User Guide

Table Of Contents
Автоматты түрде жаңарту опциясы
(Басты бет) > Параметрлер > Арналарды
орнату > Жерсерікті орнату > Автоматты түрде жаңарту
нұсқасы
Автоматты түрде жаңартқыңыз келмесе, жерсерікті таңдау
қанат белгісін алып тастаңыз.
* Тек Жерсерік арналарының тізімі Сұрыпталған бумадан
мәніне қойылғанда қолданылады
Қолмен орнату
(Басты бет) > Параметрлер > Арналарды орнату >
Жерсерікті орнату > Қолдан орнату
Жерсерікті қолмен орнатыңыз.
• LNB - Жаңа арналар қосылатын LNB таңдаңыз.
• Поляризация - қажетті поляризацияны таңдаңыз.
• Берілу жылдамдығы режимі - таңбалық жылдамдықты
енгізу үшін (Қолмен) опциясын таңдаңыз.
• Жиілік - транспондер жиілігін енгізіңіз.
• Іздеу - транспондерді іздеңіз.
Жерсерік CAM модульдері
Жерсерік арналарын көру үшін CAM – смарт картасы бар
шартты кіру модулін – пайдалансаңыз, теледидарға
енгізілген CAM арқылы жерсерікті орнатуға кеңес береміз.
Кейбір CAM модульдері арналардың шифрын алу үшін
пайдаланылады.
CAM модульдері (CI+ 1.3 оператор профилімен)
теледидардағы барлық жерсерік арналарын өздері орната
алады. CAM сізді оның жерсеріктері мен арналарын
орнатуға шақырады. Бұл CAM модульдері арналарды
орнатып және шифрын ашып қана қоймай, арнаны
тұрақты жаңартып отырады.
Арналар тізімін көшіру
Кіріспе
Арналар тізімінің көшірмесі және Жерсерік тізімінің
көшірмесі дилерлер мен сарапшы пайдаланушыларға
арналған.
Арналар тізімінің көшірмесі/Жерсерік тізімінің көшірмесі
мүмкіндігі арқылы бір теледидарда орнатылған
арналарды ұқсас деңгейлі басқа Philips теледидарына
көшіруге болады. Алдын ала анықталған арналар тізімін
теледидарға жүктеу арқылы уақыт алатын арна іздеу
жұмысын орындамауға болады.
Шарттар
• Екі теледидардың да өндірілген жылы бірдей.
• Екі теледидардың да жабдық түрі бірдей. Теледидардың
артқы жағындағы түр тақтайшасындағы көрсетілген
теледидар түрін тексеріңіз.
• Екі теледидардың да бағдарламалық құрал нұсқасы
үйлесімді.
• Кемінде 1 ГБ жад бар USB жад құрылғысын
пайдаланыңыз.
Арналар тізімін көшіру, арналар тізімінің нұсқасын
тексеру
Арналар тізімін USB флеш жадына көшіріңіз
Арналар тізімін көшіру үшін…
1 - Теледидарды қосыңыз. Бұл теледидарда арналар
орнатылуы қажет.
2 - USB жады құрылғысын USB 2* портына жалғаңыз.
3 - (Басты бет) > Параметрлер > Арналар > Арналар
тізімінің көшірмесі немесе Жерсерік тізімінің көшірмесі,
одан кейін OK түймесін басыңыз.
4 - Copy to USB (USB құрылғысына көшіру) тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Көшіріп болғаннан кейін USB флэш-жадын ажыратыңыз.
Енді көшірілген арналар тізімін басқа Philips теледидарына
жүктеуге болады.
* Ескертпе: USB 2 деген таңбасы бар USB порты ғана
арналар тізімін көшіру үшін қолданылады.
Арналар тізімінің нұсқасын тексеру
(басты бет) > Параметрлер > Арналар > Арналар
тізімінің көшірмесі немесе Жерсерік тізімінің көшірмесі
> Ағымдағы нұсқа
Арналар тізімін жүктеу
Орнатылмаған теледидарлар үшін
Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты
арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз
керек.
Әлі орнатылмаған теледидарға
1 - Орнатуды бастау үшін қуат ашасын жалғап, тіл мен елді
таңдаңыз. Арналарды іздемей өтуге болады. Орнатуды
аяқтаңыз.
2 - Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB жад
құрылғысын жалғаңыз.
3 - Арналар тізімін жүктеп салуды бастау үшін (Басты
бет) > Параметрлер > Арналар > Арналар тізімінің
көшірмесі немесе Жерсерік тізімінің
көшірмесі > Теледидарға көшіру тармақтарын таңдап, OK
түймесін басыңыз. Қажет болған жағдайда PIN кодын
енгізіңіз.
4 - Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде
теледидар хабар береді. USB жад құрылғысын
ажыратыңыз.
21