operation manual

4
Орнату
4.1
Қауіпсіздік туралы нұсқауларды
оқу
Теледидарды бірінші рет пайдаланбай тұрып қауіпсіздік
туралы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Нұсқауларды оқу үшін Пайдаланушы нұсқаулығындағы
Қауіпсіздік және күтім тарауын қараңыз.
4.2
Теледидар орналасуы
Орналастыру бойынша кеңестер
- Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге
орналастырыңыз.
- Теледидарды қабырғадан 15 см қашығырақ
орналастырыңыз.
- Теледидарды көрудің ең қолайлы қашықтығы экран
диагоналінің 3 еселік өлшеміне тең. Отырған кезде көз
экранның орта тұсымен бір деңгейде болуы тиіс.
ТД тірегі
ТД тірегін орнату туралы нұсқауларды теледидармен бірге
берілген Жұмысты бастаудың қысқаша нұсқаулығынан
табуға болады. Осы нұсқаулықты жоғалтып алсаңыз, оны
www.philips.com сайтынан жүктеп алуға болады.
Жүктеп алынатын Жұмысты бастаудың қысқаша
нұсқаулығын теледидардың үлгі нөмірі арқылы іздеңіз.
Қабырғаға орнату
4022 сериялы теледидар
Сондай-ақ, Теледидар VESA стандартымен үйлесімді
қабырға кронштейнімен (бөлек сатылады) қолдануға
дайын.
Қабырғаға орнатуды сатып алғанда келесі VESA кодын
пайдаланыңыз. . .
- 22Pxx4022 - VESA MIS-F 75x75, M4 (ең қысқасы: 10 мм, ең
ұзыны: 10,5 мм)
- 24Pxx4022 - VESA MIS-F 75x75, M4 (ең қысқасы: 10 мм, ең
ұзыны: 10,5 мм)
Дайындау
Алдымен, теледидардың артқы жағындағы резьбалы
тығындардан 4 пластик бұранда қалпақты алып тастаңыз.
Теледидарды VESA стандартымен үйлесімді кронштейнге
орнату үшін металл бұрандалардың теледидардың
резьбалы тығындарына шамамен 10 мм тереңдікке
енетінін тексеріңіз.
Абайлаңыз
Теледидарды қабырғаға орнату үшін, арнайы тәжірибе
қажет және оны тек білікті мамандар орындауы керек.
Теледидарды қабырғаға орнату олардың салмағына
сәйкес қауіпсіздік стандарттарына сай болуы керек.
Теледидарды орнатар алдында сақтық шараларын
оқыңыз.
TP Vision Europe B.V. дұрыс орнатпау, не болмаса
орнатудан туындайтын сәтсіз немесе жарақат алуға
әкелетін жағдайлар үшін жауапты емес.
4032 сериялы теледидар
Сондай-ақ, Теледидар VESA стандартымен үйлесімді
қабырға кронштейнімен (бөлек сатылады) қолдануға
дайын.
Қабырғаға орнатуды сатып алғанда келесі VESA кодын
пайдаланыңыз. . .
9