operation manual
KK 61
Қазақ
Сымды қосылым
1. Маршрутизаторды қосыңыз және оның
DHCP параметрін қосыңыз.
2. Маршрутизаторды ethernet кабелі
арқылы теледидарға қосыңыз.
3. түймесін басыңыз, одан кейін
[Реттеу] таңдаңыз.
4. [Желіге қосылу] таңдап, OK түймесін
басыңыз.
5. Желіні орнату үшін, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
6. Теледидар желілік қосылымды тапқанша
күте тұрыңыз.
7. Сұралған жағдайда, соңғы
пайдаланушының лицензиялық келісімін
шарттарын қабылдаңыз.
Wi-Fi Ready
Бұл бөлім тек Wi-Fi байланысы бар
теледидарлар үшін арналады.
Philips компаниясының сымсыз USB
адаптері, яғни PTA01 (жеке сатылады)
арқылы теледидарды үй желісіне сымсыз
қосуға болады. Smart TV қызметтерінің
көмегімен интернет мүмкіндіктерін
пайдалануға әрі SimplyShare арқылы
жалғанған құрылғылар арасында мазмұнды
ортақ пайдалануға болады.
Ескертпе.
Сымсыз желі Wi-Fi кедергілерін тудыруы
мүмкін сымсыз телефондар,
микротолқынды пештер немесе Bluetooth
құрылғылары секілді жалпы тұрмыстық
құрылғылардай 2,4 ГГц жиілік спектрінде
жұмыс істейді. Бұл құрылғыларды
теледидардан алыстау жерге
жылжытыңыз.
Желілік трафикті азайту үшін, үй
желісінде пайдаланбайтын желілік
құралды өшіріңіз.
Қабылдау сапасы сымсыз
машрутизатордың орнына және
жергілікті интернет қызметі
провайдеріңізге байланысты болады.
Сымсыз үй желісі арқылы бейнені
ойнатқанда, IEEE 802.11 N
маршрутизаторын пайдалану
ұсынылады. Сымсыз үй желісінің
жұмыс істеу ортасына байланысты
байланыс жылдамдығы басқаша болуы
мүмкін.
Сымсыз орнатуды бастау
1. Сымсыз желі маршрутизаторын
қосыңыз.
2. Philips компаниясының USB адаптерін
PTA01 теледидардағы USB ұясына
жалғаңыз.
Сымсыз желіні орнату автоматты түрде
басталады.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Кеңес. Сымсыз USB адаптерін
теледидарға жалғанып тұрған күйде
қалдырыңыз.
WPS - Wi-Fi Protected Setup протоколы
1. Егер маршрутизатор WPS (Wi-Fi
қорғалған параметрі) қолданса,
маршрутизатордағы WPS түймесін
басыңыз.
2. 2 минуттан кейін, теледидардағы [WPS]
таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
Теледидар желіге қосылады. Бұл шамамен
2 минут алады.
Жаңа сымсыз маршрутизаторлардың
көпшілігінде WPS жүйесі және WPS
логотипі бар. WPS жүйесі WPS қауіпсіздік
шифрлау функциясын пайдаланады, бірақ
оны желідегі WEP қауіпсіздік шифрлау
функциясын пайдаланатын құрылғылармен
біріктіру мүмкін емес.
Егер желіде WEP құрылғысы әлі керек
болса, [Сканерлеу] > [Пайдаланушы
орнатқан] көмегімен орнатыңыз.
Маршрутизаторларды сканерлеу
Егер желіде бірнеше маршрутизатор
болса, қажет желіні таңдауға болады.
1. Нақты желілік маршрутизаторды таңдау
үшін, орнатудың бірінші бетінде
[Сканерлеу] түймесін басыңыз.
WPS бар және сигналы ең күшті
маршрутизаторлар экрандағы тізімде
бірінші болып көрсетіледі.
2. Қажетті машрутизаторды таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.










