Register your product and get support at www.philips.
EN - Addendum ES - Apéndice Channel swapping while reordering channels is only supported for sets with DVB-C/T reception. El cambio de canal durante la reorganización de canales solo puede realizarse en aparatos con recepción DVB-C/T. Update to the chapter Get started > TV controls > Rear controls: Actualización del capítulo Introducción > Controles del televisor > Controles de la parte posterior - Switch the TV to standby.
IT - Documento aggiuntivo PL - Dodatkowa informacja È possibile cambiare canale durante il riordino dei canali solo nei televisori con sintonizzatore digitale DVB-C/T integrato per la ricezione digitale via cavo. Zamiana kanałów podczas zmiany kolejności kanałów jest obsługiwana tylko w telewizorach odbierających sygnał DVB-C/T.
SR - Dodatak Menjanje kanala tokom promene rasporeda kanala podržano je samo na uređajima sa DVB-C/T prijemom. Dopuna odeljka Prvi koraci > TV kontrole > Kontrole sa zadnje strane - Isključite televizor tako da bude u stanju pripravnosti. SV - Tillägg Kanalväxling under omarrangering av kanaler är endast möjlig med produkter som har DVB-C/Tmottagning. Uppdatera till avsnittet Komma igång > Knappar och reglage > Kontroller på baksidan -Sätta TV:n i standby-läge.
Мазмұндар кестесі 1 Жұмысты бастау 3 6 Теледидарды шолу 3 Теледидардың басқару элементтері 4 Маңызды мәлімет 6 Тұрақтылық 10 Анықтама және қолдау 12 2 3 4 Теледидарды пайдалану 13 ТД көру Бағдарламалық нұсқаулықты көру Медиа файлдарын көру Smart TV шолу Өзара белсенді ТД 13 17 18 20 23 Теледидардың қосымша мүмкіндіктерін пайдалану 25 Теледидарды кідірту Телешоуларды жазу Ойындар ойнату Телемәтінді көру Блоктау мен таймерлерді орнату EasyLink функциясын пайдалану Scenea функциясын пайдалану 25
Теледидарды шолу Айқындығы жоғары теледидар Теледидар ажыратымдылығы жоғары (HD) экранмен жабдықталғандықтан, HD бейнені осы және қосымша әдістермен көруге болады: HDMI кабелімен жалғанған әрі Blu-ray дискіні ойнататын Blu-ray диск ойнатқышы HDMI кабелімен жалғанған әрі DVD дискіні ойнататын жоғары сапалы DVD ойнатқышы тікелей HD хабар таратушы (DVB-T немесе DVB-T2 MPEG4) кабельдік немесе спутниктік теледидар операторын ойнататын, HDMI кабелі арқылы жалғанатын айқындығы жоғары телесигналдар қабылдағ
Медиа файлын ойнату Теледидарды USB сақтау құрылғысына жалғасаңыз, фильмдерді, музыканы және суреттерді кең теледидар экранында керемет дыбыспен көріп, тыңдай аласыз. Сондай-ақ, компьютерді теледидарға HDMI не VGA кабелі арқылы жалғауға болады. Теледидардың басқару элементтері Артқы басқару элементтері Бағдарламалық нұсқаулықтар Соңғы әрі келешек жаңалықтарды «қазір және келесі» EPG (Электрондық бағдарламалық нұсқаулық) немесе сегіз күндік EPG арқылы табуға болады.
Қазақ 1. Қашықтықтан басқару пультінің сенсоры Қашықтан басқару пультін сенсорға қарай бағыттаңыз. Қашықтан басқару пільті мен теледидар арасында жиһаз немесе басқа заттар кедергі жасап тұрмағанын тексеріңіз. Қашықтан басқару пульті 10. LIST: ТД арналар тізіміне кіру. 11. ADJUST: ТД параметрлеріне кіру. 12. INFO: ағымдағы әрекет туралы мәліметтерді көрсету. 13. OPTIONS: ағымдағы қол жетімді опцияларға кіру. 1. (Күту режимі): теледидарды қосу немесе оны күту режиміне ауыстыру. 2.
EasyLink басқару элементтері Ескерту: Қосылған құрылғы HDMI-CEC функциясын қолдайтын болса, EasyLink басқару элементтері қол жетімді болады. EasyLink басқару элементтері арқылы теледидарды және басқа HDMI-CEC құрылғыларын бір қашықтан басқару пульті арқылы басқаруға болады. EasyLink басқару элементтеріне кіру 1. Мазмұнды қосылған HDMI-CEC құрылғысынан көру кезінде OPTIONS түймесін басыңыз. 2. [Құрылғы түймелерін көрсету] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. 3.
Қуат розеткасына қатты күш салмаңыз. Қуат розеткасының қуат көзіне толық қосылғанын тексеріңіз. Бос тағылған қуат розеткасы күюге немесе өртке себеп болуы мүмкін. Теледидар айналмалы етіп орнатылғанда, электр шнурының тартылып тұрмағанына көз жеткізіңіз. Тоқ сымындағы дәнектер байланысты нашарлатуы және күюіне себеп болуы мүмкін. Телдидарды ток көзінен ажырату үшін теледидардың электр шнуры ажыратылуы керек. Электр шнурын ажыратқанда, шрундан емес, әрдайым ашасынан тартып суырыңыз.
Найзағай алдында теледидарды қуат көзінен және антеннадан ажыратып қойыңыз. Найзағай кезінде теледидардың кез келген бөлігіне, қуат сымына немесе антенна кабеліне тиіспеңіз. Есту қабілеті зақымдану қауіпі! Құлаққапты жоғары дауыс деңгейінде немесе ұзақ уақыт пайдаланудан сақтаныңыз.
