operation manual

3
Қысқаша нұсқаулық
3.1
Қашықтан басқару құралы
Батареялар мен тазалау
Батареяларды алмастыру
Егер теледидар қашықтан басқару құралындағы пернені
басқанда реакция бермесе, батареялар қуаты таусылған
болуы мүмкін.
Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару
құралының артындағы батареялар бөлімін ашыңыз.
1. Батарея есігін көрсеткі көрсететін бағытта сырғытыңыз.
2. Ескі батареяларды 2 AAA-R03-1,5 В түріндегі батареямен
алмастырыңыз. Батареялардың + және - жақтары дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
3. Батарея есігін орнына салыңыз және шырт еткенше
артқа сырғытыңыз.
- Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт бойы
пайдаланбағанда батареяларды шығарып алыңыз.
- Ескі батареяларды пайдалану соңындағы нұсқауларға сай
қоқысқа қауіпсіз жолмен тастаңыз.
Тазалау
Қашықтан басқару құралы сырылмайтын бетке қойылады.
Қашықтан басқару құралын тазалау үшін жұмсақ әрі
дымқыл шүберекті қолданыңыз. Теледидар мен қашықтан
басқару құралына спирт, химиялық заттар немесе
тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды қолданбаңыз.
Түймелерге шолу
Үсті
1.
Standby (Күту режимі) / On (Қосу)
Теледидарды қосады немесе қайтадан күту режиміне
қайтарады.
2. Ойнату пернелері
- Ойнату
, ойнату үшін
- Кідірту
, ойнатуды кідірту үшін
- Тоқтату
, ойнатуды тоқтату үшін
- Артқа айналдыру
, артқа айналдыру үшін
- Жылдам алға айналдыру
, жылдам алға айналдыру
үшін
- Жазу
, қазір жазу үшін
3.
TV GUIDE
Теледидар нұсқаулығын ашады немесе жабады.
4.
FORMAT
Сурет пішімі мәзірін ашады немесе жабады.
5.
SETUP
Settings (Параметрлер) мәзірін ашады.
Ортасы
1.
HOME
Негізгі мәзірді ашады немесе жабады.
2.
SOURCES
Sources (Көздер) мәзірін ашады немесе жабады -
жалғанған құрылғылардың тізімі.
3. Түсті пернелер
Пернелердің функциясы экрандағы нұсқауларды
орындайды.
6