User Guide

Table Of Contents
Көшіруден қорғау
HDMI порттарында HDCP (жоғары өткізу мүмкіндігі бар
сандық мазмұнды қорғау) мүмкіндігі бар. HDCP — DVD
немесе Blu-ray дискілерінен мазмұнның көшірілуін
болдырмайтын қорғау сигналы. DRM (сандық құқықтарды
басқару) деп те аталады.
5.5. Аудио құрылғы
HDMI ARC
Теледидардағы HDMI 1 қосылымында HDMI
ARC (Дыбысты қайтару арнасы) бар.
Егер құрылғыда да, әдетте үй кинотеатры жүйесінде (HTS),
HDMI ARC қосылымы болса, оны осы теледидардағы HDMI
ұяларының кез келгеніне жалғаңыз. HDMI ARC ұясымен
теледидар суретінің дыбысын HTS жүйесіне жіберетін
сыртқы дыбыс кабелін жалғаудың қажеті жоқ. HDMI ARC
ұяшығы екі сигналды біріктіреді.
Сандық дыбыс шығысы - оптикалық
Дыбыс шығысы - оптикалық — жоғары сапалы дыбыс
қосылымы.
Бұл оптикалық қосылым 5.1 аудио арналарын
тасымалдайды. Құрылғыңызда, әдетте үй кинотеатры
жүйесінде (HTS) HDMI ARC ұялары болмаса, осы
қосылымды HTS жүйесінде «Дыбыс шығысы - оптикалық»
қосылымымен пайдалануға болады. «Дыбыс шығысы -
оптикалық» қосылымы дыбысты теледидардан HTS
бейнесіне жібереді.
Құлақаспап
Құлақаспап жинағын теледидардың бүйір
бөлігіндегі байланысына жалғаңыз. Байланыс — 3,5 мм
шағын ұя. Құлақаспаптың дыбыс деңгейін бөлек реттеуге
болады.
5.6. Мобильді құрылғы
Экранды қосарлау
Экранды қосарлау туралы
Экранды қосарлауы бар теледидарда мобильді
құрылғыдан фотосуреттерді көруге немесе музыка мен
бейнелерді ойнатуға болады. Мобильді құрылғы мен
теледидар әдетте бір бөлмеде болатын ауқымда болуы
13