Мына нұсқаулықта нақты тыйым салынған әрекеттер немесе мына нұсқаулықта ұсынылмаған немесе рұқсат берілмеген реттеу немесе жинау тәртіптері кепілдікті жарамсыз етеді. CE белгісімен үйлесімділік Қазақ TP Vision Netherlands B.V. осы құжат мазмұнындағы кез келген қателерге немесе осы құжат мазмұнының нәтижесі ретінде шыққан кез келген ақауларға жауапты емес. Philips құрылғысында жазылған қателер Philips қолдау көрсету веб-торабына мүмкіндігінше қысқа мерзімде орнатылады және жарияланады.
Сауда белгілер мен авторлық құқықтар Windows Media - тіркелген сауда белгісі немесе Microsoft Корпорациясының Америка Құрама Штаттарында және/немесе басқа елдерде сауда белгісі. Dolby зертханаларынан алынған лицензия бойынша жасалған. «Dolby» және қос «D» таңбасы – Dolby зертханаларының сауда белгілері. HDMI мен HDMI High-Definition Multimedia Interface сөз тіркестері және HDMI белгісі Америка Құрама Штаттарындағы немесе басқа елдердегі HDMI Licensing ЖШҚ сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
Электр энергиясын үнемдейтін сурет параметрлері: Электр энергиясын үнемдейтін сурет параметрлерінің жиынтығын қолдануға болады. Теледидарды көріп отырған кезде, Жасыл түсті түйме түймесін басып, [Қуат үнемдеу] опциясын таңдаңыз. Экранды өшіру: теледидардан тек дыбысты ғана тыңдағыңыз келсе, теледидардың экранын өшіруге болады. Басқа функциялар әдеттегідей жұмыс істеуді жалғастырады. Жарық сенсоры: қараңғы болғанда, кірістірілген сыртқы жарық сенсоры ТД экран жарықтығын азайтады.
Белгіден қуатты тиімді тұтыну тобын, қолданыстағы өнімнің қуат тұтынудың орташа мәні мен 1 жылдық қуат тұтынудың орташа мәнін табуға болады. Өнімнің қуат тұтыну мәндерін, сондай-ақ, еліңізге тиісті Philips веб-торабынан, яғни www.philips.com/TV, табуға болады. Анықтама және қолдау Анықтаманы пайдалану Экрандағы анықтама мәзіріне кіру үшін, Сары түсті түйме түймесін басыңыз. Анықтама мәзірі мен теледидар мәзірі арасында ауыстырып қосу үшін, Сары түсті түйме түймесін басыңыз.
ТД көру Теледидарды қосу немесе өшіру Теледидарды өшіру Желі қуатын қосқышты өшіріңіз. Теледидар өшеді. Ескертпе. Теледидар күту режимінде болғанда не өшіп тұрғанда аз мөлшерде қуат тұтынса да, ол біраз қуат жұмсайды. Теледидарды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, оны негізгі қуат көзінен суырып алыңыз. Автоматты өшіру Теледидардың осы қуатты тиімді пайдалану мүмкіндіктерімен қуатты үнемдеуге болады.
Теледидардың дыбыс деңгейін дұрыстау Теледидардың дыбыс деңгейін жоғарылату немесе төмендету Қашықтан басқару құралындағы +/түймесін басыңыз. Теледидардың бүйіріндегі +/түймесін басыңыз. Теледидар арналарын ауыстыру Қашықтан басқару пультіндегі не теледидардағы CH +/- түймесін басыңыз. Арнаның нөмірін енгізу үшін Санды түймелер түймесін басыңыз Таңдаулыларды басқару Теледидардың дыбысын өшіру немесе қосу Теледидардың дыбысын өшіру үшін түймесін басыңыз.
Арналар орнатылған соң, оларды басқаруға болады: Арналардың атауларын өзгерту Арналарды ретке келтіру Сандық радионы тыңдау Арналардың атауларын өзгерту Арналардың атауларын өзгертуге болады. Атаулары арналарды таңдағанда көрсетіледі. 1. Теледидарды көріп отырған кезде LIST түймесін басыңыз. Арналар тізімі көрсетіледі. 2. Атауы өзгертілетін арнаны таңдап, OPTIONS түймесін басыңыз. 3. [Атауын өзгерту] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. 4.
Дереккөз мәзірінен көру Сондай-ақ, қосқыштардың атауларының тізімін көрсету үшін SOURCE түймесін басуға болады. Құрылғыны теледидарға қосатын қосқышты таңдаңыз. 1. SOURCE түймесін басыңыз. 2. Тізімнен қосқышты таңдау үшін Жылжу түймелері түймесін басыңыз. 3. Растау үшін OK түймесін басыңыз. Зерделі параметрлерді пайдалану Теледидарда смарт сурет және дыбыс параметрлері бар. Осы параметрлерді қолдануға немесе теңшеуге болады. Қалаған сурет параметрін таңдау 1.
[Масштабта емес]: Компьютер үшін барынша толық мәлімет беру. Сурет мәзірінде компьютер режимі таңдалғанда ғана қол жетімді болады. Бағдарламалық нұсқаулықты көру Хабар таратушыдан Сандық теледидар арналары туралы ақпаратты хабар таратушылар беретін бағдарламалық нұсқаулықтар арқылы қарап шығуға болады. Мына ақпаратқа кіретіндер: Хабар таратушымен қолдау көрсетілетін болса, бір күндік («Қазір және келесі») не ең көбі сегіз күндік арналар кестесі Бағдарламалар туралы мәлімет Ескерту.
