operation manual

KK 33
Қазақ
Арналарды құлыптау немесе құлпын ашу
1. Балалардан қорғау құлпы мәзірінен
[Арнаны құлыптау] опциясын таңдаңыз.
2. Санды түймелер көмегімен балалардан
қорғау кодын енгізіңіз. [Арнаны құлыптау]
мәзірі шығады.
3. Блокталатын немесе блоктан
шығарылатын арналарды таңдаңыз.
Ата-аналық құлып деңгейі
Теледидарды тек балаңыздың жасынан
кіші жас деңгейлері орнатылған
бағдарламаларды көрсететін етіп қоюға
болады. Бұл шектеу бағдарламаларды
жасқа байланысты жіктейтін
таратушылардан алынған сандық арналарға
ғана қолданылады.
1. түймесін басыңыз.
2. [Реттеу] > [Арна параметрлері] немесе
[Жерсерік параметрлері] опциясын
таңдаңыз.
3. [Балалардан қорғау құлпы] > та-
аналық рейтинг] опиясын таңдаңыз.
Балалардың көруін шектейтін блоктау
кодын енгізу сұралады.
4. Сұралғанда, ата-аналық құлып кодын
Санды түймелер (Сандық түймелер)
көмегімен енгізіңіз.
5. Жас деңгейін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Таңдалған жас деңгейінен жоғары барлық
бағдарламалар блокталады.
Балалардың көруін шектейтін блоктау
кодтары туралы ақпарат алу үшін
Теледидардың қосымша мүмкіндіктерін
пайдалану > Блоктауды және
таймерлерді орнату > Балалардың көруін
шектейтін блоктау (Бет 32) бөлімін
қараңыз.
EasyLink функциясын
пайдалану
Не істеуге болады
Philips EasyLink жетілдірілген басқару
мүмкіндіктерін пайдаланып, HDMI-CEC
жүйесімен үйлесімді құрылғыларды тиімді
пайдаланыңыз. HDMI-CEC жүйесімен
үйлесімді құрылғыларды HDMI қабелімен
теледидарға жалғап, оларды ТД қашықтан
басқару пультімен бір уақытта басқарыңыз.
Ескерту: Басқа брендтер HDMI-CEC
функциясын басқаша сипаттайды. Мысалы,
Anynet (Samsung), Aquos Link (Sharp)
немесе BRAVIA Sync (Sony). Барлық
брендтер Philips EasyLink мүмкіндігімен
толық үйлесімді болмайды.
Philips EasyLink қызметіне ауысып қосылған
соң, келесі мүмкіндіктер қол жетімді
болады:
Бір рет түртіп ойнату
HDMI-CEC жүйесімен үйлесімді
құрылғыны ойнатқанда, теледидар күту
режимінен қосылып, тиісті көзге ауысады.
Бір рет түрту арқылы күту
Теледидардың қашықтан басқару
пультіндегі түймесін басқан кезде,
теледидар мен барлық HDMI-CEC
жүйесімен үйлесімді құрылғылар күту
режиміне ауысады.
EasyLink қашықтан басқару пульті
Теледидардың қашықтан басқару пульті
арқылы бірнеше HDMI-CEC жүйесімен
үйлесімді құрылғыларды басқаруға болады.
Жүйенің дыбысын басқару
Егер динамиктері бар HDMI-CEC
жүйесімен үйлесімді құрылғыны HDMI
ARC қосқышы арқылы жалғасаңыз,
теледидар динамиктерінің орнына
теледидарды сол динамиктерден
тыңдауға болады.
Дыбысты синхрондау
Теледидарға үй кинотеатрын жалғасаңыз,
сурет пен дыбыс арасындағы кідірісті
алдын алу үшін дыбыс пен бейнені
синхрондауға болады.