
түймесін басыңыз.
2. [Реттеу] > [Теледидар параметрлері] >
[Басымдықтар] опцияларын таңдаңыз.
3. [Сағат] > [Автоматты сағат режимі]
опиясын таңдаңыз.
4. [Автоматты], [Қолмен] немесе [Елге
байланысты] параметрін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
Жазғы уақытқа өтуді қосу не ажырату
Аймаққа байланысты жазғы уақытқа өтуді
қосуға не ажыратуға болады. Жазғы
уақытқа өтуді қосу не ажырату алдында,
сағат режимін [Елге байланысты]
параметріне орнатыңыз.
1. [Сағат] мәзірінде [Жаздық уақыт] >
[Жаздық уақыт] немесе [Стандартты
уақыт]параметрлерін таңдап, OK түймесін
басыңыз. Жазғы уақытқа өту мүмкіндігі
қосылған не ажыратылған.
Сағатты қолмен орнату
Күн мен уақытты қолмен орнатуға болады.
Бастамас бұрын, сағат режимін [Қолмен]
параметріне орнатыңыз.
1. [Сағат] (Сағат) мәзірінде, [Күн] не
[Уақыт] опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
2. Таңдау үшін Жылжу түймелері (Шарлау
түймелерін) пайдаланыңыз.
3. [Дайын] опциясын таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
Күту күйі таймері
Теледидарды нақты уақыт өткен соң күту
режиміне ауыстырып қосуға болады.
Нақты уақытты есептегенде, теледидарды
ертерек өшіруге не күту күйі таймерін
қалпына келтіруге болады.
1. түймесін басыңыз.
2. [Реттеу] > [Теледидар параметрлері] >
[Басымдықтар] > [Түнгі таймер]
опцияларын таңдаңыз.
3. Автоматты өшу таймерін орнату үшін
Жылжу түймелері түймесін басыңыз.
Күту күйі таймерін он минуттық қадаммен
180 минутқа орнатуға болады. Күту күйі
таймерін өшіру үшін, оны нөл минут
мәніне орнатыңыз.
4. Күту күйі таймерін қосу үшін OK
түймесін басыңыз. Нақты уақыт өткен соң,
теледидар күту режиміне ауысады.
Балалардан қорғау құлпы
Балаларды қолайсыз
телебағдарламалардан қорғау үшін
теледидарды немесе жасқа байланысты
шектелген бағдарламаларды бұғаттауға
болады.
Балалардан қорғау құлпының кодын қою
немесе өзгерту
1. түймесін басыңыз.
2. [Реттеу] > [Арна параметрлері] не
[Жерсерік параметрлері] > [Балалардан
қорғау құлпы] опциясынтаңдаңыз.
3. [Кодты орнату] немесе [Кодты
өзгерту] тармағын таңдаңыз.
4. Кодты Санды түймелер (Сандық
түймелер) көмегімен енгізіңіз.
Кеңес:. Код ұмытылған жағдайда,
қолданыстағы кодтардың үстінен жазу
үшін, «8888» енгізіңіз.