Субтитрлер қол жетімді болғанда қосу Экрандық қашықтан басқару пультін көрсету 1. Бағдарламалық нұсқаулықта OPTIONS түймесін басыңыз. 2. Опцияны таңдап, OK түймесін басыңыз: [Жазу]: жоспарланған жазбаны орнату. [Арнанын анықтау]: арна ақпаратын қолмен жаңарту. [Күнді таңдау]: Көрсету үшін күнді таңдау. [Қолмен жазу]: жазбаны қолмен орнату. [Қосымша түймелерді көрсету]: экрандық қашықтан басқару пультін көрсету. [Бетті қайта жүктеу]: бет көрінісін жаңарту.
Файлдарды USB құрылғысынан ойнату Егер USB құрылғысында фотосуреттер, бейнелер немесе музыка файлдары бар болса, файлдарды теледидарда ойнатуға болады. Ескерту: TP Vision компаниясы USB сақтау құрылғысына қолдау көрсетілмеуіне, сондай-ақ, ондағы деректердің зақымдануына немесе жоғалуына жауап бермейді. USB портын шамадан көп жүктемеңіз. Егер 500 мА-ден аса қуат тұтынатын USB сақтау құрылғысын жалғасаңыз, оның өзінің сыртқы қуат көзіне жалғанып тұрғанын тексеріңіз. USB мазмұндарын қарау 1.
Суреттерді көру Сурет таңдау үшін, Жылжу түймелері түймесін басып, одан кейін слайд көрсетуді бастау үшін, OK түймесін басыңыз. Кідірту үшін, түймесін басыңыз. Тоқтату үшін, түймесін басыңыз. Слайдшоуды кідірту немесе тоқтату үшін, OK түймесін басыңыз. Алдыңғы немесе келесі файлды өткізу үшін, CH - or CH + түймесін басыңыз. Мазмұн шолғышынан шығу үшін түймесін басып тұрыңыз.
Smart TV бағдарламаларға кіру 1. Үй желісінде теледидарды интернетке қосыңыз 2. Теледидарда Smart TV қызметтерін реттеңіз. 3. (Міндетті емес) Компьютерде, ерекше артықшылықтар және өнім туралы жаңартылған мәліметтер алу үшін Philips жүйесінде тіркеліңіз. Кез келген уақытта тіркелуге болады. Теледидарды Интернетке қосу 1. Үй желісінде, жоғары жылдамдықпен істейтін машрутизаторды интернетке қосыңыз. 2. Маршрутизаторды қосыңыз. 3. Желіні орнатыңыз.
Бетті масштабтау Интернет бетте ұлғайту және кішірейту үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз: 1. OPTIONS түймесін басып, одан кейін [Бетті масштабтау] опциясын таңдаңыз. 2. Үлкейту параметрін орнату үшін, сырғытпалы жолақты пайдаланыңыз. 3. Бөлектелген элементтерге өту және интернет бет арқылы айналдырып көру үшін, Жылжу түймелері (Шарлау түймелерін) пайдаланыңыз. Беттерді айналдырып көру Веб-бетте жоғары және төмен айналдыру үшін, P+ және P- түймесін басыңыз.
Егер жүктеуден бас тарсаңыз, бейнені жалға беру мерзімі біткенге дейін жүктеп алуға болады. Бейнені көру 1. Smart TV қызметіне кіру үшін қашықтан басқару пультіндегі SMART TV түймесін басыңыз. Орнатылған бейнелер дүкені негізгі экранда көрсетіледі. 2. Бейнені жалға алған бейнелер дүкенін таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. Кіру мәліметтеріңізбен онлайн бейнелер дүкеніне кіріңіз. 4. Жүктелген бейнелердің тізімінен бейнені таңдаңыз, сонан соң оны ойнату үшін OK түймесін басыңыз.
Ойындар ойнату Онлайн режимінде сатып алу VOD бағдарламасына төлеу Дауыс беру Сөйлесу Қажетті әрекеттер Бұл қызметті пайдалану үшін, мыналар қажет: өзара белсенді қызметтері бар сандық арналар uPnP маршрутизаторы арқылы қосылған сымды немесе сымсыз үй желісі. Желілік байланыс туралы ақпарат алу үшін, Теледидарды қосу > Желі және интернет (Бет 60) бөлімін қараңыз.
Теледидарды кідірту Не істеуге болады Сандық арнаны көріп отырғанда, қоңырауға жауап беру не үзіліс жасау үшін бағдарламаны кідіртуге болады. Таратылым теледидарға жалғанған USB қатты дискісіне сақталады. Бағдарламаны кез келген уақытта қайта ойнатуға болады. Ескертпе. Бағдарламаны көп дегенде 90 минутқа кідіртуге болады. Не қажет Сандық арналарды қабылдау үшін теледидарды баптаңыз. Теледидарды орнату > Арна параметрлері > Автоматты түрде орнату (Бет 40) бөлімін қараңыз.
4. Теледидарды және, сыртқы қуат көзі болған жағдайда, қатты дискіні қосыңыз. 5. Сандық теледидар арнасына ауысып қосыңыз. 6. Пішімдеуді бастау үшін, түймесін басыңыз. 7. Пішімдеу үрдісін аяқтау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Ескерту. Пішімдеу үрдісі біраз уақыт алуы мүмкін. Бұл үрдіс аяқталғанша теледидарды қоспаңыз немесе USB қатты дискісін ажыратпаңыз. Тікелей теледидар таратуын кідірту Тікелей теледидардан көрсетілетін таратылымды көру үшін, түймесін басыңыз.
Теледидар бағдарламасын жазу үшін төмендегіні орындаңыз: Сандық теледидар арналарын қабылдау үшін теледидарды баптаңыз (DVB тарату немесе оған ұқсас). Теледидарды орнату > Арна параметрлері > Автоматты түрде орнату (Бет 40) бөлімін қараңыз. Теледидардың жоғары жылдамдықпен тарату қосылымы арқылы интернетке қосылып тұрғанын тексеріңіз. Теледидарды қосу > Желі және интернет (Бет 60) бөлімін қараңыз. Аз дегенде 250 Гб сыйымдылығы әрі бір секунд ішінде 30 Мб тасымалдау жылдамдығы бар үйлесімді USB 2.
