operation manual

KK 62
WPS маршрутизаторын қосып
жатсаңыз, теледидарда [WPS]
опциясын таңдаңыз.
Қосылатын машрутизатор
бағдарламасында PIN кодын орнату
үшін, [WPS PIN коды] опциясын
таңдап, кодын жазып алыңыз.
Шифрлау кілтін қолмен енгізу үшін,
[Стандартты] опциясын таңдап, одан
кейін сұралғанда кілтті енгізіңіз.
WPS шифрлау арқылы сенімді байланыс
орнату
1. PIN кодымен қауіпсіз байланыс орнату
үшін, [WPS PIN коды] таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2. Теледидарда көрсетілетін 8 сандық PIN
кодын жазып алып, компьютердегі
маршрутизатор бағдарламасында енгізіңіз.
PIN кодты қайта енгізу керек екенін
маршрутизатор нұсқаулығында қараңыз.
WPA шифрлау арқылы сенімді байланыс
орнату
Машрутизаторда WPA (Wi-Fi қорғалған
рұқсаты) қауіпсіздігі бар болса, қашықтан
басқару пультімен кіру сөзін енгізіңіз.
1. Шифрлау кілтін (қауіпсіздік кілтін)
қолмен енгізу үшін [Стандартты]
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. Экрандағы пернетақтаға кіру үшін, мәтін
енгізу өрісін таңдап, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
WEP шифрлау арқылы сенімді байланыс
орнату
Егер WEP қауіпсіздік шифрлауы бар болса,
теледидар он алтылық сандар түріндегі
WEP шифрлау кілтін сұрайды.
1. Компьютердегі машрутизатор
бағдарламасында он алты сандық кілтті
тауып, WEP кілттер тізіміндегі бірінші
кілтті жазып алыңыз.
2. Машрутизаторды жалғау үшін,
теледидарда қашықтан басқару пульті
арқылы қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
3. Сұралған жағдайда, соңғы
пайдаланушының лицензиялық келісімін
шарттарын қабылдаңыз.
Теледидар желісінің аты
Үй желісінд бірнеше ТД қосылған болса,
бұл теледидарға басқаша атауға болады.
1. > [Реттеу] > [Желі параметрлері]
опцияларын таңдап, [ТД желі атауы]
түймесін басыңыз.
2. Атын енгізу үшін OK түймесін басып,
экрандық пернетақтаны ашыңыз немесе
қашықтан басқару пультінің пернетақтасын
пайдаланыңыз.