operation manual
KK 64
6 Ақаулықтарды
жою
Жалпы мәселелер
Теледидар қосылмайды:
Электр шнурын ток көзінен
ажыратыңыз. Бір минут күтіп, оны
қайта жалғаңыз.
Электр шнурының дұрыс
қосылғандығын тексеріңіз.
Қосылғанда, теледидар қашықтан
басқару пультіне немесе алдыңғы
жағындағы басқару элементтеріне жауап
бермейді
Қосылу үшін теледидарға біраз уақыт
қажет болады. Осы кезде теледидар
қашықтан басқару пультіне немесе
алдыңғы басқару элементтеріне жауап
бермейді. Бұл қалыпты жағдайды білдіреді.
Теледидар қосылғанда, өшірілгенде, күту
режиміне қойылғанда теледидар
корпусынан сықырлаған дыбысты
естисіз:
Ешқандай әрекет қажет етілмейді.
Теледидар салқындағанда және
жылығанда, сықырлаған дыбыс оның
көлемінің қалыпты үлкеюін және кішіреюін
білдіреді. Бұл оның жұмысына әсер
етпейді.
Теледидар күту режимінде болғанда іске
қосылу экраны көрсетіледі, кейін күту
режиміне оралады.
Бұл қалыпты жағдайды білдіреді.
Теледидар өшірілсе және қуат көзіне
қайта қосылса, келесі рет қосылған кезде
бастапқы экран көрсетіледі.
Күту режимінен теледидарды қосу үшін,
қашықтан басқару пультіндегі түймесін
басыңыз немесе теледидардың алдыңғы
жағындағы кез келген түймені басыңыз.
Теледидар күту режимінің шамы қызыл
болып жыпылықтайды:
Электр шнурын ток көзінен ажыратыңыз.
Электр шнурын қайта қосудың алдында
теледидардың салқындауын күтіңіз. Егер
қайта жыпылықтаса, Philips тұтынушыларға
техникалық қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Арнаны бұғаттау мүмкндігінің
(балалардан қорғау) құлпын ашу үшін 4
сандық код енгізуді ұмыттыңыз:
«8888» кодын енгізіңіз.
ТД не Smart TV мәзірі қате тілде
көрсетіледі:
Мәзірді қалаған тілде көрсететіндей
өзгертіңіз. Теледидарды орнату > Тіл
параметрлері > Мәзір тілі (Бет 44) бөлімін
қараңыз.
ТД бағдарламасын жаңарту керек:
www.philips.com/support торабына кіріп,
ТД үшін соңғы бағдарламалық буманы
жүктеп алыңыз. Бағдарламаны орнату
нұсқаулары мен жаңартылғандарды
көрсететін шығарылымға қатысты
жазбалар, сондай-ақ, торапта қол жетімді
болады. ТД бағдарламасын жаңарту жолы
туралы толық нұсқаулар, сондай-ақ,
Теледидар орнату > Бағдарламаны
жаңарту бөлімінде бар.