4. Теледидарды және, сыртқы қуат көзі болған жағдайда, қатты дискіні қосыңыз. 5. Сандық теледидар арнасына ауысып қосыңыз. 6. Пішімдеуді бастау үшін, түймесін басыңыз. 7. Пішімдеу үрдісін аяқтау үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Ескерту. Пішімдеу үрдісі біраз уақыт алуы мүмкін. Бұл үрдіс аяқталғанша теледидарды қоспаңыз немесе USB қатты дискісін ажыратпаңыз. Жазуды бастау Бір рет түртіп жазу Ағымдағы көріп отырған бағдарламаны жазу үшін, қашықтан басқару пультіндегі түймесін пайдалануға болады: 1.
Жазбаларды көру Телебағдарламаны жазған соң, оны көруге болады. 1. түймесін басыңыз, [Бағдарлама нұсқаулығы] > [{0} жазулары] параметрін таңдаңыз, сонан соң OK түймесін басыңыз. Жазбалар тізімі көрсетіледі. 2. Тізімнен жазбаны таңдап, OK түймесін басыңыз. Жазбаны ойнату басталады. Ескертпе:[{0} жазулары] ішінде жақшадағы сан қол жетімді аяқталған жазбалардың санына байланысты өзгереді. Оның орнына [ТД жазу] көрсеңіз, аяқталған жазбалар жоқ деген сөз.
Ойындар ойнату Телемәтінді көру Ойын консолін қосу Бетті таңдау Теледидарда жобаланған ойындар ойнауға болады. Бастау алдында ойын консолін осы теледидарға қосыңыз. ТД қосу > Құрылғыларды қосу > Ойын консолі (Бет 53) бөлімін оқыңыз. Телемәтін функциясы бар арналарды көріп отырғанда, телемәтінді көруге болады. 1. Телемәтін функциясы бар арнаны таңдап, TEXT түймесін басыңыз. 2. Бетті келесі әдістердің бірімен таңдаңыз: Беттің нөмірін Санды түймелер арқылы енгізіңіз.
OPTIONS түймесін Телемәтін тілі Басқа телемәтін тілдерін қамтамасыз ететін таратушылары бар сандық ТД арналары үшін қалаған негізгі және қосымша тілді таңдауға болады. 1. түймесін басыңыз. 2. [Реттеу] > [Арна параметрлері] немесе [Жерсерік параметрлері] опциясын таңдаңыз. 3. [Тілдер] > [Негізгі телемәтін] немесе [Көмекші телемәтін] опциясын таңдаңыз. 4. Тілді таңдап, OK түймесін басыңыз. Қосалқы беттер Телемәтін бетінде бірнеше қосымша беттер бар болса, әрбір қосымша бетті кезекпен қарауға болады.
Блоктау мен таймерлерді орнату Сағат Теледидар экранынан сағатты көрсетуге болады. Сағат телевизия қызметтерін көрсететін операторыңыз тарататын уақытты көрсетеді. Теледидар сағатын көрсету 1. Теледидарды көріп отырған кезде OPTIONS түймесін басыңыз. 2. [Статус] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. Сағат теледидар экранының төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі. Сағат режимін өзгерту Сағат режимін автоматты не қолмен режиміне өзгертуге болады.
Ата-аналық құлып деңгейі Теледидарды тек балаңыздың жасынан кіші жас деңгейлері орнатылған бағдарламаларды көрсететін етіп қоюға болады. Бұл шектеу бағдарламаларды жасқа байланысты жіктейтін таратушылардан алынған сандық арналарға ғана қолданылады. 1. түймесін басыңыз. 2. [Реттеу] > [Арна параметрлері] немесе [Жерсерік параметрлері] опциясын таңдаңыз. 3. [Балалардан қорғау құлпы] > [Атааналық рейтинг] опиясын таңдаңыз. Балалардың көруін шектейтін блоктау кодын енгізу сұралады. 4.
Сурет сапасын сақтау Теледидардың сурет сапасына басқа құрылғылардың суретті өңдеу мүмкіндіктері әсер етсе, сурет сапасын сақтау үшін Pixel Plus Link (Қосымша пиксел қосу) функциясын қосуға болады. Субтитрі бар бейне үшін дисплейді барынша үлкейту Кейбір субтитрлер бейненің астында бөлек субтитр жолағын жасауы мүмкін; ол бейне көрсету аумағын шектейді. Бейне көрсету аумағын ұлғайту үшін, Auto subtitle shift (Авто субтитрді жылжыту) функциясын қосып, субтитрлерді бейненің жоғарғы жағынан көрсетуге болады.
Динамик шығысын таңдау Егер қосылған құрылғы HDMI CEC стандартымен үйлесімді болса, теледидар дыбысын HDMI кабелі арқылы шығаруға болады. Қосымша дыбыс кабельдердің қажеті жоқ. Құрылғыны теледидардың HDMI коннекторына жалғағаныңызға көз жеткізіңіз. Қараңыз: Теледидарды қосу > Кабельдер туралы > HDMI (Бет 49). Теледидар динамиктерін реттеу 1. түймесін басыңыз. 2. [Реттеу] > [Теледидар параметрлері] > [EasyLink] > [Теледидар динамиктері] опцияларын таңдаңыз. 3.
[Өшірулі]Теледидар дыбысын теледидардың динамиктері арқылы немесе сандық аудио шығыс коннекторымен қосылған құрылғы арқылы естіңіз. 5. Ойнатуды қашықтан басқару пультінің ойнату түймелерімен басқарыңыз. Дыбысты синхрондау Теледидар үй кинотеары жүйесіне (HTS) жалғанған болса әрі сурет пен дыбыс арасында кідіріс бар болса, оларды синхрондауға болады. Philips үй кинотеатры жүйесін қолдансаңыз, дыбыс пен бейне автоматты түрде синхрондалады.
