operation manual

KK 65
Қазақ
Арналарға қатысты
ақаулықтар
ТД арналарын орнату керек
Аналогты не сандық арналарды орнату
бойынша нұсқауларды Теледидарды
орнату > Арналар параметрлері (Бет 40)
бөлімінен қараңыз. Жерсерік арналарын
орнату үшін, Теледидарды орнату >
Жерсерік параметрлері (Бет 43) бөлімін
қараңыз.
Орнату кезінде ешқандай сандық
арналар табылмады:
Еліңізде теледидардың DVB-T, DVB-
C немесе DVB-S сигналдарын
қолдайтынын тексеріңіз.
барлық кабельдердің дұрыс қосылып
тұрғанын әрі дұрыс желінің
таңдалғанын тексеріңіз.
Орнатылып қойған арналар арналар
тізімінен көрінбейді:
Дұрыс арналар тізімінің таңдалғандығына
көз жеткізіңіз.
Арналар тізімін қайта реттеу не оның
тәртібін өзгерту керек:
Арналар орнатылған соң, олар арналар
тізімінде көрсетіледі. Арналар тізімін
басқару, соның ішінде арналарды қайта
реттеу, туралы қосымша ақпарат алу үшін,
Теледидар көру > Арналар тізімін
басқару бөлімін қараңыз.
Сурет ақаулары
Теледидар қосылған, бірақ сурет жоқ
немесе бұрмаланған:
Антеннаның теледидарға дұрыс
қосылғандығын тексеріңіз.
Көрсету көзі ретінде дұрыс
құрылғының таңдалғандығын
тексеріңіз.
Сыртқы құрылғының немесе көздің
дұрыс қосылғандығын тексеріңіз.
Дыбыс бар, бірақ сурет жоқ:
Сурет параметрлерінің дұрыс
орнатылғандығын тексеріңіз.
Антенна қосылымынан теледидар
сигналы нашар қабылданады:
Антеннаның теледидарға дұрыс
қосылғандығын тексеріңіз.
Дауыс зорайтқыштар, жерге
қосылмаған дыбыс құрылғылары,
неонды шамдар, биік ғимараттар
және басқа үлкен нысандар қабылдау
сапасына әсер етуі мүмкін.
Мүмкіндігінше антенна бағытын
өзгерту немесе құрылғыларды
теледидардан жылжыту арқылы
қабылдау сапасын жақсартуға
тырысыңыз.
Егер сигналды қабылдау бір ғана
арнада нашар болса, сол арнаны
дәлдеңіз.
Жалғаулы құрылғылардың сурет сапасы
нашар:
Құрылғылардың дұрыс қосылғандығын
тексеріңіз.
Сурет параметрлерінің дұрыс
орнатылғандығын тексеріңіз.
Теледидар сурет параметрлерін
сақтамады:
Теледидар орналасуының [Бастапқы]
режиміне орнатылғанын тексеріңіз. Бұл
режимде параметрлерді өзгертуге және
сақтауға болады.
Сурет экранға сәйкес емес, ол тым үлкен
немесе тым кішкентай:
Басқа сурет форматын пайдаланып көріңіз.