operation manual

32"/39" үшін
Байланыс орнату
Сымды байланыс орнату үшін…
1. Маршрутизаторды теледидарға желілік кабельмен
(Ethernet кабелі**) қосыңыз.
2. Маршрутизатордың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
3.
(Басты бет) түймесін
басып, Параметрлер > Желі опциясын таңдап, мәзірге өту
үшін
(оң жақ) түймесін басыңыз.
4. Connect to network (Желіге қосылу) пәрменін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
5. Сымды параметрін таңдап, OK түймесін
басыңыз. Теледидар желі қосылымын үздіксіз іздейді.
6. Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
Егер байланыс орнатылмаса, маршрутизатордың DHCP
параметрін тексеруге болады. DHCP параметрі қосулы
болуы қажет.
Желі параметрлері
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Желі
параметрлерін көру
Ағымдағы барлық желі параметрлерін осы жерден көруге
болады. IP және MAC мекенжайы, сигнал күші,
жылдамдығы, шифрлау әдісі, т.б.
(Басты бет) > Параметрлер > Желі > Желі
конфигурациясы
Тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз және желіні
статикалық IP мекенжайымен орнатқыңыз келсе,
теледидарды Static IP (Статикалық IP мекенжайы)
параметріне орнатыңыз.
Статикалық IP конфигурациясы түймесін басып,
байланысты конфигурациялаңыз. IP address (IP
мекенжайы), Netmask (Желі маскасы), Gateway
(Шлюз), DNS 1 немесе DNS 2 нөмірін орнатуға болады.
26