operation manual
KK 4
Медиа файлын ойнату
Теледидарды USB сақтау құрылғысына
жалғасаңыз, фильмдерді, музыканы және
суреттерді кең теледидар экранында
керемет дыбыспен көріп, тыңдай аласыз.
Сондай-ақ, компьютерді теледидарға
HDMI не VGA кабелі арқылы жалғауға
болады.
Бағдарламалық нұсқаулықтар
Соңғы әрі келешек жаңалықтарды «қазір
және келесі» EPG (Электрондық
бағдарламалық нұсқаулық) немесе сегіз
күндік EPG арқылы табуға болады.
Бағдарламалық нұсқаулар хабар
таратушылар арқылы беріледі немесе
оларды интернеттен алуға болады.
Теледидарды интернетке қоссаңыз,
бағдарламаның толық мәліметтерін алуға
болады.
EasyLink
Теледидарды HDMI-CEC (тұтынушыға
арналған электрондық басқару құралы)
арқылы қосылатын құрылғыларға
жалғасаңыз, мысалы, Blu-ray ойнатқышы
немесе үй кинотеатры, оларды бір
уақытта бір қашықтан басқару құралымен
басқаруға болады. Қосылғаннан соң жай
ғана EasyLink торабына ауысып қосылыңыз.
Көрнекі мәзірлер
Теледидардағы көрнекі мәзірлердің
көмегімен қалаған арнаға немесе медиа
файлына оңай өтуге болады не болмаса
қажеттіліктеріңізге сай теледидар
параметрлерін реттеуге болады.
Теледидардың басқару
элементтері
Артқы басқару элементтері
1. : Теледидарды қосу немесе оны күту
режиміне ауыстыру.
2. CH +/-: келесі немесе алдыңғы арнаға
ауыстыру.
3. : жалғанған құрылғыларды таңдау.
4. +/-: дыбыс деңгейін жоғарылату не
төмендету.
Сенсорлар