Қазақ Scenea функциясын пайдалану Не істеуге болады Scenea функциясымен суретті теледидардағы тұсқағаз түрінде көрсетуге болады. Әдепкі суретті көрсетіңіз не болмаса, өзіңіздің суретіңізді тұсқағаз ретінде жүктеңіз. Тұсқағаз 240 минут не күту күйі таймері уақытында көрсетіледі. Қосу 1. түймесін басыңыз. 2. [Scenea] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. Әдепкі сурет көрсетіледі. Ескертпе. Тұсқағаз 240 минут не күту күйі таймері уақытында көрсетіледі.
4 Теледидарды орнату Сурет пен дыбыс Параметрлер шебері Сурет пен дыбыс параметрлерін, таңдалған параметрді бірден көрсететін, параметрлер көмекшісі арқылы таңдауға болады. 1. Теледидарды көріп отырған кезде түймесін басыңыз. 2. [Реттеу] > [Жылдам сурет және дыбыс параметрі] опцияларын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. [Бастау] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. 4. Қажетті параметрлерді таңдау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
[PC режимі]: Компьютер теледидарға HDMI арқылы қосылғанда сурет параметрлерін өзгертуге рұқсат етеді. Қосылған жағдайда, компьютер мазмұнын көрсету үшін барынша көп мәлімет беретін [Сурет форматы] > [Масштабта емес] параметрлерін таңдауға болады. [Жарық сенсоры]: Параметрлерді жарық жағдайларына сәйкес динамикалық түрде реттейді. [Сурет форматы]: Сурет форматын өзгертеді. [Экран жиектері]: Сурет өлшемін өзгертеді. [Сурет өзгерісі]: суреттің орнын өзгерту.
Арна параметрлері Автоматты орнату Теледидар алғаш қосылғанда арналардың толық орнатылуы жасалды. Тілді әрі елді өзгерту және барлық қол жетімді ТД арналарын қайта орнату үшін, осы толық орнатуды қайта іске қосуға болады. Орнатуды бастау 1. түймесін басыңыз. 2. [Реттеу] > [Арналарды іздеу] > [Арналарды қайта орнату] опцияларын таңдап, OK түймесін басыңыз. Елдер мәзірі көрсетіледі. 3. Елді таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. 4. Желіні таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
Сандық арналарды орнату Арналар тізімін жаңарту Орнатылатын арналардың жиілігін білсеңіз, сандық арналарды бір-бірлеп іздеп, сақтауға болады. Үздік нәтижелер алу үшін, хабар таратушыға немесе кәсіби орнатушыға хабарласыңыз. 1. түймесін басыңыз. 2. [Реттеу] > [Арна параметрлері] > [Арналарды орнату] опцияларын таңдаңыз. 3. [Сандық: Қабылдауды тексеру] > [Іздеу] таңдап, одан кейін OKтүймесін басыңыз. 4. Арна жиілігін енгізу үшін Санды түймелер түймесін басыңыз. 5.
Арналарды көшіру НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: бұл мүмкіндік дилерлерге және қызмет көрсету қызметкерлеріне арналған. Арна тізімдерін бір Philips теледидарына екіншісіне USB жад құрылғысы арқылы көшіруге болады. Екінші теледидарда арналарды іздеудің немесе оларды қайтадан орнатудың қажеті жоқ. Арналар тізімінің файлы кез келген USB жад құрылғысына сыятындай шағын.
Жерсерік параметрлері Не істеуге болады Жерсерік арналарын көру Ескертпе. Тек нақты үлгілерде қол жетімді. [Жерсерік іздеу] параметрі теледидар DVB-S таратылымын қолдаса, қолжетімді болады. Жерсерік арналарын қабылдау үшін, теледидардағы SAT коннекторын жерсерік параболалық антеннаға жалғаңыз. LNB түрлендіргіштері Бұл теледидар 4 түрлі аз шу шығаратын төмен бағытталған түрлендіргіштерден (LNB) сигналдарды қабылдайды.
Жерсеріктерді қосу және жою Жерсеріктерді кез келген уақытта қосуға не жоюға және жаңа жерсеріктерден арналар орнатуға болады. Ескертпе. Жерсеріктер қосу алдында, байланыс түрінің дұрыс екенін тексеріңіз. Теледидарды орнату > Жерсерік параметрлері > Жерсерік арналарын орнату (Бет Error! Bookmark not defined.) бөлімін қараңыз. 1. > [Реттеу] > [Жерсерік іздеу] опцияларын таңдап, OK түймесін басыңыз. 2. [Жерсерік қосу] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
1. Аналогты ТД арнасын көріп отырғанда, TEXT түймесін басыңыз. 2. Субтитрлер бетінің үш сандық бет нөмірін (әдетте «888») енгізіңіз. Қол жетімді субтитрлер қосылады. 3. Телемәтін функциясынан шығу үшін, түймесін басыңыз. Сандық арналардағы субтитлер 1. Сандық ТД арнасын көріп отырғанда, OPTIONS түймесін басыңыз. 2.[Субтитрлер] тармағын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. 3. [Субтитрлер өшірулі], [Субтитрлер қосулы] немесе [Дыбыссыз кезде қосулы] параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
Көру қабілеті нашарларға арналаған кіру рұқсаты Кеңес. Көру қабілеті нашарларға арналған дыбыстық жазба тілінің бар екенін тексеру үшін, OPTIONS түймесін басып, одан кейін [Аудио тіл] опциясын таңдаңыз. Көз белгішесі бар тілдер көру қабілеті төмен адамдарға арналған дыбысты қолдайды. Көру қабілеті нашарларға арналған дыбыстық жазбаны қосу 1. Теледидарды көріп отырған кезде OPTIONS түймесін басыңыз. 2. [Әмбебап пайдалану] опциясын таңдаңыз. 3.
