operation manual
KK 60
Желі және интернет
Не істеуге болады
Медиа файлдарын көру
Теледидарды үй желісіне қосатын
болсаңыз, суреттерді, музыканы және
бейнелерді компьютерден ойнатуға
болады. Теледидарды пайдалану > Медиа
файлдарын көру (Бет 18) бөлімін қараңыз.
Smart TV
Теледидарды үй желісіне интернет
байланысы арқылы қосатын болсаңыз,
Smart TV қызметін шолуға болады. Smart
TV теледидарға арнап жасалған интернет
қызметтері мен вебтораптарды ұсынады.
Музыка және бейнелер ойнату,
ақпараттық қолдау кеңесін алу,
фильмдерді жалға алу және тағы басқалар.
Теледидарды пайдалану> Smart TV
қызметін шолу (Бет 20) бөлімін қараңыз.
Өзара белсенді ТД
Теледидарды интернетке қосатын
болсаңыз, Өзара белсенді ТД функциясын
барынша тиімді пайдалана аласыз. HbbTV,
MHP және DTVi секілді жүйелер
интернетті теледидармен байланыс
орнату үшін пайдаланады. Бұл жүйелердің
қол жетімділігі жергілікті хабар таратушыға
байланысты болады.
Не қажет
Ескерту: Бұл теледидар экрандалған Cat5
ethernet кабелін пайдаланған кезде ғана
электромагниттік үйлесімділік
директивасына сәйкес келеді.
Ethernet кабелі
Компьютер желісі, соның ішінде:
a) әмбебап маршрутизаторы (UnPnP)
және
b) Келесі амалдық жүйелердің бірін
пайдаланатын компьютер: Microsoft
Windows XP, Microsoft Windows
Vista, Mac OS X немесе Linux.
Теледидарды компьютерлерге қосу
үшін теледидармен файлдарды ортақ
пайдаланатын етіп орнатылған
мультимедиа серверінің
бағдарламасы қажет. Теледидарды
пайдалану > Медиа файлдарын көру
(Бет 18) бөлімін қараңыз.
Сондай-ақ, теледидарды Интернетке
қосу үшін жылдамдығы жоғары
Интернет байланысы қажет.
Қосу
Бұл теледидарды үй желісіне сымды
немесе сымсыз қосылым арқылы үй
желісіне қосуыңызға болады.
Сымсыз байланыс үшін, Теледидар
қосу > Желі және интернет >
Сымсыз байланыс (Бет 61) бөлімін
қараңыз.
Дайын Wi-Fi байланысы үшін,
Теледидарды қосу > Желі және
интернет > Wi-Fi байланысы дайын
(Бет 61) бөлімін қараңыз.










