operation manual

KK 6
EasyLink басқару элементтері
Ескерту: Қосылған құрылғы HDMI-CEC
функциясын қолдайтын болса, EasyLink
басқару элементтері қол жетімді болады.
EasyLink басқару элементтері арқылы
теледидарды және басқа HDMI-CEC
құрылғыларын бір қашықтан басқару пульті
арқылы басқаруға болады.
EasyLink басқару элементтеріне кіру
1. Мазмұнды қосылған HDMI-CEC
құрылғысынан көру кезінде OPTIONS
түймесін басыңыз.
2. [Құрылғы түймелерін көрсету]
опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін
басыңыз.
3. EasyLink басқару түймесін таңдаңыз,
сонан соң OK түймесін басыңыз.
EasyLink туралы қосымша мәліметтерді
Теледидардың қосымша мүмкіндіктерін
пайдалану > EasyLink функциясын
пайдалану (Бет 33) бөлімінен оқыңыз.
Смартфонды басқару
Smartphone қосымша қашықтан басқару
пульті, тіпті пернетақта ретінде
пайдалануға болады. Сіз, сонымен қатар,
теледидардан смартфондағы суреттердің
слайдшоуын көре аласыз. «Philips My
Remote» бағдарламасын жүктеу үшін,
Apple Apps дүкеніне немесе Android
Market торабына кіріңіз. Бағдарлама
дүкенінде берілген нұсқауларды
орындаңыз.
Теледидар мен смартфонның бірдей
жергілікті желіге қосылғанына көз
жеткізіңіз. Желілік қосылымдар туралы
қосымша мәлімет алу үшін, Теледидарды
қосу > Желі және интернет (Бет 60)
бөлімін оқыңыз.
Маңызды мәлімет
Қауіпсіздік
Теледидарды пайдаланардың алдында
барлық нұсқауларды оқып, түсініп алыңыз.
Нұсқауларды орындау қателігінен ақаулық
туындаса, кепілдік қолданылмайды.
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу
қаупі бар!
Теледидарды жаңбырға немесе суға
шығармаңыз. Теледидардың жанына
ваза сияқты сұйықтық құйылған
ыдыстарды қоймаңыз. Егер сұйықтық
теледидардың үстіне немесе ішіне
төгілсе, теледидарды қуат көзінен
бірден ажыратыңыз. Теледидарды
пайдаланбастан бұрын оны тексеріп
алу үшін Philips тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ешқашан теледидарды, қашықтан
басқару пультін немесе батареяларды
жалаңаш жалынның немесе басқа
қызу көздерінің жанына, оның ішінде
тікелей күн шуағына қоймаңыз.
Өрттің жайылып кетуіне жол бермеу
үшін шырағданды немесе басқа
жалынды теледидардан, қашықтан
басқару пультінен және
батареялардан барлық уақытта алыс
ұстаңыз.
Ешқашан теледидардың желдеткіш
тесіктеріне немесе басқа ашық
жерлеріне заттар салмаңыз.
Қашықтан бақылау немесе
батареяларды жаңбырға, суға немесе
тым көп қызулы жерлерге
шығармаңыз.