User manual

Table Of Contents
2. Қолдау алу
2.1. Теледидарды анықтап,
тіркеңіз
Теледидарды анықтаңыз - Теледидардың үлгі нөмірі
және сериялық нөмірі
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы
мүмкін. Бұл нөмірлерді ораманың немесе теледидардың
артқы яки төменгі жағындағы жапсырмасында табуға
болады.
Теледидарды тіркеңіз
Теледидарды тіркеп, әртүрлі артықшылықтарды, соның
ішінде толық қолдауды (жүктеулерді қоса), жаңа өнімдер
туралы ақпарат алу, арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер,
сыйлықтар ұтып алу және тіпті жаңа өнімдер туралы
арнайы сауалнамаларға қатысу мүмкіндіктерін
пайдаланыңыз.
www.philips.com/TVsupport веб-сайтына өтіңіз
2.2. Теледидар Анықтамасы
және Пайдаланушы
нұсқаулығы
(Басты бет) > Параметрлер > Анықтама
Теледидарға диагностика жасау және ол туралы қосымша
ақпарат алу үшін Анықтама функциясын пайдалануға
болады.
Теледидар ақпараты - үлгі нөмірін, сериялық нөмірін
және теледидардың бағдарламалық құрал нұсқасын
қараңыз.
Әдісі - Теледидарға арналарды орнату, сұрыптау,
теледидардың бағдарламалық құралын жаңарту,
сыртқы құрылғыларды қосу және Смарт функцияларын
пайдалану туралы нұсқауларды қарауға болады.
Теледидарды диагностикалау - теледидарыңыздың
жағдайын тексеру үшін теледидарды диагностикалау
функциясын іске қосыңыз.
Өзін-өзі диагностикалау - сурет, дыбыс, желі және басқа
параметрлер жақсы күйде екенін тексеруге болады.
Бағдарламалық құралды жаңарту - қолжетімді
бағдарламалық құрал жаңартуларын тексеріңіз.
Пайдаланушы нұсқаулығы - теледидар туралы
ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан оқыңыз.
Ақаулықтарды жою - жиі қойылатын сұрақтар бойынша
шешімді табыңыз.
Зауыттық параметрлер - Бастапқы параметрлерді қайта
орнатыңыз.
Теледидарды қайта орнату - теледидарды қайта
орнатыңыз және орындалған теледидар орнатуын
қайталап орындаңыз.
Байланыс ақпараты: елдің немесе аймақтың телефон
нөмірін немесе веб-мекенжайын көрсетеді.
* Арналарды сұрыптау тек белгілі бір елдерде
қолданылады.
** Ambilight параметрі тек Ambilight функциясын
қолдайтын үлгілерге арналған.
2.3. Теледидарды
диагностикалау және өзін-өзі
диагностикалау
Теледидарды диагностикалау
Теледидарыңыздың жағдайын тексеру үшін теледидарды
диагностикалау сынағын іске қосуға болады.
Диагностикалау соңында теледидардың біркелкі жұмысын
жалғастыру үшін теледидар кэш жадын тазартады және
пайдаланылмаған қолданбаларды жабады.
Теледидарды диагностикалау сынағын іске қосу:
1 - Quick Menu (Жылдам мәзір) > Help (Анықтама)
> TV diagnose (Теледидарды диагностикалау) тармақтарын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Диагностикалау сынақтарының қатарын іске қосу үшін
Start (Іске қосу) параметрін таңдаңыз.
3 - Сынақ аяқталғаннан кейін келесі элементтердің күйін
көруге болады.
- Қуат
- Сурет
- Дыбыс
- Сыртқы құрылғыларды қосу
- Желі
- Теледидар тюнері
- Кэш жадын тазалау
- Қолданбалар
4 - Нәтижелер бетін жабу үшін OK (Жабу) тармағын таңдап,
TV diagnose (Теледидарды диагностикалау) шеберіне
оралыңыз.
5 - Теледидарды диагностикалау тармағынан шығу үшін
Артқа түймесін басыңыз, басқа диагностикалауды
тексеру үшін Өзін-өзі диагностикалау тармағын таңдаңыз
да, нәтижелер бетін қайтадан көру үшін Нәтижелерді көру
параметрін таңдаңыз.
Өзін-өзі диагностикалау
Өзін-өзі диагностикалау теледидардың
конфигурацияларын тексеру арқылы теледидардың
ақауларын жоюды орындауға көмектесе алады.
Өзін-өзі диагностикалауды іске қосу:
5