User Guide

Table Of Contents
Жарық сенсоры
(Басты бет) > Параметрлер > Сурет > Маман режимінің
параметрлері > Жарық сенсоры
Қуатты үнемдеу үшін кірістірілген Аmbient жарық сенсоры
қоршаған ортадағы жарық күңгірт болғанда, теледидар
экранының жарықтығын төмендетеді. Кірістірілген жарық
сенсоры суретті бөлменің жарықтандыру жағдайларына
автоматты түрде реттейді.
Тамаша ажыратымдылық
(Басты бет) > Параметрлер > Сурет > Маман режимінің
параметрлері > Супер ажыратымдылық
Сызық жиектері мен бөліктерінің айқындығы жоғары
болуы үшін қосыңыз.
Сурет таза
Шуылды азайту
(Басты бет) > Параметрлер > Сурет > Маман режимінің
параметрлері > Шуылды азайту
Бейне мазмұнындағы шуылды өшіруге арналған деңгейді
орнату үшін Ең жоғары, Орташа, Ең төмен таңдаңыз.
Шуыл экрандағы суретте көбіне кішкентай жылжитын
нүктелер түрінде көрінеді.
MPEG ақауларын азайту
(Басты бет) > Параметрлер > Сурет > Маман режимінің
параметрлері > MPEG ақауларын азайту
Сандық бейне мазмұн ақауларын бәсеңдетудің түрлі
деңгейлерін алу үшін Ең көбі, Орташа, Ең кемі нұсқасын
таңдаңыз.
MPEG ақаулары суреттерде көбіне кішкентай блоктар
немесе ирек жиектер түрінде көрінеді.
Сурет пішімі
(Басты бет) > Параметрлер > Сурет > Сурет пішімі
Сурет бүкіл экранды толтырмаса, қара жолақтар үстіңгі не
төменгі немесе екі жағынан көрініп тұрса, суретті экранды
толығымен жабатындай реттеуге болады.
Экранды толтыруға негізгі параметрлердің бірін таңдау
үшін…
Кең экран – суретте 16:9 толық экранына автоматты
түрде ұлғайтады. Сурет контентінің кадрлық пішімі өзгеруі
мүмкін.
Fill screen (Экранды толтыру) – экранды толтыру үшін
бейнені автоматты түрде үлкейтеді. Сурет өте аз мөлшерде
бұрмаланады, субтитрлер көрінеді. Компьютер кірісіне
сәйкес келмейді. Кейбір өткір бейне пішімдерінде әлі де
қара жолақтар көрінуі мүмкін. Сурет контентінің кадрлық
пішімі өзгеруі мүмкін.
Fit to screen (Экранға қиыстыру) – бұрмалаусыз бейнені
экранды толтыратын етіп автоматты түрде масштабтайды.
Қара жолақтар көрінуі мүмкін. Компьютер кірісіне қолдау
көрсетілмейді.
Түпнұсқа – экранды бастапқы кадрлық пішімімен
сәйкестендіру үшін суретті автоматты түрде ұлғайтады.
Көрінетін жоғалған контент жоқ.
(Басты бет) > Параметрлер > Сурет > Сурет пішімі >
Кеңейтілген
Суретті қолмен пішімдеу үшін…
Shift (Жылжыту) – суретті жылжыту үшін көрсеткілерді
таңдаңыз. Үлкейтілген кезде ғана суретті жылжытуға
болады.
Zoom (Масштабтау) – масштабтау үшін көрсеткілерді
таңдаңыз.
Stretch (Созу) – суретті тігінен немесе көлденеңнен созу
үшін көрсеткілерді таңдаңыз.
Undo (Болдырмау) – бастапқы сурет пішіміне оралу үшін
таңдаңыз.
Сурет пішіміндегі кейбір параметрлер кейбір жағдайларда
қолжетімді болмауы мүмкін. Мысалы, бейне ағынында,
Android қолданбасының қосымшасында, ойын режимінде
және т.б.
Жылдам сурет параметрлері
(Басты бет) > Параметрлер > Сурет > Жылдам сурет
параметрлері
• Бірінші орнату кезінде кейбір сурет параметрлерін
бірнеше оңай қадаммен орындадыңыз. Осы қадамдарды
Жылдам сурет параметрі арқылы қайта орындауға
болады.
• Қалаған сурет параметрін таңдап, келесі параметрге
өтіңіз.
• Осы қадамдарды орындау үшін теледидардың
теледидар арнасына реттелетінін немесе қосылған
құрылғыдан бағдарламаны көрсете алатынын тексеріңіз.
Дыбыс параметрлері
Дыбыс мәнері
Мәнерді таңдау
Дыбысты оңай реттеу үшін, алдын ала орнатылған дыбыс
мәнерін таңдауға болады.
(Басты бет) > Параметрлер > Дыбыс > Дыбыс мәнері
Қолжетімді дыбыс мәнерлері:
AI режимі - аудио мазмұн негізінде дыбыс мәнерін
санатты вуыстыру үшін AI режимін таңдаңыз.
Original (Бастапқы) - ең бейтарап дыбыс параметрі
Movie (Фильм) – фильмдерді көруге ыңғайлы
34