Басқа параметрлер Телевизиялық көрсетілім Осы теледидардағы мүмкіндіктер туралы қосымша мәліметтер алу үшін, демо нұсқасынан бастауға болады. Ескертпе: демонстрациялық көрсетілімдер MHEG арналарында көрсетілмейді. 1. Теледидарды көріп отырған кезде түймесін басыңыз. 2. [Реттеу] > [Көрсетілімдерді көру] опцияларын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. Демонстарциялық көрсетілімді таңдап, OK түймесін басыңыз. 4. Шығу үшін, түймесін басыңыз.
Бағдарламаны келесі әдістердің бірімен жаңартыңыз: USB жад құрылғысы арқылы жаңарту сандық таратылымнан жаңарту Интернеттен жаңарту USB құрылғысымен жаңарту Бағдарламаны жаңарту алдында, оның сізде бар екенін тексеріңіз: Кемінде 256 Мб сақтау орны бар USB сақтау құрылғысы FAT не DOS күйіне пішімделеді әрі оның жазу қорғанысын ажыратады. USB қосқышы мен интернетке кіру рұқсатымен компьютерге кіріңіз. Ескерту: USB қатты дискісін пайдаланбаңыз. 1. түймесін басыңыз. 2.
Қазақ 5 Теледидарды қосу Кабельдер туралы Кабель сапасы Жалпы шолу Құрылғыларды теледидарға қосудан бұрын құрылғылардағы бар қосқыштарды тексеріңіз. Құрылғыны жоғары сапалы қосылымы бар теледидарға жалғаңыз. Үздік сапасы бар жалғағыштар сурет пен дыбысты жақсы сапада жеткізеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген қосылым үлгілері тек ұсыныс ретінде берілген. Басқа шешімдер де болуы мүмкін. Кеңес.
SCART VGA SCART ұясы бейне мен дыбыс сигналдарын біріктіреді. Құрылғыларды жалғау үшін SCART адаптер кабелін пайдаланыңыз. SCART қосқыштары RGB бейне сигналдарын өңдей алады, бірақ айқындығы жоғары телесигналдарды өңдей алмайды. Компьютер мазмұнын теледидардан көрсету үшін, VGA жалғауға болады. VGA тек бейнелерді тасымалдайды. Дыбыс үшін кабельді, сондай-ақ, AUDIO IN ұясына жалғаңыз. Құрылғылар жалғау Blu-ray немесе DVD диск ойнатқышы Диск ойнатқышын HDMI кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз.
Қазақ Диск ойнатқышты теледидарға қосу үшін дыбыс кабелін және компонентті бейне (Y Pb Pr) кабелімен берілген адаптер кабелін пайдаланыңыз. Теледидар Жер серігі арқылы жұмыс істейтін немесе сандық теледидарды антенна кабелі арқылы теледидарға қосыңыз. (SAT тек кейбір үлгілерде болады) Жерсерікті не теледидарды HDMI кабелі арқылы қосыңыз.
Жерсерікті немесе сандық ТД қабылдағышын теледидарға жалғау үшін жабдықталған адаптер кабелін SCART кабелімен пайдалныңыз. Қабылдағышты теледидарға қосу үшін дыбыс кабелін және компонентті бейне (Y Pb Pr) кабелімен берілген адаптер кабелін пайдаланыңыз. Бейнемагнитофон Бейнемагнитофонды антенна кабелі арқылы теледидарға қосыңыз.
Қазақ Камераны теледидарға жалғау үшін жабдықталған адаптер кабелін SCART кабелімен пайдаланыңыз. Магнитофонды теледидарға қосу үшін дыбыс кабелін және компонентті бейне (Y Pb Pr) кабелімен берілген адаптер кабелін пайдаланыңыз. Ойын құрылғысы Ойын консолін HDMI кабелі арқылы теледидарға қосыңыз.
Ойын конслоін теледидарға қосу үшін дыбыс кабелін және компонентті бейне (Y Pb Pr) кабелімен берілген адаптер кабелін пайдаланыңыз. Үй кинотеатры Үй кинотеатрын HDMI кабелі және дыбыс кабелі арқылы теледидарға қосыңыз. Үй кинотеатрын теледидарға жалғау үшін жабдықталған адаптер кабелін SCART кабелімен пайдаланыңыз.
Қазақ Үй кинотеатры жүйесін теледидарға қосу үшін дыбыс кабелін және компонентті бейне (Y Pb Pr) кабелімен берілген адаптер кабелін пайдаланыңыз. Сандық камера Сандық камераны USB кабелі арқылы теледидарға қосыңыз. Сандық шағын бейнекамера Сандық шағын бейне камераны HDMI кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз.
Шағын бейне камераны теледидарға қосу үшін дыбыс кабелін және компонентті бейне (Y Pb Pr) кабелімен берілген адаптер кабелін пайдаланыңыз. Қосымша құрылғыларды қосу USB қатты дискі USB қатты дискіні USB кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Компьютер Компьютерді HDMI кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз.
Қазақ Компьютерді DVI-HDMI кабелі және дыбыс кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Компьютерді VGA кабелі және дыбыс кабелі арқылы теледидарға қосыңыз. Пернетақта және тінтуір USB пернетақтасы Теледидардағы құрылғы атаулары немесе Smart TV бағдарламаларына арналған мәтін сияқты мәтінді енгізу үшін USB пернетақтасын қосуға болады. USB тінтуірі Интернетте беттерді шарлау әрі сілтемелерді оңай нұқу үшін USB тінтуірін де жалғауға болады.
