operation manual

KK 3
Қазақ
1 Маҝызды
ақпарат
Қауіпсіздік
Сақтандыру шаралары
Теледидарды пайдаланардың алдында
барлық нұсқауларды оқып, түсініп алыңыз.
Нұсқауларды орындау қателігінен ақаулық
туындаса, кепілдік қолданылмайды.
Электр тоғыныҝ соғу немесе ӛрт шығу
қаупі бар!
Теледидарды жаңбырға немесе суға
шығармаңыз. Теледидардың жанына
ваза сияқты сұйықтық құйылған
ыдыстарды қоймаңыз. Егер сұйықтық
теледидардың үстіне немесе ішіне
тӛгілсе, теледидарды қуат
розеткасынан бірден ажыратыңыз.
Теледидарды пайдаланбастан бұрын
оны тексеріп алу үшін Philips
тұтынушыларға қызмет кӛрсету
орталығына хабарласыңыз.
Ешқашан теледидарды, қашықтан
басқару пультін немесе батареяларды
жалаңаш жалынның немесе басқа
қызу кӛздерінің жанына, оның ішінде
тікелей күн шуағына қоймаңыз.
Ӛрттің жайылып кетуіне жол бермеу
үшін шырағданды немесе басқа
жалынды теледидардан, қашықтан
басқару пультінен және
батареялардан барлық уақытта алыс
ұстаңыз.
Ешқашан теледидардың желдеткіш
тесіктеріне немесе басқа ашық
жерлеріне заттар салмаңыз.
Қашықтан бақылау немесе
батареяларды жаңбырға, суға немесе
тым кӛп қызулы жерлерге
шығармаңыз.
Қуат розеткасына қатты күш
салмаңыз. Қуат розеткасының қуат
кӛзіне толық қосылғанын тексеріңіз.
Бос тағылған қуат розеткасы күюге
немесе ӛртке себеп болуы мүмкін.
Теледидар айналмалы етіп
орнатылғанда, электр шнурының
тартылып тұрмағанына кӛз жеткізіңіз.
Тоқ сымындағы дәнектер байланысты
нашарлатуы және күюіне себеп болуы
мүмкін.
Телдидарды ток кӛзінен ажырату
үшін теледидардың электр шнуры
ажыратылуы керек. Электр шнурын
ажыратқанда, шрундан емес, әрдайым
ашасынан тартып суырыңыз. Барлық
уақытта электр ашасына, электр
шнурына және ток кӛзіне оңай қол
жеткізе алатыныңызға кӛз жеткізіңіз.
Теледидарды зақымдау қаупі бар!
Салмағы 25 кг-нан немесе 55 фунттан
асатын теледидарды екі адам кӛтеріп
тасымалдауы тиіс.
Теледидарды тіреуіне орнатқан
кезде тек жинақтағы тіреуді
пайдаланыңыз. Теледидарға тіреуді
қауіпсіз етіп орнатыңыз. Теледидар
мен тіреудің салмағын біркелкі ұстап
тұра алатын тегіс, жазық жерге
теледидарды орналастырыңыз.
Теледидарды қабырғаға орнатқан
кезде теледидардың салмағын ұстап
тұра алатын қабырға тіреуін ғана
пайдаланыңыз. Қабырға тіреуін
теледидар мен қабырға тіреуінің
салмағын біркелкі ұстап тұра алатын
қабырғаға орнатыңыз. TP Vision
Netherlands B.V. қабырғаға дұрыс
орнатылмау салдарынан апатқа,
адамның жарақаттануына немесе
зақымдануға жауапкершілік артпайды.