User manual

• USB жад құрылғысы жад құрылғысының құжаттамасында
сипатталғандай сыйымды жад дәрежесімен үйлесімді деп
орнатылғанын тексеріңіз.
• USB жад құрылғысы теледидармен үйлесімді екенін
тексеріңіз.
• Теледидар аудио және сурет файлы пішімдерін
қолдайтынын тексеріңіз.
USB файлдарын үзік-үзік ойнату
• USB жад құрылғысының тасымалдау өнімділігі
теледидарға деректерді тасымалдау жылдамдығын
шектеп, нашар ойнатуды тудыруы мүмкін.
Wi-Fi, интернет және Bluetooth
Wi-Fi желісі табылмады немесе бұрмаланған
• Жақын жердегі қысқа толқынды пештер, DECT
телефондары немесе басқа Wi-Fi 802.11b/g/n
құрылғылары сымсыз желіні бұзуы мүмкін.
• Желідегі қорғаныс жүйесі теледидардың сымсыз
қосылымына кіру мүмкіндігін беретінін тексеріңіз.
• Егер үйіңізде сымсыз желі дұрыс жұмыс істемесе, сымды
желіні орнатып көріңіз.
Интернет жұмыс істемейді
• Маршрутизатормен байланыс дұрыс болса,
маршрутизатордың Интернетпен қосылымын тексеріңіз.
Компьютер және Интернет байланысы баяу
• Үй ішіндегі ауқым, беру жылдамдығы және сигнал
сапасының басқа факторлары туралы ақпаратты сымсыз
маршрутизатордың пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
• Маршрутизатор үшін жылдамдығы жоғары Интернет
қосылымы қажет.
DHCP
• Байланыс сәтсіз болса, маршрутизатордың DHCP
(Динамикалық хост конфигурация протоколы) параметрін
тексеруге болады. DHCP параметрі қосулы болуы қажет.
Bluetooth жоғалған байланысы
• Сымсыз динамикті теледидардан 5 метр ауқымында
орналастырыңыз.
• Сымсыз желідегі әрекеттің жоғары мөлшері бар орындар
— сымсыз маршрутизаторлар көп бөлмелер — сымсыз
қосылымға кедергі келтіруі мүмкін. Маршрутизаторда
және сымсыз динамикті теледидарға мүмкіндігінше жақын
ұстаңыз.
Bluetooth аудио және бейне синхрондау
• Сымсыз Bluetooth динамигін сатып алардан бұрын,
аудиодан бейнеге синхрондау сапасын хабарлаңыз, ол
«шеткі синхрондау» деп аталады. Барлық Bluetooth
құрылғылары дұрыс орындалмайды. Дилерден кеңес
алыңыз.
Қате мәзір тілі
Қате мәзір тілі
Тілді қайта өз тіліңізге өзгертіңіз.
1 -
түймесін басыңыз (OK пернесі үстіндегі дөңгелек
перне).
2 -
белгішесін (Параметрлер) таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3 -
(төмен) түймесін 5 рет басыңыз.
4 -
(оң жақ) түймесін 3 рет басып, тілді таңдап, OK
түймесін басыңыз.
5 - Мәзірді жабу үшін
BACK түймесін басыңыз.
27.4
Онлайндық анықтама
Philips теледидарына қатысты кез келген мәселені шешу
үшін, желідегі қолдау қызметін пайдалануға болады. Тілді
таңдап, өнімнің үлгі нөмірін енгізуге болады.
www.philips.com/support сайтына өтіңіз.
Қолдау қызметінің сайтында еліңіздің бізге хабарласуға
арналған телефон нөмірін, сондай-ақ, жиі қойылатын
сұрақтарға жауаптар табуға болады. Кейбір елдерде
қызметкерлеріміздің біреуімен сөйлесіп, сұрағыңызды
тікелей қоюыңызға немесе электрондық пошта арқылы
жіберуіңізге болады.
Теледидардың жаңа бағдарламалық құралын немесе
компьютерде оқу үшін нұсқаулықты жүктеп алуға болады.
27.5
Қолдау көрсету және жөндеу
Қолдау алу және жөндеу үшін еліңіздегі тұтынушыларды
қолдау орталығының жедел желісіне қоңырау шалуға
болады. Біздің қызмет көрсетуші инженерлеріміз қажет
кезінде жөндеп береді.
Телефон нөмірін теледидармен бірге берілетін басылған
құжаттамадан табуға болады.
Не болмаса, www.philips.com/support веб-сайтымызға
кіріп, қажетті елді таңдаңыз.
 Қ
олдау көрсету қолданбасы
Сонымен қатар, негізгі мәзірдің «Қолданбалар» қатарында
Қолдау көрсету қолданбасын іздеуге болады.
Бізге хабарласу үшін осы қолданбаны ашып, телефон
нөмірін табыңыз.
Теледидардың үлгі мен сериялық нөмірі
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы
мүмкін. Бұл нөмірлерді ораманың немесе теледидардың
артқы яки төменгі жағындағы жапсырмасында табуға
болады.
Ескерту
94