User Guide

Table Of Contents
22. Қоршаған ортаға
қауіпсіз
22.1. Еуропаның энергиялық
тиімділік белгісі
Еуропалық Одақтың энергиялық тиімділік белгісі осы
өнімнің қуатты пайдалану тиімділік дәрежесін көрсетеді.
Осы өнімнің энергиялық тиімділік класы жасылырақ
болған сайын, ол тұтынатын энергия төменірек болады.
Жапсырмадан энергиялық тиімділік класын, қолданылып
жатқан өнімнің орташа қуат тұтынуын табуға болады. Осы
өнімнің қуатты тұтыну мөлшерін сіздің елге арналған
Philips веб-сайтынан (www.philips.com/TVsupport) көруге
болады
22.2. EPREL тіркеу нөмірі
EPREL тіркеу нөмірі
32PFS6908 : 1414055
22.3. Пайдалануды аяқтау
Ескірген бұйымдарды және батареяларды жою
Өнім қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын
жоғары сапалы материалдардан және бөлшектерден
жасалған.
Бұйымнан сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі
көрінсе, ол бұйымның Еуропалық 2012/19/EU нұсқауына
сәйкес оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа
лақтырудың жергілікті ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті тәртіпке сәйкес әрекет жасауыңызды және ескі
өнімдерді кәдімгі тұрмыстық қалдықпен тастамауыңызды
өтінеміз. Ескі өнімді дұрыс тастау қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін кері әсерлердің алдын алуға
көмектеседі.
Сіздің бұйымыңызда 2006/66/ЕС Еуропалық
директивасына сәйкестендірілген қондырылған қайта
жандандыруға болатын батарея бар, оны кәдімгі
тұрмыстық қалдық ретінде лақтыруға болмайды.
Батареяларды бөліп жинақтаудың жергілікті тәртібі туралы
ақпаратпен танысқан жөн, себебі оны дұрыс тастау
қоршаған орта мен адам денсаулығына тиетін кері
әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
22.4. Ұлыбритания Сәйкестік
декларациясы
Осымен, TP Vision Europe B.V. компаниясы осы
теледидардың 2017 жылғы Радио жабдықтары туралы
директивалардың негізгі талаптары мен тағы басқа тиісті
ережелеріне, 2019 жылғы Энергия тұтынатын өнімдердің
экодизайны мен Энергия туралы ақпарат (Түзету) (ЕО-дан
шығу) регламенттеріне және 2012 жылғы Электрлік және
Электрондық жабдықтарда белгілі бір қауіпті заттардың
қолданылуын шектеу туралы регламенттерге сәйкес екенін
жариялайды.
56