User manual

1
Қолдау алу
1.1
Теледидарды анықтап, тіркеңіз
Теледидарды анықтаңыз - Теледидардың үлгі нөмірі
және сериялық нөмірі
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы
мүмкін. Бұл нөмірлерді ораманың немесе теледидардың
артқы яки төменгі жағындағы жапсырмасында табуға
болады.
Теледидарды тіркеңіз
Теледидарды тіркеп, әртүрлі артықшылықтарды, соның
ішінде толық қолдауды (жүктеулерді қоса), жаңа өнімдер
туралы ақпарат алу, арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер,
сыйлықтар ұтып алу және тіпті жаңа өнімдер туралы
арнайы сауалнамаларға қатысу мүмкіндіктерін
пайдаланыңыз.
www.philips.com/TVsupport веб-сайтына өтіңіз
1.2
Теледидар Анықтамасы және
Пайдаланушы нұсқаулығы
Settings (Орнатулар) > Help (Анықтама)
Теледидарға диагностика жасау және ол туралы қосымша
ақпарат алу үшін Анықтама функциясын пайдалануға
болады.
Әдісі - Теледидарға арналарды орнату, сұрыптау,
теледидардың бағдарламалық құралын жаңарту,
сыртқы құрылғыларды жалғау және Смарт
функцияларын пайдалану туралы нұсқауларды қарауға
болады.
Теледидарды тексеру - қысқа бейне клипті ойнатқанда
сурет, дыбыс, Ambilight* дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын
тексере аласыз.
Желіні тексеру - желі байланысын тексеріңіз.
Бағдарламалық құралды жаңарту - қолжетімді
бағдарламалық құрал жаңартуларын тексеріңіз.
Пайдаланушы нұсқаулығы - теледидар туралы
ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан оқыңыз.
Ақаулықтарды жою - жиі қойылатын сұрақтар бойынша
шешімді табыңыз.
Зауыттық параметрлер - Бастапқы параметрлерді қайта
орнатыңыз.
Теледидарды қайта орнату - теледидарды қайта
орнатыңыз және орындалған теледидар орнатуын
қайталап орындаңыз.
Байланыс ақпараты: елдің немесе аймақтың телефон
нөмірін немесе веб-мекенжайын көрсетеді.
* Ambilight параметрі тек Ambilight функциясын қолдайтын
үлгілерге арналған.
1.3
Интернет анықтамасы және
Пайдаланушы нұсқаулығы
Philips TV қатысты кез келген мәселені шешу үшін, желідегі
қолдау қызметін пайдалануға болады. Тілді таңдап,
өнімнің үлгі нөмірін енгізуге болады.
www.philips.com/TVsupport веб-сайтына өтіңіз.
Қолдау қызметінің сайтында еліңіздің бізге хабарласуға
арналған телефон нөмірін, сондай-ақ, жиі қойылатын
сұрақтарға жауаптар табуға болады. Кейбір елдерде
қызметкерлеріміздің бірімен сөйлесіп, сұрағыңызды
тікелей қоюға немесе электрондық хабар арқылы жіберуге
болады.
Жаңа теледидар бағдарламалық құралын немесе
нұсқаулықты компьютеріңізден оқу үшін жүктеп алыңыз.
Теледидардағы басқа ақауларды жою және жиі
қойылатын сұрақтар (ЖҚС)...
Мына мекенжайға
өтіңіз: http://philips-
tvconsumercare.kxondemand.com/portal/en/ModelSelect
Планшетте, смартфонда немесе компьютерде Теледидар
Анықтамасы
Кеңейтілген нұсқаулардың реттіліктерін оңайырақ
орындау үшін теледидардың анықтамасын PDF пішімінде
жүктеп, смартфонда, планшетте немесе компьютерде
оқуға болады. Оның орнына компьютерден қатысты Көмек
бетін басып шығаруға болады.
Көмекті (пайдаланушы нұсқаулығын) жүктеп алу үшін
www.philips.com/TVsupport веб-сайтына өтіңіз
1.4
Тұтынушыларды қолдау
орталығы / жөндеу
Қолдау алу және жөндеу үшін еліңіздегі тұтынушыларды
қолдау орталығының жедел желісіне қоңырау шалуға
болады. Біздің қызмет көрсетуші инженерлеріміз қажет
кезінде жөндеп береді.
Телефон нөмірін теледидармен бірге берілетін басылған
құжаттамадан табуға болады.
Не болмаса, www.philips.com/TVsupport веб-сайтына кіріп,
қажет болса, елді таңдаңыз.
Теледидардың үлгі мен сериялық нөмірі
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы
3