User manual

жылдамдықты HDMI кабелін пайдаланыңыз және 5 м-ден
ұзын HDMI кабелін пайдаланбаңыз.
Көшіруден қорғау
HDMI порттарында HDCP (жоғары өткізу мүмкіндігі бар
сандық мазмұнды қорғау) мүмкіндігі бар. HDCP — DVD
немесе Blu-ray дискілерінен мазмұнның көшірілуін
болдырмайтын қорғау сигналы. DRM (сандық құқықтарды
басқару) деп те аталады.
Компонент
Y Pb Pr - Компоненттік бейне жоғары сапалы қосылым
болып табылады.
YPbPr қосылымын ажыратымдылығы жоғары (HD)
теледидар сигналдарына пайдалануға болады. Y, Pb және
Pr сигналдарының жанына дыбысқа арналған Audio Left
and Right (Сол жақ және оң жақ дыбыс) сигналдарын
қосыңыз.
Жалғаған кезде YPbPr (жасыл, көк, қызыл) коннектор
түстерін кабель ашаларына сәйкестендіріңіз.
Құрылғыңыздың даусы болса, Audio L/R кабелін
пайдаланыңыз.
58x3 сериясы үшін
Құрамдас
CVBS — құрама бейне стандартты сапалы қосылым болып
табылады. CVBS сигналы жанына дыбысқа арналған Audio
Left and Right (Сол жақ және оң жақ дыбыс) сигналдарын
қосады.
• Y және CVBS бірдей ұяны пайдаланады.
• Component және Composite бірдей аудио ұяларды
пайдаланады.
58x3 сериясы үшін
5.5
Аудио құрылғы
12