User manual

12
Желі
12.1
Үй желісі
Philips Smart TV толық мүмкіндіктерін пайдалану үшін
теледидар интернетке қосылуы қажет.
Теледидар үй желісіне жоғары жылдамдықты интернет
байланысымен жалғаңыз. Теледидарды сымсыз немесе
сымды желі роутеріне жалғауға болады.
12.2
Желіге қосылу
Сымсыз байланыс
Сізге не қажет
Теледидарды интернетке сымсыз жалғау үшін интернет
қосылымы бар Wi-Fi маршрутизаторы қажет. Жылдамдығы
жоғары (кең ауқымды) интернет қосылымын
пайдаланыңыз.
Wi-Fi мүмкіндігін қосыңыз немесе өшіріңіз
(Басты бет) > Орнатулар >
Барлық орнатулар
> Желі > Wi-Fi қосулы/өшірулі
Байланыс орнату
Байланыс орнату - Сымсыз
(Home) (Басты бет) > Settings (Орнатулар) > All settings
(Барлық орнатулар) > Network (Желі) > Connect to network
(Желіге қосылу) > Wireless (Сымсыз)
1 - Табылған желілер тізімінен сымсыз желіні таңдаңыз.
Желі атауы жасырын болғандықтан, желі тізімде болмаса
(маршрутизатордың SSID таратылымын өшіріп қойғансыз),
желі атауын өзіңіз енгізу үшін Add New Network (Жаңа желі
қосу) тармағын таңдаңыз.
2 - Маршрутизатордың түріне байланысты шифрлау кілтін
енгізіңіз - WEP, WPA не WPA2. Осы желіге шифрлау кілтін
бұрын енгізіп қойсаңыз, бірден байланыстыру үшін OK
түймесін басуға болады.
3 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
Байланыс орнату - WPS
(Home) (Басты бет) > Settings (Орнатулар) > All settings
(Барлық орнатулар) > Network (Желі) > Connect to network
(Желіге қосылу) > WPS
Маршрутизаторда WPS болса, маршрутизаторға желілер
үшін сканерлеместен тікелей жалғауға болады. Сымсыз
желіңізде WEP қауіпсіздік шифрлау жүйесін пайдаланатын
құрылғылар болса, WPS пайдалана алмайсыз.
1 - Маршрутизаторға өтіп, WPS түймесін басыңыз және 2
минут ішінде теледидарға оралыңыз.
2 - Байланыс орнату үшін Қосылу түймесін басыңыз.
3 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
Байланыс орнату - PIN кодты WPS
(Home) (Басты бет) > Settings (Орнатулар) > All settings
(Барлық орнатулар) > Network (Желі) > Connect to network
(Желіге қосылу) > WPS with PIN Code (PIN коды бар WPS)
Маршрутизаторда PIN коды бар WPS болса,
маршрутизаторға желілер үшін сканерлеместен тікелей
жалғауға болады. Сымсыз желіңізде WEP қауіпсіздік
шифрлау жүйесін пайдаланатын құрылғылар болса, WPS
пайдалана алмайсыз.
1 - Экранда көрсетілген 8 санды PIN кодын жазып, оны
компьютердегі маршрутизатор бағдарламалық құралына
енгізіңіз. PIN кодын маршрутизатор бағдарламалық
құралының қай бөлігіне енгізуді маршрутизатор
нұсқаулығынан қараңыз.
2 - Байланыс орнату үшін Қосылу түймесін басыңыз.
3 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
Сымды байланыс
Сізге не қажет
Теледидарды интернетке қосу үшін интернет
қосылымы бар желі маршрутизаторы қажет. Жылдамдығы
жоғары (кең ауқымды) интернет қосылымын
пайдаланыңыз.
42