operation manual

Дыбыс-бейне синхрондауы
Егер дыбыс экрандағы бейнеге сәйкес болмаса, диск
ойнатқышы бар үй кинотеатры жүйелерінің көпшілігінде
кідірісті дыбыс бейнеге сай болатындай орнатуға болады.
Help (Анықтама) туралы қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер) түрлі түсті пернесін басып, Audio to
video sync (Дыбыс пен бейнені синхрондау) деп іздеңіз.
HDMI арқылы қосылу
Үй кинотеатрының жүйесін (HTS) теледидарға қосу үшін
HDMI кабелін пайдаланыңыз. Philips Дыбыс жолағын
немесе HTS жүйесін ішіне орнатылған диск ойнатқышымен
қосуға болады.
Егер үй кинотеатрының жүйесінде HDMI ARC ұяшығы
болмаса, теледидардағы сурет дыбысын үй
кинотеатрының жүйесіне жіберу үшін оптикалық дыбыс
кабелін (Toslink) қосыңыз.
5362 сериясы үшін
Дыбыс-бейне синхрондауы
Егер дыбыс экрандағы бейнеге сәйкес болмаса, диск
ойнатқышы бар үй кинотеатры жүйелерінің көпшілігінде
кідірісті дыбыс бейнеге сай болатындай орнатуға болады.
Help (Анықтама) туралы қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер) түрлі түсті пернесін басып, Audio to
video sync (Дыбыс пен бейнені синхрондау) деп іздеңіз.
Дыбыс шығысының параметрлері
Дыбыс шығысын кідірту
Үй кинотеатры жүйесі (HTS) теледидарға қосылып тұрғанда
теледидардағы сурет және HTS жүйесіндегі дыбыс
синхрондалуы керек.
Дыбысты автоматты түрде бейнеге синхрондау
Соңғы Philips үй кинотеатрының жүйелерінде дыбыс пен
бейне автоматты түрде синхрондалады әрі әрдайым дұрыс
болады.
Дыбыс синхрондалуының кешігуі
Кейбір үй кинотеатрының жүйелерінде дыбыс пен бейнені
синхрондау үшін, дыбыс синхрондалуының кешігуін реттеу
қажет болуы мүмкін. Үй кинотеатрының жүйесінде сурет
пен дыбыс арасында сәйкестік болғанша, кідірту уақытын
арттырыңыз. 180 мс кідірту уақыты қажет болуы мүмкін. Үй
кинотеатры жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
Үй кинотеатрының жүйесінде кідірту уақытын орнатқанда
теледидардың Audio Out Delay (Дыбыс шығысын кідірту)
мүмкіндігін ажырату қажет.
Дыбыс шығысын кідірту мүмкіндігін өшіру үшін…
1 -
түймесін басып, Sound (Дыбыс) опциясын таңдаңыз
да, мәзірге кіру үшін
(оңға) түймесін басыңыз.
2 - Advanced (Қосымша функциялар) > Audio out delay
(Дыбыс шығысын кідірту) тармақтарын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
3 - Өшіру опциясын таңдаңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
(солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Дыбыс шығысының ауытқуы
Үй кинотеатрының жүйесінде кідіртуді орната алмаған
болсаңыз, теледидарды дыбысты синхрондайтын етіп
орнатуға болады. Теледидар суретінің дыбысын өңдеу
үшін үй кинотеатрының жүйесіне қажет уақытты
қамтамасыз ететін бітеуді орнатуға болады. 5 мс-тық
қадамдармен мәнді орнатуға болады. Ең жоғары орнату
уақыты - 60 мс.
Audio out delay (Дыбыс шығысын кідірту) параметрі
қосулы болуы тиіс.
Теледидар дыбысын синхрондау үшін…
1 -
түймесін басып, Sound (Дыбыс) опциясын таңдаңыз
да, мәзірге кіру үшін
(оңға) түймесін басыңыз.
2 - Advanced (Қосымша функциялар) > Audio out offset
(Дыбыс шығысының ауытқуы) тармақтарын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
3 - Дыбыс ауытқуын орнату үшін жүгірткіні пайдаланып, OK
түймесін басыңыз.
18