User manual

HDMI ARC
Теледидардағы HDMI 2 қосылымында HDMI
ARC (Дыбысты қайтару арнасы) бар.
Егер құрылғыда – әдетте үй кинотеатры жүйесінде (HTS) –
HDMI ARC ұясы болса, оны осы теледидардағы HDMI
2 ұясына қосыңыз. HDMI ARC ұясымен теледидар суретінің
дыбысын HTS жүйесіне жіберетін сыртқы дыбыс кабелін
жалғаудың қажеті жоқ. HDMI ARC ұяшығы екі сигналды
біріктіреді.
Сандық дыбыс шығысы - оптикалық
Дыбыс шығысы - оптикалық — жоғары сапалы дыбыс
қосылымы.
Бұл оптикалық қосылым 5.1 аудио арналарын
тасымалдайды. Құрылғыңызда, әдетте үй кинотеатры
жүйесінде (HTS) HDMI ARC ұялары болмаса, осы
қосылымды HTS жүйесінде «Дыбыс шығысы - оптикалық»
қосылымымен пайдалануға болады. «Дыбыс шығысы -
оптикалық» қосылымы дыбысты теледидардан HTS
бейнесіне жібереді.
58x3 сериясы үшін
Құлақаспап
Құлақаспап жинағын теледидардың бүйір
бөлігіндегі
байланысына жалғаңыз. Байланыс — 3,5 мм
шағын ұя. Құлақаспаптың дыбыс деңгейін бөлек реттеуге
болады.
58x3 сериясы үшін
5.6
Мобильді құрылғы
Wi-Fi Direct / Miracast
Wi-Fi Miracast туралы
Wi-Fi Miracast™ құралы бар теледидарда мобильді
құрылғыдан фотосуреттерді көруге немесе музыка мен
бейнелерді ойнатуға болады. Мобильді құрылғы мен
теледидар әдетте бір бөлмеде болатын ауқымда болуы
13