User manual

алады. CAM сізді оның жерсеріктері мен арналарын
орнатуға шақырады. Бұл CAM модульдері арналарды
орнатып және шифрын ашып қана қоймай, арнаны
тұрақты жаңартып отырады.
Арналар тізімін көшіру
Кіріспе
Арналар тізімінің көшірмесі дилерлер мен тәжірибелі
пайдаланушыларға арналған.
Арналар тізімінің көшірмесі мүмкіндігі арқылы бір
теледидарда орнатылған арналарды ұқсас деңгейлі басқа
Philips теледидарына көшіруге болады. Арналар тізімінің
көшірмесі опциясымен алдын ала анықталған арналар
тізімін теледидарға жүктеу арқылы уақытты алатын арна
іздеу жұмысын орындамауға болады. Кемінде 1 ГБ жад
бар USB жад құрылғысын пайдаланыңыз.
Шарттар
• Екі теледидардың да өндірілген жылы бірдей.
• Екі теледидардың да жабдық түрі бірдей. Теледидардың
артқы жағындағы түр тақтайшасындағы көрсетілген
теледидар түрін тексеріңіз.
• Екі теледидардың да бағдарламалық құрал нұсқасы
үйлесімді.
Арналар тізімін көшіру, арналар тізімінің нұсқасын
тексеру
Арналар тізімін USB флеш жадына көшіріңіз
(Басты бет) > Орнатулар > Барлық
орнатулар > Арналар > Маман режимінің
параметрлері > Арналар тізімін көшіру > USB
құрылғысына көшіру
Арналар тізімінің нұсқасын тексеру
(Басты бет) > Орнатулар > Барлық
орнатулар > Арналар > Маман режимінің
параметрлері > Арналар тізімін көшіру > Ағымдағы нұсқа
Арналар тізімін жүктеу
Орнатылмаған теледидарлар үшін
Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты
арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз
керек.
Әлі орнатылмаған теледидарға
1 - Орнатуды бастау үшін қуат ашасын жалғап, тіл мен елді
таңдаңыз. Арналарды іздемей өтуге болады. Орнатуды
аяқтаңыз.
2 - Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB флэш-
жадын жалғаңыз.
3 - Арналар тізімін жүктеуді бастау үшін
(Басты
бет) > Орнатулар > Барлық орнатулар > Арналар > Маман
режимінің параметрлері > Арналар тізімін
көшіру > Теледидарға көшіру тармағын таңдап, OK
түймесін басыңыз. Қажет болған жағдайда PIN кодын
енгізіңіз.
4 - Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде
теледидар хабар береді. USB флэш-жадын ажыратыңыз.
Орнатылған теледидарлар үшін
Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты
арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз
керек.
Бұрыннан орнатылған теледидарға
1 - Теледидардың ел параметрін тексеріңіз. (Осы
параметрді тексеру үшін Арналарды қайта орнату тарауын
қараңыз. Ел параметріне жеткенше осы процедураны
бастаңыз. Орнатудан бас тарту үшін
BACK пернесін
басыңыз.
Ел дұрыс болса, 2-қадамнан бастап жалғастырыңыз.
Елі қате болса, қайта орнатуды бастау керек. Арналарды
қайта орнату тарауын қарап, орнатуды бастаңыз. Дұрыс
елді таңдап, арналарды іздемей өтіңіз. Орнатуды
аяқтаңыз. Аяқтаған кезде 2-қадаммен жалғастырыңыз.
2 - Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB флэш-
жадын жалғаңыз.
3 - Арналар тізімін жүктеуді бастау үшін
(Басты
бет) > Орнатулар > Барлық орнатулар > Арналар > Маман
режимінің параметрлері > Арналар тізімін
көшіру > Теледидарға көшіру тармағын таңдап, OK
түймесін басыңыз. Қажет болған жағдайда PIN кодын
енгізіңіз.
4 - Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде
теледидар хабар береді. USB флэш-жадын ажыратыңыз.
Арна параметрлері
Параметрлерді ашу
Арнаны қараған кезде, кейбір параметрлерді реттеуге
болады.
Көріп жатқан арнаның түріне немесе жасалған теледидар
параметрлеріне байланысты, кейбір опцияларды
қолдануға болады.
Опциялар мәзірін ашу үшін…
1 - Арнаны көріп жатқанда,
OPTIONS түймесін басыңыз.
2 - Жабу үшін
OPTIONS түймесін қайта басыңыз.
Субтитрлер
Субтитрлерді қосу үшін SUBTITLE түймесін басыңыз.
Субтитрлерді Subtitle on (Субтитр қосу) немесе Subtitle off
(Субтитр өшіру) опциясымен ауыстыруға болады.
22