operation manual
KK 37
Қазақ
Scenea функциясын
пайдалану
Не істеуге болады
Scenea функциясымен суретті
теледидардағы тұсқағаз түрінде көрсетуге
болады. Әдепкі суретті көрсетіңіз не
болмаса, өзіңіздің суретіңізді тұсқағаз
ретінде жүктеңіз.
Тұсқағаз 240 минут не күту күйі таймері
уақытында көрсетіледі.
Қосу
1. түймесін басыңыз.
2. [Scenea] опциясын таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
Әдепкі сурет көрсетіледі.
Ескертпе. Тұсқағаз 240 минут не күту күйі
таймері уақытында көрсетіледі. Күту күйі
таймері туралы қосымша мәліметтер алу
үшін, Теледидардың қосымша
мүмкіндіктерін пайдалану > Құлыптауды
және таймерлерді орнату > Күту күйі
таймері (Бет 32) бөлімін қараңыз.
Теледидар үшін тұсқағаз жүктеу
Сондай-ақ, өзіңіздің суретіңізді жалғанған
USB сақтау құрылғыснан немесе
компьютерден тұсқағаз ретінде жүктеуге
болады.
Ескертпе. Жаңа сурет жүктегенде, ол
қолданыстағы суреттің орнына жүктеледі.
1. USB сақтау құрылғысын теледидарға
жалғаңыз немесе желіге қосылыңыз.
2. түймесін басыңыз.
3. [USB шолу] немесе [Your network]
опициясын таңдап, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
4. Суретті таңдап, OPTIONS түймесін
басыңыз.
5. [Scenea етіп орнату] таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
6. [Иә] таңдап, одан кейін OK түймесін
басыңыз.
7. Scenea функциясынан шығу үшін кез
келген түймені басыңыз.










