User manual

1.6
Теледидарды және
жазбаларды уақытша тоқтату
USB қатты дискісін қоссаңыз, сандық теледидар
арнасынан таратылымды кідіртуге және жазуға болады.
Теледидарды уақытша тоқтатып, шұғыл қоңырауға жауап
беріңіз немесе спорттық матч кезінде үзіліс жасаңыз, бұл
кезде теледидар таратылымды USB қатты дискісіне
сақтайды. Кейінірек қайта көруге болады.
USB қатты дискісі қосылып тұрғанда, сандық
таратылымдарды да жазуға болады. Бағдарламаны көріп
отырғанда жазуға немесе алдағы бағдарламаны жазуды
жоспарлауға болады.
Help (Анықтама) туралы қосымша ақпарат алу
үшін
Кілтсөздер түрлі түсті пернесін басып,
Теледидарды кідірту немесе Жазу деп іздеңіз.
1.7
Смартфондар және планшеттер
Жаңа Philips теледидарды қашықтан басқару
қолданбасы — сіздің жаңа теледидар досыңыз.
Смартфондағы немесе планшеттегі теледидарды
қашықтан басқару бағдарламасы арқылы айналаңыздағы
медианың шеберіне айналасыз. Үлкен теледидар
экранына фотосуреттер, музыка немесе бейнелер
жіберіңіз, не болмаса теледидар арналарының кез
келгенін планшеттен немесе телефоннан көріңіз.
Теледидар нұсқаулығын ашып, ертеңге жазуды
жоспарлаңыз. Үйдегі теледидар жұмысты орындайды.
Теледидарды қашықтан басқару бағдарламасымен
басқару сіздің қолыңызда болады. Теледидар дыбысын
азайту керек болуы мүмкін.
Таңдаулы қолданбалар дүкенінен бүгін Philips
теледидарды қашықтан басқару қолданбасын сатып
алыңыз.
Ол тегін.
Philips теледидарды қашықтан басқару қолданбасы iOS
және Android үшін қолжетімді.
1.8
Әлеуметтік желілер
Компьютерде достардың хабарларын тексеру үшін
тұрудың қажеті жоқ.
Бұл теледидар экранында әлеуметтік желіден хабарлар
аласыз. Жауап хабарды төсегіңізде жатып жібере аласыз.
Анықтама туралы қосымша ақпарат алу үшін Help
(Анықтама) мәзірінде
Кілтсөздер пернесін басып,
Қолданбалар деп іздеңіз.
1.9
Bluetooth байланысы
Теледидардың ішінде Bluetooth технологиясы бар.
Қосымша сымсыз динамиктер немесе сымсыз құлақаспап
қосуға болады. Кабельді қосуды ұмытыңыз, құрылғыны
теледидармен жұптастыру жеткілікті.
Help (Анықтама) туралы қосымша ақпарат алу
үшін
Кілтсөздер түрлі түсті пернесін басып,
Bluetooth немесе Сымсыз динамиктер деп іздеңіз.
5