Пернетақта мен тінтуірді USB кабелі арқылы теледидарға жалғаңыз. Теледидар пернатақтаны анықтағаннан кейін, пернетақта орналасуын таңдап, таңдауыңызды сынақтан өткізіңіз. Егер алдымен кириллица немесе грек пернетақта орналасуын таңдасаңыз, екінші латын пернетақта орналасуын да таңдауға болады. Пернетақта орналасуы параметрін өзгерту үшін > [Реттеу] > [Теледидар параметрлері] > [Басымдықтар] > [USB тінтуірі/пернетақтасы] > [Пернетақта параметрлері] тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Жаңа құрылғы қосу Жалғанған құрылғыны келесі әдістердің бірімен көруге болады: оңай кіру үшін оның белгішесін бастапқы мәзірге қосыңыз. Дереккөз мәзірінен таңдаңыз. Ескертпе. HDMI-CEC жүйесімен үйлесімді құрылғыны теледидарға HDMI кабелі арқылы жалғап, оны іске қоссаңыз, құрылғы автоматты түрде «Негізгі» мәзірге қосылады. Жаңа құрылғы қосу 1. Құрылғыны жалғап, қосыңыз. 2. түймесін басыңыз. 3. [Құрылғы қосу] опциясын таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Желі және интернет Не істеуге болады Медиа файлдарын көру Теледидарды үй желісіне қосатын болсаңыз, суреттерді, музыканы және бейнелерді компьютерден ойнатуға болады. Теледидарды пайдалану > Медиа файлдарын көру (Бет 18) бөлімін қараңыз. Smart TV Теледидарды үй желісіне интернет байланысы арқылы қосатын болсаңыз, Smart TV қызметін шолуға болады. Smart TV теледидарға арнап жасалған интернет қызметтері мен вебтораптарды ұсынады.
1. Маршрутизаторды қосыңыз және оның DHCP параметрін қосыңыз. 2. Маршрутизаторды ethernet кабелі арқылы теледидарға қосыңыз. 3. түймесін басыңыз, одан кейін [Реттеу] таңдаңыз. 4. [Желіге қосылу] таңдап, OK түймесін басыңыз. 5. Желіні орнату үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 6. Теледидар желілік қосылымды тапқанша күте тұрыңыз. 7. Сұралған жағдайда, соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімін шарттарын қабылдаңыз. Wi-Fi Ready Бұл бөлім тек Wi-Fi байланысы бар теледидарлар үшін арналады.
WPS маршрутизаторын қосып жатсаңыз, теледидарда [WPS] опциясын таңдаңыз. Қосылатын машрутизатор бағдарламасында PIN кодын орнату үшін, [WPS PIN коды] опциясын таңдап, кодын жазып алыңыз. Шифрлау кілтін қолмен енгізу үшін, [Стандартты] опциясын таңдап, одан кейін сұралғанда кілтті енгізіңіз. WPS шифрлау арқылы сенімді байланыс орнату 1. PIN кодымен қауіпсіз байланыс орнату үшін, [WPS PIN коды] таңдап, OK түймесін басыңыз. 2.
Не істеуге болады Шифрланған сандық ТД арналарын шартты кіру модулі (CAM) арқылы көруге болады. CAM енгізіліп, жазылу ақысы төленген соң, бағдарламаны көруге болады. Бұл теледидар CI және CI+ модульдерін қолдайды. CI+ модулі жоғары деңгейде көшіру қорғанысы бар үздік HD сандық бағдарламаларды қолдайды. Ескертпе. Бағдарламалар, функциялар, мазмұн және экрандағы хабарлар CAM қызмет провайдеріне байланысты болады. CAM қызметтерін көру 1.
6 Ақаулықтарды жою Жалпы мәселелер Теледидар қосылмайды: Электр шнурын ток көзінен ажыратыңыз. Бір минут күтіп, оны қайта жалғаңыз. Электр шнурының дұрыс қосылғандығын тексеріңіз. Қосылғанда, теледидар қашықтан басқару пультіне немесе алдыңғы жағындағы басқару элементтеріне жауап бермейді Қосылу үшін теледидарға біраз уақыт қажет болады. Осы кезде теледидар қашықтан басқару пультіне немесе алдыңғы басқару элементтеріне жауап бермейді. Бұл қалыпты жағдайды білдіреді.
ТД арналарын орнату керек Аналогты не сандық арналарды орнату бойынша нұсқауларды Теледидарды орнату > Арналар параметрлері (Бет 40) бөлімінен қараңыз. Жерсерік арналарын орнату үшін, Теледидарды орнату > Жерсерік параметрлері (Бет 43) бөлімін қараңыз. Орнату кезінде ешқандай сандық арналар табылмады: Еліңізде теледидардың DVB-T, DVBC немесе DVB-S сигналдарын қолдайтынын тексеріңіз. барлық кабельдердің дұрыс қосылып тұрғанын әрі дұрыс желінің таңдалғанын тексеріңіз.
Сурет форматы басқа арналармен қоса өзгереді: [Автомасштабтау] орнына нақты сурет пішімін қолданып көріңіз. Суреттің орны дұрыс емес: Кейбір құрылғылардың сурет сигналдары экранға дұрыс сәйкес келмейді. Құрылғының сигнал шығысын тексеріңіз. Хабар тарату кезіндегі сурет сызылып кеткен: Мазмұнға кіру үшін Шартты кіру модулін пайдалану қажет болуы мүмкін. Оператордан сұрап біліңіз. Ақпарат көрсететін стикер баннері теледидар дисплейіне көрсетіледі. Теледидар [Дүкен] режимінде.
