User manual

EasyLink HDMI CEC
Егер құрылғыларыңыз HDMI көмегімен қосылса және
оларды EasyLink болса, оларды теледидардың қашықтан
басқару құралымен басқаруға болады. EasyLink HDMI CEC
теледидарда және қосылған құрылғыда қосылуы керек.
EasyLink арқылы теледидардың қашықтан басқару
құралымен қосылған құрылғыны пайдалануға болады.
EasyLink қосылған құрылғылармен байланысу үшін HDMI
CEC (тұтынушылық электрониканы басқару) мүмкіндігін
пайдаланады. Құрылғылар HDMI CEC сигналын қолдауы
және HDMI қосылымы арқылы жалғануы тиіс.
EasyLink параметрлерін орнату
EasyLink мүмкіндігі теледидарда қосылып келеді. Қосылған
EasyLink құрылғыларында барлық HDMI CEC параметрлері
дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. EasyLink басқа маркалы
құрылғылармен жұмыс істемеуі мүмкін.
Басқа маркалардағы HDMI-CEC
HDMI-CEC функциясының аты әр компанияларда әртүрлі
болады. Кейбір мысалдар: Anynet, Aquos Link, Bravia
Theatre Sync, Kuro Link, Simplink және Viera Link. Бұл
маркалардың барлығы EasyLink мүмкіндігімен үйлесімді
бола бермейді.
Мысалы, HDMI CEC марка атаулары тиісті иелерінің
жекеменшігі болып табылады.
Құрылғыларды басқару
HDMI ұяшығына қосылған құрылғыны пайдалану және
EasyLink арқылы реттеу үшін теледидар қосылымдарының
тізімінен құрылғыны немесе оның әрекетін таңдаңыз.
SOURCES түймесін басып, HDMI қосылымына қосылған
құрылғыны таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
Құрылғыны таңдағаннан кейін теледидардың қашықтан
басқару құралы құрылғыны басқара алады. Дегенмен,
HOME және
OPTIONS пернелері және кейбір басқа
теледидар пернелері құрылғыға өтпейді.
Егер қажет перне теледидардың қашықтан басқару
құралында болмаса, Options (Параметрлер) мәзірінде
пернені таңдаңыз.
OPTIONS тармағын таңдап, мәзір жолағында Басқару
элементтері тармағын таңдаңыз. Экранда қажет құрылғы
пернесін таңдап, OK түймесін басыңыз.
Кейбір өте айрықша құрылғы пернелері «Басқару
элементтері» мәзірінде болмауы мүмкін.
Тек EasyLink қашықтан басқару пульті функциясын
қолдайтын құрылғылар теледидардың қашықтан басқару
құралына жауап береді.
EasyLink қосулы немесе өшірулі
EasyLink параметрін қосуға немесе өшіруге болады.
Теледидарда EasyLink параметрлері қосулы келеді.
EasyLink параметрін толығымен өшіру үшін…
1 -
түймесін басып, All Settings (Барлық параметрлер)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - General Settings (Жалпы параметрлер) тармағын
таңдап, мәзірге кіру үшін
(оң жақ) түймесін басыңыз.
3 - EasyLink параметрін таңдап,
(оң жақ) түймесін басып,
бір қадам әрі EasyLink тармағын таңдаңыз.
4 - Өшіру опциясын таңдаңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
(сол жақ) түймесін
қайталап басыңыз.
EasyLink қашықтан басқару құралы
Құрылғыларды байланыстырғаннан кейін, оларды
теледидардың басқару құралымен пайдаланғыңыз
келмесе, EasyLink қашықтан басқару құралын бөлек
ажыратуға болады.
EasyLink қашықтан басқару құралын қосу немесе өшіру
үшін…
1 -
түймесін басып, All Settings (Барлық параметрлер)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - General Settings (Жалпы параметрлер) тармағын
таңдап, мәзірге кіру үшін
(оң жақ) түймесін басыңыз.
3 - EasyLink > Easylink Remote Control (Easylink қашықтан
басқару құралы) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - On (Қосулы) немесе Off (Өшірулі) күйін таңдап, OK
пернесін басыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
(сол жақ) түймесін
қайталап басыңыз.
DVI - HDMI
Егер сізде DVI қосылымы ғана бар құрылғы әлі де болса,
құрылғыны HDMI ұясының кез келгеніне DVI - HDMI
адаптері арқылы жалғаңыз.
Құрылғыда DVI ұяшығы ғана болса, DVI-HDMI адаптерін
пайдаланыңыз. HDMI ұяшықтарының біреуін пайдаланып,
дыбыс үшін теледидардың артқы жағында Audio L/R
кабелін (3,5 мм шағын қосқыш) Audio In ұяшығына
жалғаңыз.
14