User Guide

Table Of Contents
қажет.
Экранды қосарлау функциясын пайдалану
Экранды қосарлау функциясын қосу
SOURCES > Экранды қосарлау түймесін басыңыз
Экранды теледидарда бөлісу
1 - Мобильді құрылғыңызда Экранды қосарлау мүмкіндігін
іске қосыңыз.
2 - Мобильді құрылғыңызда теледидарды таңдаңыз. (Бұл
теледидар үлгі атауы түрінде көрсетіледі)
3 - Мобильді құрылғыңызда теледидар атауын таңдаңыз.
Жалғаған соң Экранды қосарлау функциясын пайдалана
аласыз.
Бөлісуді тоқтату
Экранды теледидармен немесе мобильді құрылғымен
бөлісуді тоқтатуға болады.
Құрылғыдан
Экранды қосарлау қызметін іске қосу үшін
пайдаланылатын қолданбамен байланысты үзіп,
құрылғының экранын теледидардан көруді тоқтатуға
болады. Теледидар қайтадан соңғы таңдалған
бағдарламаға қосылады.
Теледидардан
Құрылғының экранын теледидардан көруді тоқтату. . .
• теледидар таратылымын көру үшін
EXIT пернесін
басыңыз
• теледидарда басқа әрекетті бастау үшін (Home) (Басты
бет) түймесін басыңыз
• «Ресурстар» мәзірін ашу және жалғанған құрылғыны
таңдау үшін
SOURCES пернесін басыңыз.
Құрылғыны блоктау
Құрылғыдан алғаш рет қосылу тапсырысын алғанда,
құрылғыны блоктауға болады. Бұл құрылғыдан келген
сұрау және келешекте болатын оның барлық сұраулары
еленбейтін болады.
Құрылғыны блоктау…
Block… (Блоктау...) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Барлық құрылғыларды блоктан шығару
Барлық бұрын қосылған және блокталған құрылғылар
Экранды қосарлау қосылымының тізімінде сақталады. Бұл
тізімді өшірсе, блок қойылған барлық құрылғылар блоктан
шығарылады.
Барлық блокталған құрылғыларды блоктан шығару үшін…
(Басты бет)> Параметрлер > Сымсыз байланыс және
желілер > Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Экранды
қосарлау қосылымдарын қалпына келтіру.
Бұрын қосылған құрылғыны блоктау
Бұрын қосылған құрылғыны блоктау үшін, алдымен
Экранды қосарлау байланыстарының тізімін өшіру керек.
Бұл тізімді өшіргенде, қайтадан әр құрылғы үшін
байланысты растау немесе блоктау керек болады.
Экранды қосарлау байланыстарын қалпына келтіру
Бұрын қосылған барлық құрылғылар Экранды қосарлау
қосылымының тізімінде сақталады.
Барлық жалғанған Экранды қосарлау құрылғыларын жою:
(Басты бет)> Параметрлер > Сымсыз байланыс
желілері > Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Экранды
қосарлау қосылымдарын қалпына келтіру.
Экраннан кешігіп көрсету
Экранды Экранды қосарлау арқылы бөліскендегі кешігу
уақыты әдетте 1 секундты құрайды. Өңдеу қуаты
төменірек ескі құрылғыларды қолданғанда, бұл уақыт
ұзағырақ болуы мүмкін.
Қолданбалар - Philips TV теледидарын
қашықтан басқару қолданбасы
Смартфондағы немесе планшеттегі жаңа Philips TV Remote
App қолданбасы — жаңа теле досыңыз. Қолданба
қашықтан басқару құралы сияқты арналарды ауыстыруға
және дыбыс деңгейін реттеуге мүмкіндік береді.
Таңдаулы қолданбалар дүкенінен бүгін Philips TV
теледидарын қашықтан басқару қолданбасын сатып
алыңыз.
Philips TV теледидарын қашықтан басқару қолданбасы iOS
және Android жүйелері үшін қолжетімді және тегін
беріледі.
Сонымен қатар, келесі қадамды орындауға болады:
(Басты бет) > Параметрлер > Сымсыз байланыстар мен
желілер > Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Қашықтан
басқаратын қолданбаның QR коды және OK түймесін
басу; QR коды TV экранында көрсетіледі. QR кодын
мобильді құрылғымен сканерлеп, Philips теледидарды
қашықтан басқару қолданбасын жүктеп алу және орнату
нұсқауларын орындаңыз. Қолданбаны пайдаланған кезде
мобильді құрылғы мен Philips теледидары бір Wi-Fi
желісіне қосылуы керек.
14