operation manual

KK 25
Қазақ
Телешоуларды жазу
Не істеуге болады
Теледидар бағдарлама нұсқаулықтарын
қабылдай алса, телебағдарламаларды USB
қатты дискісіне жазуға болады. Ағымдағы
теледидар бағдарламаларын, сонымен
қатар келешектегі теледидар
бағдарламаларын жаза аласыз.
Ескертпе:
Жазу мүмкіндігі үшін тек бағдарлама
нұсқаулықтары бар елдерде қолдау
кӛрсетіледі.
Солтүстік Еуропа елдерінде
теледидар бағдарламаларды жазу
кезінде субтитрлерге шектеулі қолдау
кӛрсетеді.
Қажетті әрекеттер
Теледидарды DVB таратылымдары
сияқты сандық телеарналар
қабылдайтын етіп реттеңіз.
Теледидар параметрлерін ӛзгерту >
Каналдар > Автоматты орнату (Бет
35) бӛлімін қараңыз.
Сыйымдылығы кем дегенде 32 Гбайт
және тасымалдау жылдамдығы кем
дегенде секундына 30 мегабит
болатын USB 2.0 үйлесімді қатты
дискісін қосыңыз. Оңтайлы жұмыс
үшін дискіде 250 Гбайт бос орны бар
қатты дискіні пайдаланыңыз.
Теледидар шоуларын жазу және
кідірту үшін бір USB қатты дискісін
пайдалана аласыз.
USB қатты дискісін орнату
Теледидар шоуларын жазу үшін, USB
қатты дискісін теледидарға қосып, оны
пішімдеуіңіз керек.
Егер теледидар USB қатты дискісін
анықтай алмаса, оны NTFS немесе FAT32
жүйесіне пішімдеу үшін компьютерді
пайдаланыңыз, одан кейін әрекетті
қайталаңыз.
Ескерту:
TP Vision компаниясы USB қатты
дискісіне қолдау кӛрсетілмеуіне,
сондай-ақ, ондағы деректердің
зақымдануына немесе жоғалуына
жауап бермейді.
Пішімдеу жалғанған USB қатты
дискісінен барлық деректерді жояды.
USB қатты дискі тек осы теледидар
үшін форматталды. Оны теледидарға
тұрақты қосып ұстаңыз. USB қатты
дискісінің мазмұнын басқа
теледидардан немесе компьютерден
аша алмайсыз.
USB портын шамадан кӛп
жүктемеңіз. 500 мА-ден кӛп қуат
тұтынатын USB қатты дискісін
жалғасаңыз, оның ӛзінің сыртқы қуат
кӛзіне қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Ескертпе:
Теледидар мен USB қатты дискісінің
ӛшіп тұрғанын тексеріңіз.
USB қатты дискісін пішімдеу кезінде
теледидарға басқа USB құрылғыларын
қоспаңыз.
1. USB қатты дискісін тікелей теледидарға
қосыңыз, не болмаса келешекте басқа USB
құрылғыларын қосатын болсаңыз, USB
қатты дискісін USB хабы арқылы қосыңыз.
2. Теледидарды және, сыртқы қуат кӛзі
болған жағдайда, қатты дискіні қосыңыз.