operation manual

KK 38
4 Теледидарды
орнату
Сурет пен дыбыс
Параметрлер шебері
Сурет пен дыбыс параметрлерін,
таңдалған параметрді бірден көрсететін,
параметрлер көмекшісі арқылы таңдауға
болады.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
түймесін басыңыз.
2. [Реттеу] > [Жылдам сурет және дыбыс
параметрі] опцияларын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
3. [Бастау] опциясын таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
4. Қажетті параметрлерді таңдау үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Суреттің қосымша параметрлері
Сурет мәзірінде параметрлерді өзгертуге
болады.
1. түймесін басыңыз.
2. [Реттеу] > [Теледидар параметрлері] >
[Сурет] опцияларын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3. Реттеу үшін параметрді таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
Ескерім: * таңбасымен белгіленген
опциялар белгілі бір үлгілерде ғана қол
жетімді.
[Зерделі сурет]: алдын ала анықталған
смарт сурет параметрлеріне кіру.
[Нөлдеу]: әдепкі зауыттық
параметрлерді қалпына келтіру.
[Артқы жарық контрасты]:
теледидардың фондық жарығының
контрастын реттеу.
[Жарықтық]: Күңгірт аумақтардың
қарқыны мен мәліметтерін реттейді.
[Түсі]: түс қанықтығының деңгейін
реттеу.
[Реңк]: NTSC деректерінде түс
өзгерістерін толықтыру.
[Айқындылық]: Кескіннің анықтығын
реттейді.
[Шуылды азайту]: Кескіндегі шуды
сүзгілейді және азайтады.
[Реңк]: Кескіннің түс балансын
реттейді.
[Пайдаланушы реңкі]: реңк
параметрін реттеу.
[Pixel Plus HD] / [Pixel Precise HD]*:
қолданыстағы пикселге сәйкестендіру
мақсатында әрбір пикселді нақты
реттеу үшін қосымша параметрлерді
басқарады. Бұл параметр керемет,
айқындығы жоғары суретті жасайды.
- [HD Natural Motion]*:
Қозғалыс дірілін азайтып, бірқалыпты
қозғалысты қамтамасыз етеді.
- [Clear LCD]*: асырмалы
қозғалыс айқындығын қосып, үздік қара түс
деңгейін, жыпылықтаусыз жоғары
контрасты, бірқалыпты сурет мен үлкен
көру бұрышын жақсартады.
- [Тамаша ажыратымдылық]:
асырмалы айқындықты қосады, әсіресе
суреттегі сызықтар мен пішіндерге.
- [Динамикалық контраст]:
теледидар суреттің күңгірт, орташа және
ашық аумақтарындағы мәліметтерді
автоматты түрде жақсартатындай
деңгейді орнатады.
- [Динамикалық артқы жарық]:
бөлме жарықтығына сәйкестендіру
мақсатында теледидардың фондық
жарығын азайту арқылы қуат тұтынуды
азайтады.
- [MPEG ақауларын азайту]:
суреттегі сандық ауыстыруларды
бірқалыпты етеді.
- [Түсті жақсарту]: түстерді одан
әрі қанық етіп, мәліметтердің
ажыратымдылығын ашық түстерде
жақсарту үшін өзгертеді.
- [Гамма]: сурет ашықтығы мен
контраст үшін сызықтық емес параметр.
- [Бейне контрасты]: күңгірт
аумақтарын өзгертпей, жарық
аумақтардың қарқынын реттейді.