User Guide
Table Of Contents
- Мазмұны
- 1 Негізгі экранның көрінісі
- 2 Қолдау алу
- 3 Қысқаша нұсқаулық
- 4 Орнату
- 5 Байланыстар
- 6 Ресурсты ауыстыру
- 7 Арналар
- 8 Теледидар нұсқаулығы
- 9 Freeview Play (Ұлыбритания модельдері үшін)
- 10 Бейнелер, фотосуреттер және музыка
- 11 Теледидар параметрлері мәзірлерін ашу
- 12 Сымсыз және желілер
- 13 Smart TV және қолданбалар
- 14 Ambilight
- 15 Netflix
- 16 Rakuten TV
- 17 Amazon Prime Video
- 18 YouTube
- 19 Alexa
- 20 Google көмекшісі
- 21 Бағдарламалық құрал
- 22 Қоршаған ортаға қауіпсіз
- 23 Ерекшеліктер
- 24 Ақаулықтарды жою
- 25 Қауіпсіздік және қызмет көрсету
- 26 Пайдалану шарттары
- 27 Авторлық құқықтар
- 28 Бастапқы коды ашық
- 29 Үшінші тараптар ұсынатын қызметтерден және/немесе бағдарламалық құралдан бас тарту
- Индекс
12. Сымсыз және
желілер
12.1. Үй желісі
Philips Smart TV толық мүмкіндіктерін пайдалану үшін
теледидар интернетке қосылуы қажет.
Теледидар үй желісіне жоғары жылдамдықты интернет
байланысымен жалғаңыз. Теледидарды сымсыз немесе
сымды желі роутеріне жалғауға болады.
12.2. Желіге қосылу
Сымсыз байланыс
Сізге не қажет
Теледидарды интернетке сымсыз жалғау үшін интернет
қосылымы бар Wi-Fi маршрутизаторы қажет. Жылдамдығы
жоғары (кең ауқымды) интернет қосылымын
пайдаланыңыз.
Байланыс орнату, сымсыз
(Басты бет) > Параметрлер > Сымсыз байланыс пен
желілер > Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Желіге
қосылу > Сымсыз байланыс (Wi-Fi)
1 - Табылған желілер тізімінен сымсыз желіні таңдаңыз.
Желі атауы жасырын болғандықтан, желі тізімде болмаса
(маршрутизатордың SSID таратылымын өшіріп қойғансыз),
желі атауын өзіңіз енгізу үшін Add New Network (Жаңа желі
қосу) тармағын таңдаңыз.
2 - Шифрлау кілтін енгізіңіз. Осы желіге шифрлау кілтін
бұрын енгізіп қойсаңыз, бірден байланыстыру үшін OK
түймесін басуға болады.
3 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
Wi-Fi мүмкіндігін қосыңыз немесе өшіріңіз
(Басты бет) > Параметрлер > Сымсыз байланыс пен
желілер > Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Wi-Fi
қосу/өшіру
Сымды байланыс
Сізге не қажет
Теледидарды интернетке қосу үшін интернет
қосылымы бар желі маршрутизаторы қажет. Жылдамдығы
жоғары (кең ауқымды) интернет қосылымын
пайдаланыңыз.
Байланыс орнату
(Басты бет) > Параметрлер > Сымсыз байланыс пен
желілер > Сымды байланыс немесе Wi-Fi > Желіге
қосылу > Сымды байланыс
1 - Маршрутизаторды теледидарға желілік кабельмен
(Ethernet кабелі**) жалғаңыз.
2 - Маршрутизатордың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
3 - Теледидар желі қосылымын үздіксіз іздейді.
4 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
Егер байланыс орнатылмаса, маршрутизатордың DHCP
параметрін тексеруге болады. DHCP параметрі қосулы
болуы қажет.
**EMC ережелерін орындау үшін қорғалған FTP Cat. 5E
Ethernet кабелін пайдаланыңыз.
12.3. Сымсыз және желі
параметрлері
Желі параметрлерін көру
(Басты бет) > Параметрлер > Сымсыз байланыс пен
желілер > Сымды байланыс Wi-Fi > Желі параметрлерін
көру
Ағымдағы барлық желі параметрлерін осы жерден көруге
болады. IP және MAC мекенжайы, сигнал күші,
жылдамдығы, шифрлау әдісі, т.б.
43