operation manual

14
Ақаулықтарды жою
14.1
Кеңестер
Теледидар мәселесінің шешімін Ақауларды жою ішінен
таба алмасаңыз, іздеген ақпаратыңызды
Параметрлер > Анықтама > Пайдаланушы
нұсқаулығы опциясын басу арқылы табуға болады.
Пайдаланушы нұсқаулығында сұрағыңызға жауап таба
алмасаңыз, Philips компаниясының қолдау көрсету веб-
сайтына өте аласыз.
Philips TV қатысты кез келген мәселені шешу үшін, желідегі
қолдау қызметін пайдалануға болады. Тілді таңдап,
өнімнің үлгі нөмірін енгізуге болады.
www.philips.com/support сайтына өтіңіз.
Қолдау қызметінің сайтында еліңіздің бізге хабарласуға
арналған телефон нөмірін, сондай-ақ, жиі қойылатын
сұрақтарға жауаптар табуға болады. Кейбір елдерде
қызметкерлеріміздің біреуімен сөйлесіп, сұрағыңызды
тікелей қоюыңызға немесе электрондық пошта арқылы
жіберуіңізге болады.
Теледидардың жаңа бағдарламалық құралын немесе
компьютерде оқу үшін нұсқаулықты жүктеп алуға болады.
Теледидардағы басқа ақауларды жою және жиі
қойылатын сұрақтар (ЖҚС)...
Мына мекенжайға
өтіңіз: http://philips-
tvconsumercare.kxondemand.com/portal/en/ModelSelect
Планшетте, смартфонда немесе компьютерде Теледидар
Анықтамасы
Кеңейтілген нұсқаулардың реттіліктерін оңайырақ
орындау үшін теледидардың анықтамасын PDF пішімінде
жүктеп, смартфонда, планшетте немесе компьютерде
оқуға болады. Бұған қосымша, тиісті анықтама бетін
компьютерден басып шығаруға болады.
Анықтаманы (пайдаланушы нұсқаулығын) жүктеп алу үшін
www.philips.com/support сайтына өтіңіз
14.2
Қосу
Теледидар қосылмайды
- Қуат кабелін розеткадан ажыратыңыз. Бір минут күтіңіз
де, қайта қосыңыз. Қуат кабелі берік қосылғанын
тексеріңіз. Қайтадан қосып көріңіз.
- Теледидарды басқа қабырға розеткасына жалғап, қосып
көріңіз.
- Теледидардан барлық қосылған құрылғыларды
ажыратып, қосып көріңіз.
- Теледидардағы күту режимінің шамы қосылып тұрса,
теледидар қашықтан басқару құралына жауап бермеуі
мүмкін.
Іске қосылу немесе өшу кезіндегі сықырлаған дыбыс
Теледидарды қосқанда, өшіргенде немесе күту режиміне
қойғанда теледидардың корпусынан сықырлаған дыбысты
естисіз. Сықырлаған дыбыс теледидардың сууы және
жылуы кезіндегі қалыпты кеңею және тарылуына
байланысты болады. Бұл өнімділікке әсер етпейді.
Philips бастапқы экранын көрсеткеннен кейін теледидар
қайтадан күту режиміне өтеді
Теледидар күту режимінде болғанда, Philips бастапқы
экраны көрсетіледі, содан кейін теледидар күту режиміне
оралады. Бұл — қалыпты әрекет. Теледидар қуат көзінен
ажыратылса және қайта қосылса, келесі іске қосылғанда
бастапқы экран көрсетіледі. Теледидарды күту режимінен
қосу үшін қашықтан басқару құралындағы немесе
теледидардағы
(Күту режимі / Қосу) түймесін басыңыз.
Күту режимінің шамы жыпылықтай береді
Қуат кабелін розеткадан ажыратыңыз. Қуат кабелін қайта
қоспай тұрып, 5 минут күтіңіз. Егер қайта жыпылықтаса,
Philips TV тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Теледидар өздігінен өшіп қалады
Теледидар кездейсоқ өшіп қалса, Автоматты өшіру
таймері параметрі қосылып тұрған болуы
мүмкін. Автоматты өшіру таймері көмегімен теледидар 4
сағат қашықтан басқару құралының сигналдары
қабылданбаса, өшіп қалады. Бұл автоматты өшудің алдын
алу үшін, осы параметрді ажыратыңыз.
Сондай-ақ, теледидар сигналды не қашықтан басқару
құралының пәрменін 10 минут ішінде қабылдамаса,
теледидар автоматты түрде өшеді.
14.3
Қашықтан басқару құралы
Теледидар қашықтан басқару құралына жауап бермейді
Теледидардың іске қосылуына біраз уақыт қажет. Бұл
уақытта теледидар қашықтан басқару құралына немесе
теледидарды басқару тетіктеріне жауап бермейді. Бұл —
қалыпты әрекет.
Егер теледидар қашықтан басқару құралына одан әрі
жауап бермей жатса, ұялы телефонның камерасы арқылы
қашықтан басқару құралы жұмыс істеп жатқанын тексеруге
болады. Телефонды камера режиміне өткізіп, қашықтан
басқару құралын камера объективіне бағыттаңыз. Егер
қашықтан басқару құралында кез келген пернені бассаңыз
және камерада инфрақызыл жарық диодының
57