HDMI құрылғыларында ақаулық туындады: HDCP (кең жолақты сандық мазмұнды қорғау) қолдауының HDMI құрылғысынан берілетін мазмұнды көрсетуге теледидар үшін алынған уақытты кідіртетінін ескеріңіз. Егер теледидар HDMI құрылғысын танымаса және ешқандай сурет көрінбесе, ресурсты бір құрылғыдан екіншісіне және керісінше ауыстырып көріңіз. Егер дыбыс әлсін-әлсін үзілсе, HDMI құрылғысының шығыс параметрлерінің дұрыстығын тексеріңіз.
Желі сигнал төмен: Компьютерге сымсыз байланыс арқылы кіріп отырсаңыз, машрутизатор мен теледидар арасындағы сигнал сапасын жақсарту мақсатында машрутизатор жайлы құжаттарды қараңыз. Сымсыз желі бұзылған немесе табылмады: Сымсыз желіге микротолқынды пештердің, DECT телефондарының немесе басқа жақын орналасқан Wi-Fi құрылғыларының кедергі жасамайтынын тексеріңіз. Егер сымсыз желі жұмыс істемесе, сымды желілік қосылымды пайдаланып көріңіз.
Қуат және қабылдау Өнімнің техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі. Электр қуаты Қуаты: айнымалы ток 220-240 В, 5060 Гц Күту режиміндегі қуатты тұтыну: < 0,15 Вт Сыртқы температура: 5-40°С Қуаттың тұтыну деңгейін www.philips.com/suppor сайтындағы өнім сипаттамасынан қараңыз. Өнім кестесінде берілген номиналды қуат – осы өнім қалыпты жағдайда тұрмыста пайдалану кезінде тұтынатын қуат (IEC 62087 Ed.2).
Бейне форматтар (Ажыратымдылық - жаңарту деңгейі) Мультимедиа 480i — 60 Гц 480p — 60 Гц 576i — 50 Гц 576p — 50 Гц 720p — 50 Гц, 60 Гц 1080i — 50 Гц, 60 Гц 1080p — 24 Гц, 25 Гц, 30 Гц, 50 Гц, 60 Гц Қолдау көрсетілетін мультимедиялық байланыстар USB : NTFS, FAT 16, FAT 32. Тек 500 мА немесе азырақ қуат тұтынатын USB құрылғыларды қосыңыз. Ethernet LAN RJ-45 Қолдау көрсетілетін сурет файлдары JPEG (*.
Қазақ Қолдау көрсетілетін дыбыс/бейне файлдары Мультимедиалық файл атаулары 128 таңбадан аспауға тиісті. Қолдау көрсетілетін субтитр пішімдері Мультимедиалық файл атаулары 128 таңбадан аспауға тиісті.
Жинақтағы теледидар бекітпелері Теледидарды қабырғаға теледидарға жарамды тіреуішпен орнатуға болады (жеке сатылады). ТД экран өлшеміне сай ТД тіреуішінің түрін таңдаңыз: 81 см / 32 дюйм: 200 мм x 200 мм, M6 94 см / 37 дюйм: 200 мм x 200 мм, M6 107 см / 42 дюйм: 400мм x 400мм, M6 119 см / 47 дюйм: 400мм x 400мм, M6 Ескерту: теледидар тіреуішімен бірге берілген нұсқаулардың барлығын орындаңыз. TP Vision Netherlands B.V.
C CAM, енгізу - 63 P Philips компаниясына хабарласу - 12 S CAM, Шартты кіру модулі бөлімін қараңыз - 63 SCART - 50 CAM, іске қосу - 63 Scenea, іске қосу - 37 Conditional Access Module (Шартты Кіру Модулі) - 63 Smart TV - 3 cурет форматы - 16 Smart TV, желі - 60 D DTVi - 23 E EasyLink - 33 EasyLink, басқару элементтері - 34 EasyLink, қашықтан басқару пультінің түймелері - 34 EasyLink, мүмкіндіктер - 33 EasyLink, теледидар динамиктері - 35 EasyLink, іске қосу - 34 EasyLink, экрандағы басқару элеме
арналар, қайта орнату - 48 арналар, орнату (автоматты) - 40 арналар, орнату (жерсерік) - 43 Е естілу төмендеді - 45 арналар, орнату (қолмен) - 40 Ж арналар, орнату (сандық) - 41 жазбалар, басқару - 29 арналар, ретін өзгерту - 15 жазбалар, жоспарлау - 28 арналар, таңдаулылар - 14 жазбалар, көру - 29 арналарды орнату, автоматты түрде - 40 жазу, USB құрылғысы - 27 арналардың атауларын өзгерту - 15 жазу, ТД бағдарламалар - 26 артқы басқару элементтері - 4 жалғанған құрылғы, ажырату - 59 ата-анал
компьютер, файлдарды ойнату - 18 контактілік мәліметтер, Интернетте - 12 Ө өнімге қолдау көрсету - 12 Қазақ компьютер, жалғау - 56 көзге көрінетін зақым - 46 П көрсету - 69 пайдалануды аяқтау - 11 күту режимі - 13 параметрлер, дыбыс - 39 күшейткіш, дыбыс шығысын таңдау - 35 параметрлер, дыбыс форматы - 39 Қ параметрлер, көмекші - 38 қабырғаға орнатушы - 72 қайта орнату - 48 параметрлер, ойын - 30 параметрлер, сурет - 38 Қауіпсіздік - 6 Р қашықтан басқару пульті - 5 режим, үй немесе дүкен
Т таңдаулы арналар, тізім - 14 теледидар динамиктері, дыбысты өшіру - 14 теледидар, жалғау - 51 теледидарды кідірту - 25 теледидарды қосу, өшіру - 13 телемәтін 2.
© 2012 TP Vision Netherlands B.V. All rights reserved.